Байланысты: Balalar khirurgiasy kaz medical students
Морфологиялық зерттеулер. Бүйрек тінінің биопсиясы. Тері арқылы, ашық және жартылай ашық биопсия әдістері бар. Биопсия әдістерін таңдау баланың жасына, жеке ерекшеліктеріне, аурудың сипатына және т.б. байланысты. Материал қажетті шамада алынып жарық оптикалық, иммунофлюоресценттік және электронды-микроскопиялық зерттеулерден және арнайы өңдеуден өтеді. Ол басқа әдістермен зерттеп бүйректің жағдайы туралы керекті және толық ақпарат ала алмағанда ғана қолданылады. Тірі тінді тексеру - морфологиялық өзгерістердің сипатын анықтауға, зақымдану дәрежесін нақтылауға, бүйректегі өзгерістердің патогенезі туралы толық және дұрыс мәлімет алуға, нақты диагноз қоюға және дұрыс ажыратпалы диагноз жүргізуге, емдеу шараларының нәтижелілігін анықтауға және дұрыс болжам жасауға мүмкіндік береді. Бүйрек патологиясына қүдіктенгенде науқастарды тексеру схемасы Науқас анамнезін жинау (шағымдары, инфекциялық индекс, тоңазу, жарақат, вакцинация және т.б.).
Отбасылық анамнез жинау (туа біткен және тұқым қуалайтын ақаудың барын анықтау).
Науқасты қарау (бозару, ісіну, ауыздан иіс шығу, геморрагия, терінің рахиттік өзгерістері, бой өсудің тежелуі және т.б.).
Артериялық қан қысымын өлшеу және ЖЖЖ тексеру.
Баланың арқасына жатқызып, аяғын бүгіп пальпациялау (бүйректің көлемі мен флюктуациясын анықтау).
Бел аймағын соққылау (ауырсыну сезімін анықтау, олардың сипатымен иррадииациясы).
Мықын үсті аймағын пальпациялау және соққылау (ауырсыну синдромын анықтау).