Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет274/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

трансакциондық шығындар теориясы
аса маңызды 
сұрақтардың бірі болып табылады. Трансакциондық шығындарды 
көбінесе айналым шығындарымен байланыстырады. К. Эрроудың 
ойынша, экономикадағы трансакциондық шығындардың орын алу 
заңдылығы физикадағы үйкеліс заңымен ұқсас дейді, олай болса, 
экономиканы бұл шығындарсыз елестету қиын. Қазіргі уақытта
фирманың нарықтағы негізгі қызметі болып осы трансакциондық 
шығындарды үнемдеу табылады. Яғни солар арқылы фирманың 
мүшелері қандай да бір ақпарат алуға жұмсайтын шығындарын 
төмендете алады. Дуглас Норт трансакциондық шығындардың негізгі 
түрлерін бөліп көрсетті:
1. Нарық туралы ақпарат іздеумен және сол нарықтағы тауарлар 
мен қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты 
шығындар;
2. Келісім-шарттар жасаумен және келіссөздер жүргізумен 
байланысты шығындар;
3. Тауардың сапасын анықтауға, стандарттар жүйесін жасауға, 
фирманың маркалық белгісін қорғауға жұмсалатын шығындар;


153
4. Заң жүйесінің көмегімен меншік құқығын және оның тәртібін 
қорғауға жұмсалған шығындар;
5. Нарықта ойланбай жасалған (оппортунистік мінез-құлық) 
әрекеттерден болған шығындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет