Байланысты: Balalar khirurgiasy kaz medical students
Эпидидимит Эпидидимит – аталық бездің қосалқы тінінің қабынуы. Қабыну жарақаттану, сонымен қатар оның микробтармен инфекциялануы нәтижесінде дамиды. Инфекция уретра және басқа мүшелерден лимфогендік, гемотогендік жолдармен түседі. Инфекцияның уретрадан аталық бездің қосалқы тініне түсуіне уретраны буждау кезіндегі дөрекі шаралар және катетеризация әсер етеді.
Аталық бездің қосалқы тінінің гемотогендік инфекциялануы тұмау, баспа, пневмониясы бар науқастарда жиі болады.
Клиникалық көріністері. Жедел эпидидимит кенет басталады. Қосалқы тіннің ұлғаюы, олардың ауырсынуы, дене температурасының жоғарылауы, жалпы әлсіздік көрінеді.
Ауырсыну мықын аймағына беріледі. Қосалқы тін ұлғайған, ауырсынады, оның аталық безімен шекарасы айқын емес (орхоэпидидимит), қосалқы тін үстіндегі тері қызарған, инфильтрацияланған, үрпі жолы тығыздалған.
Кейбір балаларда аталық бездің шемені анықталады.
Диагноз. Ауырсынудың мықын аймағына берілуі аппендициттің қате диагнозын беруі мүмкін. Сондықтан қарап тексергенде өте мұқият болу керек.
Емдеу. Тыныштық, жылыту компрестерін, жасқа сәйкес дозада бұлшық етке антибиотиктер тағайындалады. Жедел көріністер басылғаннан кейін сору процедуралары (парафин, йодты калиймен ионофорез, УВЧ, лидаза) көрсетілген.
Абсцестену жағдайында абсцесті ашады.
Қосалқы тінінің ұзақ тарамайтын тығыздануы, ауырсынуы, аурудың қайталануы эпидидимэктомияға көрсеткіш болып табылады.
Екі жақты эпидидимиті бар науқастарда бедеулік дамиды. Сондықтан оларға жасына қарай кейде ұрық шығару жолының реконструкциясын жүргізеді (вазонеостомия).