Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет41/123
Дата28.03.2022
өлшемі0,54 Mb.
#137053
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   123
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

«Жаңа өмір» жинағы


Отыз өлеңнен құралған «Жаңа өмір» жинағы 1283-1291 жылдары жазылған. Мұнда ақынның сүйіктісі Беатричеге арнаған өлеңдері қамтылған. Өлеңдерде ақынның балауса махаббаты, тәтті қиялдары Беатриченің мезгілсіз өлімінен соң, оны қоршаған қайғы қасіреттерімен араласып кеткен.
Ақын тоғыз жасында өзі қатарлы Беатричені көреді және оған ғашық болады. Осыдан тоғыз жыл өткен соң, онымен тағы да ұшырасады. Қыздың ашық сөйлесуі ақынның жүрегін қобалжытады. Үйге келген соң ақын түс көреді. Осы түстерін өзінің бірінші өлеңінде (сонет) баяндайды. Беатриченің образы ақынды шығармашылық ізденіске шабыттандырады. «Қызғалдақтай құлпырған сұлу Беатричені көрген жан қуанышқа бөленеді, өзін бақытты сезінеді, құсалық, зұлымдық одан қашады», дейді ақын. Данте Беатричені пәк, қарапайым, адал қыз деп суреттейді.
Өмірбаяндық мазмұндағы «Жаңа өмір» жинағы ғашық болған жас жүректің нәзік рухани сезімдерін шебер суреттеуімен назарға лайық. Бірақ мұнда орта ғасырлық діни-шіркеу әдебиетіндегі видение жанрының элементтері - аллегория мен символика да кездесіп отырады. Шығармада жиі кездесетін 9 саны (9 күн, 9 аспан) ақын өмірінде болған күрделі оқиғалармен байланысып кетеді.
Бұл жинақта мистика, символика элементтерімен бірге жаңа реалистік белгілер де бар. «Жаңа өмірдің басталуы» жайлы ақынның салтанатпен жар салуы бұған дәлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет