Тәжірибе сабағының жоспары: Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған,
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап
беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы
жүргізілуі тиіс.
Мақсаты: бәсеке теориясын, соның ішінде жетілген және
жетілмеген бәсеке жағдайында шешім қабылдаудың негізгі үлгілерін
кеңінен қарастыру. Ол үшін тәжірибе сабағында тақырып бойынша
мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
6.1. Нарықтық құрылымдар және олардың сипатты белгілері;
6.2. Жетілген бәсеке және оның орындалу шарттары;
6.3. Жетілмеген бәсекенің формалары: монополия, монополистік
бәсеке, олигополия, т.б.;
6.4. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында баға мен өн діріс
көлемін таңдау;
6.5. Монополияға қарсы саясат.