Реферат Тақырыбы :" Н.Ә. Назарбаевтың "Нұрлы жол-Қазақстандық даму жолы" бағдарламасының тарихи маңызы "



бет2/7
Дата19.05.2022
өлшемі93,35 Kb.
#143948
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
2.Негізгі бөлім
Халықаралық ынтымақтастықты арттыру
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында теңіз көлігі саласында 2015-2019 жылдары Ақтау портында қуаттылығы 3 млн тонна болатын үш жаңа құрғақ жүк терминалы салынды. Жобаны іске асыру Ақтау теңіз порты арқылы жүктердің тасымалдану көлемін жылына 20,7 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді, бұл қуаттылығы жылына 1,5 млн тонна болатын астық терминалын, сондай-ақ қуаттылығы жылына 1,5 млн тонна болатын жиынтық жүктер мен контейнерлерге арналған екі терминалдың салынуы есебінен мүмкін болды.
Мемлекеттік бағдарлама аясында мультимодальді тасымалдарды дамыту аясында Құрық портында қуаттылығы 6 млн тонна болатын көпфункционалды паром кешені салынды. Нәтижесінде Қазақстанның теңіз порттарының өткізу қабілеті 27 млн тоннаға дейін артты. 
2014 жылмен салыстырғанда бүгінде Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы құрғақ және паром жүктерін тасымалдау көлемі 3 есеге артты. 
Операцияларды жүргізе бастағанна бері Құрық порты 4,8 млн тонна паром жүгін өткізуді қамтамасыз етті. Паром жүктерін өңдеу процесін жеделдету мақсатында портта «бір терезе» қағидаты бойынша бақылаушы органдардың (кедендік және шекаралық бақылау органдары, СЭС) жұмысы ұйымдастырылды, бұл паром кемелерін 2-2,5 сағатта өңдеуден өткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар теңіз тасымалы аясында Құрық ‒ Баку порттары арасында кемелер мен жүктер туралы электронды ақпаратты алдын ала алмасу жүзеге асырылады. 2019 жылы Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 6 млн тоннаға жуық жүк өткізілді, оның ішінде: 2,2 млн тонна мұнай, 2,5 млн тонна құрғақ жүк пен 1,4 млн тонна паром жүгі бар. 
Биыл І тоқсанда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 1,6 млн тоннадан астам жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға аз. 
Сонымен қатар жыл басынан бері теңіз порттары арқылы 6 400-ге жуық контейнер тасымалданды, оның ішінде 50%-дан астамы Ақтау-Баку фидерлік желісі бойынша, одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалданды. 
Каспий теңізінде жалпы жүк айналымы көлемінің үлесі 21%-дан 38%-ға дейін ұлғайды. 
Теңіз көлігін одан әрі дамыту мақсатында отандық сауда флоты жүк көтергіштігі 5 және 7 тоннадан болатын 4 құрғақ жүк таситын кемемен толықтырылды. Бұл жалпы теңіз көлігіндегі тасымалдың артуына оң әсерін тигізеді. Бұл ретте, қазіргі кезде Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша сервис дамытылып, жұмыс технологиясы жетілдіріліп жатыр. Мәселен, биыл сәуір айында Ақтау порты арқылы бағыттарда пайдаланылатын фитинг платформаларының тиімділігін арттырып, айналымыны қысқарту үшін Ақтау – Баку – Ақтау бағыты бойынша фидерлік кемелердің контейнерлік тасымалдары басталды. 
ҚР ИИДМ атап өткендей, жоғарыда аталған шаралар бұған дейін дамытылған порт инфрақұрылымымен Каспий — еліміздің Батыс қақпасы теңіз порты инфрақұрылымының халықаралық көлік дәліздері желісіне интеграциясын күшейтуге мүмкіндік берді. 
«Нұрлы жол» бағдарламасы іске асырыла бастаған кезден бері ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалының көлемі 86%-ға немесе 750 мың тоннадан 1,4 млн тоннаға дейін өсті. Атап айтқанда, Шүлбі шлюзінің қорғаныш құрылғысын салу және мемлекеттік техникалық флотты жаңарту нәтижесінде Ертіс өзені брйынша өтпелі кеме қатынасы қалпына келтіріліп, кеме қатынасының су жолдарының сапасы жақсартылды. 
«Нұрлы жол» жаңа бағдарламасы аясында шлюздерді күрделі жөндеу және техфлотты жаңарту жалғасын табуда. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында маңызды жобалар — «Қорғас» ХШЫО және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА іске асырылды, олар Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін, жалпы экономикасын дамытуға қомақты үлес қоса алады. 


Ақылы жолдар – қауіпсіз әрі ыңғайлы жол жүруді қамтамасыз ету тәсілі
Жолдардың өзін-өзі қамтамасыз ету режміне көшуі мақсатында автомобиль жолдарында ақы алу жүйесі алғаш рет енгізіліп, ол өзінің тиімділігін көрсетті. Мәселен, бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт учаске (Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы – Қорғас, Алматы – Қапшағай) бар, бұл жолдарды күтіп ұстау жолда жүргені үшін алым жинау есебінен жүзеге асырылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша алымдар 5,4 млрд теңгені құрады. Төлем жүйесін одан әрі енгізу мақсатында 2019 жылдың желтоқсан айында инвестициялық конкрус қорытындысы бойынша 11 мың шақырымға төлем алу жүйесін құруға және қызмет көрсетуге келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт аясында биыл ұзындығы 5,7 мың шақырым болатын реконструкцияланған учаскелерде төлем алу жүйесін монтаждау жоспарланған. Жыл соңынан тестілік пайдалану үшін іске қосу көзделген. Қалған 5,3 мың шақырымда 2024 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына орай ақылы жүйені енгізу жоспарланған.
Ақылы учаскелерді енгізудің негізгі мақсаты — республикалық бюджеттің жүктемесін азайту. Ақылы учаскелерден жиналған қаражат осы учаскелерді және төлем алу жүйесін республикалық бюджеттен қаражат бөлмей күтіп ұстауға бағытталады. Сонымен қатар, жобаны іске асыру мақсаты автомобиль жолдарының күтіп ұстау сапасы мен сақталуын арттыру, жол апатын азайту, сондай-ақ интеллектуалды көлік жүйесін жамыту болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет