Реферат Тақырыбы :" Н.Ә. Назарбаевтың "Нұрлы жол-Қазақстандық даму жолы" бағдарламасының тарихи маңызы "


Қазақстанның әуежайлары «Нұрлы жол» аясында жөнделді



бет4/7
Дата19.05.2022
өлшемі93,35 Kb.
#143948
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Қазақстанның әуежайлары «Нұрлы жол» аясында жөнделді
2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі — әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту. Қазақстан әуежайларында жерүсті инфрақұрылымы объектілерін жаңғырту жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр және бұл өз кезегінде қазіргі заманауи әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдауға мүмкіндік береді. Ұшу-қону жолақтарының жай-күйі және аэровокзалдың басқа да нысандары жыл сайын Қазақстан Республикасының жарамдылық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан сертификаттаудан және тексеруден өтеді. Қажеттілігіне қарай реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге арналған техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттама және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған басқа да құжаттар әзірленеді.2015 жылы Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Меншік иесінің қаражаты есебінен «СКАТ» әуе компаниясы Тараз қаласы әуежайының аэровокзалын реконструкциялады. Нысан 2015 жылғы қараша айында пайдалануға берілді және Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге орайластырылды.
2016 жылы Петропавл қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, перронды, жермен жүру жолын және аэровокзал кешенін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. 
2017 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан қ.) әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталды. «Экспо-2017» мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде аэровокзал толық көлемде жұмыс істеді.
Жаңа жолаушылар терминалының жалпы ауданы — 47 мың м², өткізу қабілеті — жылына 8,2 млн жолаушы немесе сағатына — 2525 жолаушы.
2017 жылы Алматы қаласы әуежайының меншік иесінің қаражаты есебінен ИКАО ІІІ В санатына дейін көтерумен ұшу-қону жолақтарының бірін реконструкциялау жұмыстары аяқталды.2017 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Өскемен қаласының халықаралық әуежайының сағатына 200 жолаушымен ұшып келу терминалы» құрылысының жобасын жүзеге асырды. Құрылыс жобасын іске асыру «Ертіс» ӘКК»ҰК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту арқылы жүргізілді.
Сондай-ақ, 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Семей қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, жермен жүру жолын және аэровокзалын қайта жаңарту» жобасын іске асырды.
2019 жылы Қостанай қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет