баламалы шығындар – бұл
жі беріп алған немесе қолданыла алмаған мүмкіндіктер шығындары,
бір өнімді өндіру барысында құрбан болған және таңдауға ие болмаған
балама нұсқалардың сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген
шығындары.
2.4. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні Экономикалық таңдау кезінде баламалы шығындарды есептеу
экономикалық талдаудың маңызды принциптерінің бірі болып
есептелетіндігі бізге белгілі.
Енді баламалы (баламалы) шығындарды график арқылы, яғни
өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл
қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік
ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып,
осы ресурстан дайын өнім өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің
өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі
азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының
баламалы мүмкіндіктері өте көп болады.