Байланысты: Balalar khirurgiasy kaz medical students
Зәр рН және реакциясы тұз қышқылдары мен органикалық қышқылдар диссоциациясынан бөлінген бос сутек иондарына байланысты. Дені сау балаларда ол - әлсіз қышқыл. рН деңгейі тамақтану тәртібіне байланысты 4,5-8 арасында өзгеріп отырады. Егер тамақ құрамында ақуызды тағамдар көп болса, зәр қышқыл реакция түзеді, ал егер өсімдік көп болса, сілтілі орта түзеді. Шартты патологиялық жағдайларда гиповентиляция, метаболикалық алкалоз, асқазан сөлінің қышқылдығының жоғалуы, гипокалиемия, фосфатурия, инфекция әсерінен - зәр жолдарында зәрдің жиналуынан сілтілік реакция түзіледі. Қышқылдық реакция аштық кезінде, іш өту, ацидоз, оксалатурия, аммоний хлоридін қолдану, қант диабеті, бүйрек және зәр жолдарының туберкулезінде дамиды. Реакция және рН тек жаңа жиналған порцияда қызыл және көк лакмустық қағаз арқылы анықталады. Қышқыл реакцияда көк лакмустық қағаз қызылға боялады, сілтілі жағдайда қызыл көкке айналады. Зәр- буферлік ерітінді және рН өзгерісі қышқыл-сілті теңдігінің шынайы өзгерісін бейнелемейді. Бұл өзгерістер титрмен, яғни қышқылдықты натрий сілтісі мен анықтау арқылы анықталады.
Зәрдегі белок (протеинурия). Дені сау балалар зәрінде ақуыз, өте аз мөлшерде болады (0,033% артық емес). Дені сау адам зәрінде ақуыздың көп мөлшерде болуы физикалық жүктемеге байланысты. Мұны бүйрек шумағында капилляр эндотелиінің аздаған тұрақтылығымен және қышқыл алмасу өнімдерінің жиналуымен байланыстырады. Ақуыздың жоғарғы мөлшері, балаларда вегето-тамырлық құбылмалылығы (лабильділік) кезінде кездеседі. Ортостатикалық жасанды шақыруға болады. Зәр құрамында ақуыздың көбеюі бүйректе қан айналымының бұзылысында, ал оның жиілігін аздаған вазомоторлық жүйе тұрақсыздығында және пубертаттық кезеңде вегетативтік- эндокриндық аппаратының қайта құрылуына байланысты болады. Кейінгі жылдары протеинурияның бүйрек шумақтарының қабынуына байланыстығы анықталады. Зәрдегі ақуыз кейде қызу көтерілу кезінде, суық тигенде, вегетативтік криз кезінде, сарысулық ауру, пернициоздық анемияда, лейкозда , зәр инфекциясы және т.б. ауруларда байқалады. Ақуыз құрамы көбінесе альбуминдерден және аз мөлшерде глобулин-дерден тұрады. Оның тәуліктік мөлшері әдетте: 0,001 г, яғни іздері ғана, бүйрек ауруларында 3-5 граммға дейін және одан да көп (нефротикалық синдром, гломерулонефриттің нефротикалық түрі) болады. Тәуліктік зәрде ақуызды анықтаудан басқа, протеинурияны да анықтау қажет. Бұл бүйректің морфологиялық бұзылысын сипаттайды. Зәрдегі лейкоциттер көру аймағында 5-6-дан көп болса (пиурия) зәр жүйесіндегі қабыну үрдісінің (цистит, пиелонефрит, туберкулез және т.б.) негізгі белгісі болады. Жалған пиурия қыздарда вульвовагинит кезінде болады. Кейде лейкоцитарлық цилиндр анықталады – бұл қабыну үрдісіне бүйрек паренхимасының (туберкулез, гломерулонефрит, поликистоз) қосылғанын көрсетеді. Анық лейкоцит мөлшері, эритроциттер, эпителиальдық жасушалар зәрді Каковский-Аддис, Нечипуренко және т.б әдістермен тексеру бойынша. анықталады.
Зәрдегі эритроциттер (гематурия). Дені сау балада аздаған мөлшерде гематурия анықталады. ол әдеттегі жалпы талдамаларда байқалады. Патологиялық гематурия гломерулонефритте, бүйрек тас ауруларында, туберкулезде, бүйрек полипозында, бүйрек және қуық ісігінде, коллагеноздық ауруларда, қан аурруларында және тағы басқалар да анықталады. Макрогематурияда зәр қызыл түсті (гломерулонефрит, зәр-тас аурулары, гемолитикалық анемия), ал микрогематурия микроскоппен зерттеу арқылы анықталады, (пиелонефрит, интоксикация және т.б.). Қан ағу көлемін анықтау қажет, шумақшалардың жедел бұзылысында (гломерулонефрит) эритроциттердің әртүрлі түрлерінде гемоглобин болмайды, зәрде эритроцитарлық цилиндрлерді анықтауға болады. Егер гематурия, бүйрек қосалқыларында зәр-жолдарында болса, зәрде ұйындылар байқалады және лейкоциттер, қымыздық-сірке қышқылдық қальций кристалы және зәр қышқылы анықталады. Зәр түтігінен қан ақса, фибриндік жабыспалар пайда болады. Қуық гематуриясында, әсіресе, кейінгі порциясында эритроцит құрамында гемоглобин болады. «Таза» гематурия, зәр тасы ауруымен ауыратын науқастарда кездеседі. Көрсетілген ерекшеліктер қан ағу жерін және ауру табиғатын сипаттай алмайды. Гематурияның негізгі себептері: гломерулонефрит кезіндегі шумақша капиллярының (қылтүтіктер) жоғарғы өткізгіштігі, уланулар, тамырлардың құммен немесе таспен зақымдануы (зәр қышқыл диатездері, зәр-тас аурулары).