Шетел инвестициясы
Халықаралық қаржы
институттары
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
33
кеңістіктегі интеграциясын анықтайды. Осыған байланысты
1994 жылы 27 желтоқсан айында «Шетелдік инвестициялар
туралы» заң (күші жойылған) қабылданды, бұл заң шетел
инвесторларының құқығын және ҚР-ның аумағында инвести-
циялық қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекітті.
Осы заңға байланысты шетел инвестицияларын тартудың негізгі
мақсаттары келесілер болып табылды:
өндірісті дамыту және экономиканы көтеру үшін инвес-
тицияны ресурстармен қамтамасыз ету;
жаңа техника мен технологияны енгізу және өндіріс
тиімділігін арттыру үшін еңбекті ұйымдастырудың жаңа
формаларын енгізу;
әлемдік шаруашылықтың жаһандануымен байланысты
шаруашылық байланыстарды дамыту.
Сонымен қатар, шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі
қағидалары да анықталған:
1)
экономикалық мақсаттылық қағидасы (сала немесе мем-
лекет үшін өткізудің тиімділігі және табыстылығы);
2)
экономикалық және экологиялық қауіпсіздік қағидасы,
яғни инвестицияны жүзеге асыруда келесі талаптар бұзылмауы
тиіс:
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;
экологияға қауіп туғызуға жол бермеу;
мемлекеттен заңсыз түрде капиталды алып шығуға
тиым салу;
ескі техника мен технологияны енгізуге тиым салу.
1990 жылдарда шетел инвесторлары инвестицияларды капи-
талды көп қажет етпейтін тез өтелетін инвестициялық жобалар-
ға, әсіресе саудаға, қоғамдық тағамға, өңдейтін өнеркәсіп сала-
ларына салған. Сол уақытта капиталды көп қажет ететін сала-
ларға, сонымен бірге ғылыми-техникалық прогрестің дамуын
анықтайтын салаларға инвестициялардың көлемі аз болатын.
Қазақстандағы шетелдік тікелей инвестициялардың маңызды
көлемі отын өнеркәсібіне келді, себебі ол дамыған және басқа
мемлекеттерге өнімді экспорттауға бейімделген. Осы жағдайда
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
34
шетел инвесторлары өздерінің мемлекеттерін шикізатпен қамта-
масыз ету мәселелерін шешуге көмектесті.
ҚР-да шетел инвестицияларын тарту 1992 жылдан басталды.
Алғашқы экспорттау кешенін – Австрия мен Германия Үкімет-
тері берді.
1992-1995 жылдары ҚР шет елден техникалық көмек түрінде
270 млн доллар алды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1994
жылы қаржылық экономикаға өту кезінде Қазақстанның эконо-
микалық жағдайы келесі факторлармен сипатталды:
инфляцияның 15-50%-ға кемуімен;
ірі компаниялардың банкротқа ұшырауымен.
1993-1995 жылдар аралығында республика экономиканы
жүйелі қайта құруды жүргізу және макроэкономикалық тұрақ-
тылық пен реформаны қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша
Халықаралық валюта қорымен келісім жасады.
1994 жылы қазан айында парламент «Инфляция туралы» заң
қабылдады. Осы заңмен біздің экономикалық салаларымызға
байланысты инвесторларға келесідей құқықтар берілді:
пайданы еркін қолданып, шетелдік банктерде шот ашу-
ларына рұқсат етілді;
инвесторларға өздерімен бірге мамандарды шетелден
әкелуге рұқсат берді;
жабдықтарды, компьютерлерді әр түрлі салық салулар-
дан босатты.
Тікелей инвестицияның алғышарты оның мемлекеттік қарыз-
ға әсер етпеуінде, ал, халықаралық органдардан алынған займ-
дар үкіметтің кепілдігімен алынады.
Шетел инвесторларының саяси қағидалары:
экономикалық пайданың тиімділігі;
экономикалық және экологиялық қауіпсіздендіру;
экологияға зиян келтірмеу;
капиталды мемлекеттен шығару;
ескірген техникамен жұмыс жүргізбеу;
инвестордың сенімді серіктесі болу.
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
35
Игерілген шетелдік тікелей инвестициялардың едәуір бөлігі
мұнай, газ, түсті металл, энергетика салаларына бөлінді. Соны-
мен қатар, Қазақстанда шетел инвесторларының көптеп келуіне
әсер ететін жағдайлар бар. Мысалы, бай минералдық шикізат
көздері, көптеген табиғи жер ресурстары, яғни, түсті және қара
металлургия, химия және мұнай химиясы. Еліміздегі өнер-
кәсіптік қуаттылық пен халықтың білім деңгейі жеткіліксіз
мамандандырылған кадрларды қамтамасыз етті. Негізінен елі-
мізге барлық инвестицияның 80%-і шикізатқа мұнай өңдеу, газ,
қара және түсті металлургия мен энергетика саласына келді.
2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың
жалпы көлемі 21,6%-ке артып, 7,5 трлн теңгені құрады. Тікелей
шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 15,4%-ке ұлғайып,
12,3 млрд долларды құрады. Атап айтқанда өсім келесі сала-
ларда байқалды: тау-кен өнеркәсібі – 6,7 млрд доллар (өсім
13,6%), көлік – 393,3 млн. долллар (өсім 21,7%), сауда – 2,0
млрд тенге (өсім 37,3%), қаржылық және сақтандыру қызметі –
359,5 млн доллар (өсім 1,7 есе), ақпарат және байланыс – 124,2
млн доллар (өсім 5,7 есе).
Ұлт жоспары – 100 нақты қадам аясында ТҰК-ды тарту
жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Шамамен 10,6 млрд.
доллар болатын 34 жобадан ТҰК жобаларының тізімі жасалды
(12 жоба іске асырылуда, 22 жоба ұысынылуда).
Жалпы сомасы 1,4 млрд доллар болатын 12 жоба іске
асырылу сатысында, оның ішіндегі құны 1 млрд доллар болатын
8 жоба қарқынды түрде іске қосылуда. Маңызды жобалардың
арасынан инвестиция көлемі 83 млн доллар Техникалық газ
өндіретін немістің Linde Group компаниясын, инвестиция көлемі
165 млн доллар картоп өңдейтін голландиялық фирманы,
инвестиция көлемі 70 млн доллар жоғары сапалы әк өндіретін
бельгиялық Carmeuse Group компаниясын, инвестиция көлемі
220 млн. доллар сода күлін өндіретін түріктің Yildirim Holding
компаниясын, инвестицияларының көлемі 194 млн доллар болат
құбырларын шығаратын қытайдың CNPC және цемент өндіретін
China Gezhouba Cem компаниялары.
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
36
Жалпы сомасы 9,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 22 жоба
ұсынылуда. Бұлардың арасынан майлауға арналған жоғары
сапалы май өндіретін қытайлық Citic Group, алюминий өнім-
дерін шығаратын жапондық Hanacans, өсімдік майын өндіретін
Marubeni, француздық фармацевтикалық препараттар өндіретін
Servier жобаларын атауға болады.
Тікелей
шетелдік
инвестициялардың
жалпы
ағыны
құрылымында Нидерланды (жалпы ТШИ түсуі 39,9 %) көш
бастап тұр, одан кейін Франция (7,8), Қытай (5,9), АҚШ (5,
кейін 2 %), Ұлыбритания (4,6), Ресей (3,9), Виргин (British)
аралдары (3,3) және Жапония (3,1). Қазақстан экономикасына
инвестицияны 120-дан астам ел құяды.
Достарыңызбен бөлісу: |