Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет276/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Баламалы шығындар
немесе таңдау шығындары – бұл 
ресурстарды пайдаланудың ең жақсы мүмкіндіктерін жіберіп алумен 
байланысты шығындар. Мысал ретінде түсіндіретін болсақ, фирма 
ресурстарды сырттан еркін түрде сатып алуы мүмкін («айқын» 
ақшалай шығындар), ал ресурстардың басқа бір бөлігі фирманың 
меншігі ретінде өз ішінен шығуы мүмкін («айқын емес» шығындар). 


154
Сонда баламалы шығындар «айқын» (ақшалай) және «айқын емес» 
шығындардың сомасына тең болады.
Фирма өнідіріс көлемі мен ұсынысты анықтау үшін ең алдымен осы 
баламалы шығындарға назар аударады, себебі, оларды алдағы уақытта 
нарықта тауарлар ұсынысын шектейтін фактор ретінде қарастырады. 
Әрбір фирма баламалы шығындарын әрдайым төмендетуге тырысады, 
өйткені олардың өсуі пайдасын төмендетуге алып келеді.
Сонымен қатар, экономикалық шығындардың құрамына қалыпты 
пайда да кіреді. 
Қалыпты пайда
кәсіпкерлік қабілет факторынан 
түсетін және іскерлік белсенділікті жүзеге асырудан келетін ең 
минималды қамтамасыз етілген таза табыстың түрін білдіреді. Олай 
болса, бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан айқын 
емес шығындар мен қалыпты пайда шамасына кіші болып келеді.
Өндіріс шығындарын анықтаудағы экономикалық көзқарас 
шығындардың құрамын белгілеуге және шығын элементтерінің 
шығарылым көлемін арттыруға әртүрлі қатысатындығын анықтауға 
мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді өндіріс үдерісінде өндіріс шығындары үшке 
бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет