Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта қандай инженерлік инфрақұрылым жаңартылды Бағдарлама бөлімдерінің бірі — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту (реконструкциялау және салу), олар бюджеттік несиелеу және субсидиялау тетігі арқылы қаржыландырылады. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2020 жылға дейін тозуды 67%-дан 57%-ға дейін төмендету жоспарланған. Бұдан өзге, тұтынушыларға ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту көзделген.
2015-2019 жылдар аралығында 418 жобаны жүзеге асыру үшін 267,1 млрд теңге бөлінді, 3 482,6 шақырым жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілері, 24 қазандық, 88 басқа да нысандар салынып, реконструкцияланды.
ҚР ИИДМ 2019 жылдың соңына қарай желілердің тозуы 57%-ға дейін төмендегенін атап өтті. Құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.
«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру жылдары 500 мыңнан астам жұмыс орны ашылды 2015-2019 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жоспардағы 392,9 мыңның орнына 559,3 мың жұмыс орны құрылды, олардың ішінде тұрақтысы — 93,9 мың және уақытшасы — 465,4 мың жұмыс орны.
Құрық портында паром кешенін салу іске асыру кезеңінде шамамен 3000 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді және қазіргі уақытта тұрақты негізде 200-ге жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Алматы ‒ Шу учаскесіндегі екінші жолдың құрылысы шамамен 1400 адамды уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.
«Нұрлы жол» вокзал кешенінің құрылысы кезінде 2400-ге жуық адам жұмылдырылды, бүгінгі таңда кешенде шамамен 800 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.
«Нұрлы жол» бағдарламасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті кеңейтуді көздейді «Нұрлы жол» бағдарламасы автожолдар құрылысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті кеңейтуді көздейді. Жол құрылысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін дамыту және кеңейту «Нұрлы жол» бағдарламасын инфрақұрылымдық дамытудың көзделген мақсаттарына қол жеткізуге үлкен әсер береді. МЖӘ инфрақұрылымдық жобаларды тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін бірқатар артықшылықтарға ие болғандықтан, оларға жобаларды іске асыруға инвестициялар тарту жолымен бюджетке түсетін жүктемені азайту, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл үлгілерін кеңейту және тәуекелдерді тиімді бөлу жатады.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде МЖӘ тетігін қолдана отырып, 2017 жылы Қазақстан ‒ Қытай шекарасында «Нұр жолы» автомобиль өткізу бекетін салу және пайдалану» туралы республикалық маңызы бар МЖӘ-нің алғашқы келісімшарты жасалды. Нысан 2018 жылы салынып, жұмыс істей бастады.
Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша тіркеу басталғаннан бастап өткізу пунктінен шығарылғанға дейін орталықтың аумағы бойынша автокөліктің өту уақыты 180 минуттан 40 минутқа дейін қысқартылды.
Қазіргі уақытта өткізу пунктінде Қазақстан-Қытай шекарасында күніне 200-ден астам автокөлік құралымен жүк тасымалы қамтамасыз етіледі, алдағы жылдары оны тәулігіне 2500 автокөлікке дейін арттыру көзделген. Бұл жыл сайын импорт пен экспорттан 50 млрд теңгеден астам сомаға кіріс табуға жол ашады, өз кезегінде бұл жобаның өзін-өзі ақтауын қамтамасыз етеді.
Бұған қоса, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015 жылы 20 жыл ішінде ұзындығы 66 шақырым болаты «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ)» салу және пайдалануға беруге концессионерді анықтау бойынша екі кезеңнен тұратын конкурс өткізілді. Өткізілген конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпазы анықталды және 2018 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен конкурстың жеңімпазы — «Алсим Аларко – Макйол ‒ СК ‒ Корея Экспрессвей» түрік-корей консорциумы арасында республикалық маңызы бар бірінші концессиялық шарт жасалды.
2019 жылы жобаны қаржыландыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Осы жылдың басында Қазақстан Республикасының Үкіметі, Концессионер және жобаның кредиторлары арасында Тікелей келісімге қол қойылды. Биылдан бастап жобаны іске асыруға кемінде 150 млрд теңге сомасындағы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны қамтамасыз етілетін болады, бұл 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған құрылысты қамтамасыз етеді.
Өз кезегінде, жүргізілген талдауларға сәйкес 15,5 жыл ішінде жол ақысынан түскен қаражаттың жалпы сомасы 231 млрд теңгені, 25,5 жыл ішінде 570 млрд теңгені құрайды, осылайша жоба өзін-өзі ақтайды.
Осылайша, «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы республикалық бюджетке ауыртпалық түсірместен, ірі инвестициялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде өзін-өзі ақтаудың тиімділігіне қол жеткізуде тәжірибе жинай отырып, МЖӘ тетіктерін кеңейту мен дамытуға оң әсер етті.