Шымкент 2022 ж Жоспар 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім 2.1 Халықаралық ынтымақтастықты арттыру 2.2 Бағыттарды оңтайландыру басымдығымен жаңа темір жолдар салу 2.3 Қазақстанның әуежайлары «Нұрлы жол» аясында жөнделуі 2.4 Бағдарламаның екінші бесжылдығының мақсаттары мен міндеттері 3. Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиет
1.Кіріспе Қазақстан «Нұрлы жол» нфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының келесі бесжылдығын іске асыруға кірісті. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуының бірінші бесжылдығының аяқталу қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық күйдегі республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі 88%-ға дейін, ал жергілікті жолдардың үлесі 71%-ға дейін жеткізілді. Еліміздің жол инфрақұрылымы қалай өзгергені және бағдарламаны іске асырудан қандай тиімділік болатыны туралы шолу материалынан оқыңыздар. Еске түсірсек, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын 2015 жылы сәуір айында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекітті. Бағдарлама мақсаты тиімді инфрақұрылым құру арқылы еліміздің макроөңірлерін кіріктіру болды.
Соның нәтижесінде «Нұрлы жол» бағдарламасы ұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналды. Сонымен қоса, заманауи әрі сапалы автомагистралдардың пайда болуына орай жаңа жұмыс орындары құрылды, транзиттік жүк тасымалы артты, әлеуметтік инфрақұрылым жақсартылды. Мемлекеттік бағдарлама іске асырылған бес жыл ішінде оның еліміздің ЖІӨ-нің өсуіне едәуір ықпал етінін анықталды. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтерінше, Мемлекеттік бағдарлама іске асырылған уақытта экономикан өсімі 16% деңгейінде қамтамасыз етілді.