Жұмыртқаның ауытқып дамуы Монорхизм – іштен туа болатын ауытқу, монорхизм кезінде бала бір ғана жұмыртқамен туады. Оны операция жасау арқылы анықтайды, пайда болуы - эмбриогенез бұзылуына байланысты. Бір жұмыртқасы жоқ болғанмен, екіншісі қалыпты дамыса, онда ішкі секреция бездерінің бұзылуы байқалмайды.
Егер шын монорхизм болса, косметикалық мақсатпен бала 12-14 жасқа келгенде ұмасына силиконнан протез қояды. Жалғыз жұмыртқа гипоплазиясымен туса, гормондармен қосымша ем жүргізу қажет.
Анорхизм – екі жұмыртқаның жоқ болуы. Әдетте басқа даму ақауларымен қатар кездеседі. Негізінен тек гормондармен ғана емделеді.
Полиорхизм - қосымша жұмыртқа пайда болып туатын ауытқу. Қосымша жұмыртқа әдетте гипоплазиялы, қосалқыларынсыз болады. Қосымша жұмыртқа кейін қатерлі ісікке айналып кету қаупі болғандықтан операция жасап алып тастау қажет.