Экономикалық рационалдылық немесе
ұтымды шешім қабылдау – бұл ұтымды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын
жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе
ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды
шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Сондықтан экономикалық
теорияда әрбір шаруашылық жүргізуші субъект аса жоғары нәтижеге
жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды,
фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын
көтеруді мақсат етеді.
Экономикалық таңдау мәселесі үнемдеу мәселесімен тығыз
байланысты болып келеді.