Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет69/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Экологиялық фактор
бұл жерде экономикалық өсудің импульсі 
ретінде қоршаған ортаның ластануымен байланысты өндіріс 
мүмкіндігінің шектеулілігін түсіндіреді. 
Уақыт факторы
да өндірісте 
қолданылатын және оның тиімді жұмсалуын көрсететін шектеулі 
ерекше ресурс ретінде көрінеді.
2.3. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі. 
Үнемділік
Уақыттың әрбір нақты кезеңінде экономикалық ресурстардың 
шектеулілігі мәселесі орын алады. 
Ресурстардың шектеулілігі
– 
барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру 
мүмкін еместігінің көрсеткіші. Ресурстардың шектеулілігі қоғам 
алдында экономикалық таңдау мәселесін туындатады. Ол әр өндіріс тің 
ресурстың шегінің болуымен және экономикалық мақсаттардың көп 
болуымен түсіндіріледі. Сондықтан ресурстар шектеулі болғандық тан 
оларды тиімді пайдалану қажет.
Экономикалық таңдау
– берілген шығындар деңгейінде қоғам-
ның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының 
орындалуы кезінде бірдей балама нұсқалардың ішінен ең жақсысын 
таңдап алу. Кез келген қоғамның алдында әрдайым шектеулі 
ресурстардың ахуалы мен бағытын анықтау мәселесі тұрады. Пайда 
болған мәселелерді шешудің ең жақсы нұсқаларын таңдап соны 
жүзеге асыру барысында экономикалық субъект экономикалық 
рационалдылыққа және ұтымды шешім қабылдауға жүгінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет