Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет130/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Қысылған шап жарығы.
Қысылу шап жарығының асқынуы болып табылады. Бұл кезде шап қабына түскен ішек ілмегі немесе оның шажырқайы жарық қақпасында қысылады, олардың қан айналымы мен қоректенуі бұзыла бастайды. Қысылудың себебі құрсақ ішілік қысымның жоғарылауы, ішек функциясының бұзылуы, метеоризм және т.б. деп саналады.
Клиникалық көрінісі. Ата-аналары әдетте бала мазасызданып, жылап, жарық томпаюы аймағындағы ауырсынуға шағымданған уақытты нақты көрсетеді. Пальпация кезінде ол керілген болады, және қатты ауырсынады, құрсақ қуысына кірмейді. Кейіннен ауырсынулар басылады, бала селқос болады, жүрек айну немесе құсу байқалады, нәжістің бөлінуі тоқтауы мүмкін.
Қысылған жарықтың ажырату диагностикасы анамнез және қарау мәліметтеріне негізделеді. Анамнезде шап жарығы болуы анықталса, қысылуды анықтау қиындық тудырмайды. Өмірінің бірінші айындағы балаларда, қысылған шап жарығын, ұрық бауының жедел пайда болған кистасынан және шап лимфаденитінен ажырату қиынға түседі. Күмәнді жағдайларда дәрігер қысылған шап жарығы диагнозын таңдайды және операция жасау арқылы диагноз анақтыланады. Қысылған шап жарығы диагностикасындағы қиындықтар, сонымен қатар, жалпы көріністері бастапқы кезде байқалмайтын, қыздардағы аналық бездің қысылуы кезінде пайда болады. Аналық бедің және оның түтігінің өліеттену қаупі болса, шап жарығы қысылуына шамалы күдіктенудің өзінде, қыздарда операцияны жедел жүргізу қажет. Балаларда, шап жарығы қысылуының ішек ілмектерінің жақсы қан айналымы, тамырлардың эластикалылығы және қысатын сақинаның аз қысымымен көрінетін өз ерекшеліктері бар. Балаларда жарықтың өздігінен жиі түзетілуіне қарамастан жедел оперативтік араласуды қажет ететін асқыну байқалады.
Емі. Әлсіз, шала туған балаларда немесе терапевтік қарсы көрсеткіштер болған кезде, қысылудың алғашқы 12 сағатында жарықтың өздігінен түзелуіне жағдай жасауға бағытталған консервативтік емді жүргізуге болады деп есептеледі. Бұл мақсатта 0,1% атропин ертіндісін және 1% промедол ертіндісін (0,1 мл/жасына есебімен) енгізеді, 15-20 минутқа жылы ванна тағайындайды, одан кейін баланың жамбасын көтеріп жатқызады (Тренделенбург әдісі). Жарықты қолмен түзетуге тырыспау керек, өйткені бұл кезде қысылған мүшелердің зақымдалуы мүмкін. Консервативтік емнен әсер болмаған жағдайда, 1,5-2 сағат ішінде шұғыл операция жасау қажет.
Қысылған жарық кезіндегі операция техникасы, оны түзету алдында жарық қабы құрамын қарау қажеттілігімен ерекшеленеді. Қарап, тексеріп болғаннан кейін, қысып тұрған сақинаны және сыртқы қиғаш бұлшық еттің апоневрозын кеседі, қысылған ішекті тартады, қарайды (ретроградты қысылу мүмкіндігі) және орнына кіргізеді, қысылу салдарынан өзгерген шарбыға резекция жасалады. Ішектің қан айналымы бұзылған кезде шажырқайға 0,25% новокаин ертіндісін енгізеді және жылы физиологиялық ертіндіге матырылған салфеткалармен жылытады. Егер ішектің тіршілік қабілеті күмән тудырса, өзгерген бөлікке резекция жасалады. Жарық қабын алып тастағаннан кейін, Мартынов бойынша шап өзегінің пластикасын жүргізеді.
Қысылған шап жарығын оперативтік емдеу нәтижелері араласу мерзіміне тәуелді. Өлімділік шамамен 0,5% құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет