Фотосуреттертоптамасы 32 • Ортақ бір тақырыпқа бірік-
тірілген фотосуреттер қа-
лай аталатынын білесің бе?
•
1-суретте берілген сурет-
тер топтамасына қандай
тақырып берер едің? Топ-
тамадағы суреттерде не
бейнеленгені туралы әң-
гімеле.
• Компьютерде бірнеше су-
ретті біртұтас суретке қа-
лай біріктіруге болады?
Фотосуреттерді біріктіру арқылы фотоколлаж жасауды үй-
ренеміз.
Домашняя Фотостудия программасы арқылы фото-
аппарат пен смартфонда түсірілген суреттер қағазға
басып шығарылады. Сонымен бірге бірнеше суретті ор-
тақ бір тақырыпта топтап басуға да болады. Мысалы,
туыстарыңмен немесе достарыңмен туған күнде түскен
суреттеріңнен «Туған күн» суреттер топтамасын жасай
аласың. Мұндай топтамалар программада
Фотоколлаж деп аталады.
Жаңа білім 1-сурет Коллаж (фран.
collage – жапсыру, желімдеу)– бейнелеу
өнеріндегі техникалық әдіс.
Фотоколлаж – бір тақырып
аясындағы суреттерді біріктіріп, суреттер топтамасын
жасау.