Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет103/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Арнашалар реабсорбциясын анықтау. Арнаша аппаратының қызметін бағалау, ондағы су реабсорбциясын анықтау арқылы жүргізіледі. Ол үшін шумақша сүзгілігінің (фильтрациясының) көлемі, эндогендк креатининді (СКР) және минуттық диурезді (V) анықтау керек.
(Скр – V)
R= ------------------- х 100
Кр.
Мұнда R – каналша реабсорбциясының көрсеткіші.
Дені сау балаларда арнашалық реабсорбция 98-99%. Оның бұзылыстары жедел бүйрек жетімсіздігі, созылмалы бүйрек жетімсіздігі, тубулопатия, нефротикалық синдром және т.б. ауруларда байқалады Бұл морфологиялық арнаша аппаратының бұзылыстары бүйрек интерстициясында болады. Бүйректің жинақтау (концентрациялау) қызметінің төмендеуін изостенурия деп аталады.
Араластыру функциясын зерттеу. Сулық жүктемеге байланысты. Балалардың көтере алмауына байланысты бұл әдіс кең көлеміе қолданылмайды. Ол, алигоанурия кезінде, бүйрек патологиясында сумен интоксикацияның даму мүмкіндігіне байланысты қолданылмайды. Араластыру функциясының төмендеуі дистальды каналшалар эпителийлерінің атрофиясынан және строма склерозынан және созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде жиі дамиды.
Метаболикалық ацидоз компенсациясының функциясы аммоний сынағы нәтижесімен бағаланады. Жасанды жолмен 1 кг салмаққа 0,1-0,2 аммоний хлоридімен метаболизмдік ацидоды және бүйрек қызметін зерттейді, қышқылдандыру, экскрециялау, Н+ ион және аммоний синтездеу. Тәуліктік зәрде рН титрлейтін қышқыл, аммиакты анықтайды.
Дені сау балаларда, бір жастан кейін Н+ ионы мен аммоний деңгейіересек адамдардікімен бірдей болады: Н+ ионы 125,2-183,1 ммоль/тәул., аммоний – 92,5-131,5 ммоль/тәул., рН - зәр 5,33-4,5. Функция бұзылысы жедел гломерулонефриттің созылмалы ағымында байқалады. Созылмалы обструктивтік пиелонефритте сирек кездеседі.
Биохимиялық зерттеулер. Бүйрек қызметін клиникалық бағалау: азот алмасу өнімі, электролиттер жылжудың жылжу дәрежесін зерттеу нәтижесінен көрінеді. Практикада қан сарысуында қалдық азотты, мочевина азот мөлшерін (50%), аминқышқыл азотын (5 %), креатининді (1-2 мг), зәр қышқылын (25%), аммиак және индиканды (0,1 мг%) анықтайды. Сау балаларда қалдық азот және қандағы мочевина 20-40 мг % құрайды. Оның деңгейінің өзгеруіне, ақуыздың ас құрамында көп болуы, зат алмасу үрдісінің аса қарқындылығы, катаболизмдік үрдістер, шок жағдайы, уланулар, гемолиз, дегидратация, жедел инфекциялық аурулар және т.б. әсер етеді. Барлық азоттық көрсеткіштер ішінде, қан құрамындағы мочевинаға көңіл бөледі (оның молекуласында азот, кейде мочевинадағы азотқа қарағанда жоғарылайды).
Қанда креатининді анықтау. Оның мөлшері диетаға байланыссыз, қанда үнемі жоғары болады. Бірақ гиперкреатинемия, гиперазотемияға қарағанда кеш анықталады. Сондықтан пиелонефрит көрсеткіші бола алмайды.
Қандағы қалдық азот – Кьельдаль әдісімен, мочевинаны – Конвей әдісімен, креатининді – Бонснес және Таусскийға әдісімен анықтайды.
Дені сау балалардың қан сарысуында натрий мен калий концентрациясының көрсеткіштеріі: натрий –310-326 мг% (немесе 136-142 мэкв/л), калий 16-22 мг% (немесе 4-5,6 мэкв/л). Белоксыз диетада электролит өзгеріссіз болады. Өзгерістер көбінесе бүйрек паренхимасының ауыр бұзылыстарында, жедел бүйрек жетімсіздігі және созылмалы бүйрек жетімсіздігіне тән, әсіресе терминальдық стадияда.
Гиперкалиемия, көбінесе жедел бүйрек жетімсіздігі және басқа ауруларда (олигоанурияда) кездеседі.
Гипонатриемия - созылмалы гломерулонефритте және пиелонефритте, жедел бүйрек жетімсіздігінде және созылмалы бүйрек жетімсіздігінде, тұзсыз диетада, жиі құсуда, іш өту кезінде кездеседі. Олардың мөлшерінің төмендеуі диуретикалық терапияны жалғастырудыталап етеді.Гипонатриемияда бас ауыруы, жүрек айну, құсу, дірілдер байқалады.
Қан сарысуында натрий мен хлордың мөлшерінің жоғарылауы ренальдық қантсыз диабетте, жедел және созылмалы бүйрек жетімсіздіктерінің полиуриялық стадиясында, сусыздану кезінде болады. Гипернатриемияда тынышсыздану, шырыштың құрғақтығы, қалжырау және т.б. байқалады.
Дені сау баланың қанында магний 2,5 мг% мөлшерде болады. Оның жоғарылауы, жедел және сорзылмалы бүйрек жетімсіздіктері олигоурия кезінде кездеседі. Гипермагниемияда ұйқышылдық байқалады.
Қалыпты жағдайда қанда кальций 5-5,5 ммоль/л, фосфор – 3-5 мг %. Бүйрек жетіспеушілігінде кальций мөлшерінің төмендеуі және қанда фосфордың жоғарлауы байқалады. Фосфор мөлшерінің төмендеуі - нефрокальциноз бен ренальдық тубулярлық ацидозда, Тони-Дебре Фанкони синдромында, жедел бүйрек жетімсіздігі және олигоанурия кезінде, жоғарылауы созылмалы бүйрек жетімсіздігі терминальдық кезеңінде байқалады. Кальций мөлшерін фотометриямен, фосфаттарды –Дезо әдісімен, Алимов модификациясымен анықтайды. Қанды биохимиялық зерттеу кезінде ағзада қышқыл-сілтілі тепе-теңдік мөлшерін анықтау жүргізіледі. Бүйрек жетіспеушілігінде қышқыл-сілтілі тепе-теңдігінің (метаболикалық ацидозда) мөлшері бұзылады. Бұл организмнің буферлық жүйесінің жетіспеуін көрсетеді. Шумақшалық және тубулярлық ацидозды ажыратады.
Клиникалық мақсатта рН-ты анықтау және қан сарысуындағы бикарбонаттың стандартты мөлшерін анықтау жеткілікті. SB төмендеуі шамалы ацидозды көрсетеді, қандағы рН-ң қалыптылығы – компенсацияланған, рН төмендеуі – декомпенсацияланған ацидозды көрсетеді. 3 жастан асқан балалардағы қанының рН - 7,35-7,45 құрайды; 21-25 ммоль/л; 3 жасқа дейінгілерде - 18-20,5 ммоль/л-ға тең. Ацидоз көрсеткіштерінің дифференциалдық диагностикалық көрініс беруі. Оның мөлшері гиперазотомиямен және шумақты фильтрациялық төмендеуімен, көбінесе ол, жүре пайда болған бүйрек жетіспеушілігін көрсетеді. Бүйрек патологиясын кешенді тексеруде қандағы ақуызды және липидтік спектрын құрастыру анықтайды. Сау балаларда қанда жалпы ақуыз 6,5-8,5%, альбумин 55-60% глобулиндер : альфа 1 - 2,5-4%: альфа 2 - 6,5 – 9,5%, ветта - 11,5 - 13,5%, гамма – 14,5 – 17,5%. Жалпы липидтер 400-600 мг%, ветта-липопроидтер 320-370 мг %, холестерин 120-180 мг%. Айқын өзгерістер нефротикалық синдромдарда және гломерулонефриттің нефротикалық түрінде болады. Иммунологиялық зерттеулерге – иммуноглобулинді анықтау, комплемент байланыстырушысын, белоктың С- реактивтілігін, бластының трансформациялық реакциясы, розетка тәрізді спонтанды, лейкоциттердің миграциясының басталуы, лейкоцитолизі және т.б. жатады. Мұның себебі, кейбір бүйрек ауруларында пайда болған аутоиммунды механизмдер маңызды орын алады.
Қазіргі кезде аталған әдістермен қатар келесі зертеу әдістері кең қолданылады: ренография арқылы бүйректің қанмен толуы туралы мәлімет алынады, тамырлардың, тонусының жағдайын білуге және бүйректі функциялайтын паренхиманың бүтіндігін білу, сонымен қоса оның пішінін, мөлшерін және зәр шығару жолдарының контурын, нақтылық орналасуын және тастың, ісіктің және зәр шығару жүйесінің туа пайда болған ақауларын анықтауға болады; ретроградты пиелоуретграфия, бүйрек лоханкасының ісік бар кезіндегі кеңеюін, несепағардың қисаюын, оның тарылуы және кеңеюін; томонефрография – бүйректіқ рентгенографиясы анық бейнелейді. Бүйректің қорытынды рентгенографиясына қарағанда, оның пішінін, орналасуын және мөлшерін басқа ағзалардың көлеңкесіз және ішектегі газды, бүйректегі тасты анықтайды, даму аномалиясы және бүйректің орналасуын; пневморен – бүйрек контурын бағалауға мүмкіндік береді, бүйрек ауруларын ажыратпалауға көмектеседі, ұйқы безі, өт қабы, көкбауыр және тоқ ішек; пневмооректоперитонеум - бүйрек контурын анықтау, іш перде артындағы қуысты, поликистозды, бүйрек аномалиясының дамуын және қосымша ауруларды; пневмопарацистография – қуық ісігінің диагностикасында және қасындағы тіндерге жайылуын анықтауға мүмкіндік береді, бүйректік ангиография – аплазияны және гипоплазияны анықтауға, таға тәрізді бүйрек, бүйректің тұзды кистасын және тағы басқа ауруларды; радиоизотопты ренография – екі бүйректі жекелей тексеруге мүмкіндік туғызады, радиактивті сканерлеу - пішінін, мөлшерін, бүйрек орнын және олардың ошақты бұзылыстарын көрсетеді; урокимография – жоғарғы зәр шығару жолдарының жиірілу икемділігін анықтайды; урокинематография – жоғарғы және төменгі зәр шығару жолдарынан зәр шығуын (динамикасын) көрсетеді; хромоцистоскопия – жекелей екі бүйректің функциясын тексереді; цистоскопия, цистометрия, цистография – ол циститті анықтау мақсатында, ҚНР, дивертикулдерді, тастарды және ісіктерді, жылан көзді диагностикалайды; уретрография – уретра қуысының жағдайын және оның тарылуын, дивертикулдарын, ісіктерін, жылан көз бен парауретральды жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет