Оқулық Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет35/74
Дата10.12.2023
өлшемі9,67 Mb.
#196187
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74
Байланысты:
24194 448605 09

ТА
П
 
БА
СП
АС
Ы
76
сонан алады. Ол құдықты қазған да – геологтер. соны есті-
генде темір:
– Апа, геолог жақсы ма, ботаник жақсы ма? – деп сұраған. 
– Екеуі де жақсы, – деген анасы, – геолог жер астындағы 
кен-байлықты іздеп табады. Ал ботаник жер бетіндегі өсім-
діктерді зерттейді. Өсімдік болмаса, мал да, жан да, жан-
жануарлар да тіршілік ете алмайды. Ботаниктер сол өсім-
діктерді қалай жақсы өсіруге болатынын зерттейді. 
Өсімдіктердің малға қажет екенін темір біледі. тіпті тас-
бақаның да шөпке жайылатынын осы жерде көрді. 
...Биыл да темір бір қызық оқиғаға тап болды. Ерте 
тұрып, анасымен бақылау алаңына бара жатқан. Алдарын-
дағы бұтаның түбінен бір бозторғай ұшып шықты да ұзап 
кетпей, қалықтап тұрып алды. 
– Осы маңда ұясы болуы керек, – деді анасы. 
Бұтаның түбін ашып қарап еді, шынында да, ұя бар 
екен. селеудің үлпілдек шашағынан әдемілеп өріліп жа-
салыпты. Ішінде теңбіл-теңбіл үш жұмыртқа жатыр. Ұясы-
на төнген қауіпті сезген бозторғай шырылдап, ауық-ауық 
шүйлігіп-шүйлігіп кетеді. 
Құмда таңертең күн салқын болады. күн жаңа шығып 
келе жатқан, ауа салқын. соны ойлаған темір:
– Ұяға мақта төсеп, жылылап қойсақ, қайтеді? – деді.


АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
 
БА
СП
АС
Ы
77
– Онда барып, мақта әкел. мен бақылау алаңына бара 
берейін. Өзің келерсің, – деді анасы. 
міне, ғажап! мақта алып келсе, ұя да жоқ, жұмыртқа да 
жоқ. Әлгінде ғана шырылдап, шыж-быжы шығып жүрген 
бозторғай да көрінбейді. 
Оның сырын темір кейін білді. Қауіп төнгенін сезген 
бозторғай ұясын басқа жерге көшіріп әкетіпті. 
темір бұл сапардан табиғат кітабының тағы бір қызық 
бетін оқып қайтқандай болды.
Бекмырза Баймаханов
3. Құстардың ұя салуын табиғат құбылысымен қалай байланыс-
тырар едің?
4. темір үшін не нәрсе жұмбақ болып қалды?
5. «Құс ұясы» мәтінін тыңда. сен қай құстың ұясы туралы 
әңгімелей аласың?
6. темірдің бозторғайдың жұмыртқасын қозғамақ болғаны 
дұрыс/дұрыс емес екенін анықтап, іс-әрекетін бағалаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет