Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет132/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Қуық қабынуы.
Қуықтың қабынуы (цистит) қыздарда, ұлдарға қарағанда 3 есе жиі кездеседі. Циститтің бірінші және екінші кезекте дамитын түрлері, сондай-ақ жедел және созылмалы түрі болады.
Бірінші кезекте дамитын цистит қыздарда жиі кездеседі. Әсіресе 4 пен 12 жастың арасында өте жиі, сирегірек – 1 мен 3 және 13 пен 15 жас арасындағы балалар ауырады.
Этиологиясы мен патогенезі. Әйелдердің үрпісі еркектердікімен салыстырғанда қысқа болады және үрпі жыныс жықпылының ішінде ашылады да, анусқа тым жақын орналасады. Қыздардың аналық жұмыртқа бездері есейгенше, жөнді жұмыс істемегендіктен, олар экстроген гармонын жеткілікті мөлшерде бөлмейді. Сыртқы жыныс ағзаларында сүт қышқылы пайда болмайтындықтан, сондықтан да ол арада үнемі сілтілі орта болып тұрады. Сілтілі ортада энтерококк, гонококк, пневмококк, стрептококк, ішек таяқшалары тәрізді көптеген микробтар жақсы тіршілік ете алады. Егер балаға суық тиіп вирустық инфекциямен (грипп, пневмония, қызылша, жел шешек т.б.) ауырып қалатын болса, онда вирустардың бөлетін уытының зиянды әсер етуімен олардың жалпы және жергілікті жердегі тіндерінің қорғану қабілеттері нашарлайды да, микробтар залалсыз түрінен дереу кеселді түріне айналып, көбейіп,өзінің өмір сүріп тұрған жерін қабындырып жібереді. Бұған дененің мұздауы да, суық тиюі де, витаминдердің жетіспеуі де әсер етуі мүмкін.
Циститтің қоздырушысы көбінесе ішек таяқшасы болады. Сирек жағдайда қарапайым вульгарлық протейлер, стафилококктар, көкшіл іріңді таяқшалар да қоздырады. Жедел дамыған қуық қабынуының негізгі белгілеріне: аурудың кіші дәретке жиі бара беруі мен кіші дәретке отырған кезде астының, үрпісінің, қуығының шаншып ауыруы жатады. Кейбір кезде, зәрімен бірге қанның қызыл қан түйіршіктері араласып шығады. Мұны микрогематурия дейді. Немесе, кіші дәретке барып болған соң артынан бір-екі тамшы қан ағуы да мүмкін. Мұны терминальдық гематурия дейді. Қуықтың жедел қабынуының өте ауыр түрінде қуығында зәрі болмаса да бала кіші дәретке бара бергісі келеді. Оны жалған тенезм дейді. Нәрестелер мен сәбилердің кіші дәретке барған кезде үрпілері қатты ауыратындықтан, олар кейде мүлдем кіші дәретке бармай қоюға тырысады. Мұны зәрдің кенет тоқтап қалуы дейді. Зәрдің түсі оның құрамына байланысты әртүрлі болады. Зәрдің құрамында ірің басым болса, зәр лайланып, ақшыл түске боялады, оны лейкоцитурия немесе пиурия дейді. Егер зәр құрамына қан көп қосылса, оның түсі қызғылттанып еттің жуындысына ұқсап тұрады, мұны макрогематурия дейді. Науқас баланың қызуы көтеріліп, өне бойы қалтырап, денесі тоңазып, бүйірі шаншиды. Осындай сырқаттану белгісінің болуын, науқастың тек қуығы ғана емес, бүйрегі де қабынған деп түсіну керек.
Нәрестенің зәр жолдары туғаннан әртүрлі кемістіктерге ұшырап туса, екінші кезектегі цистит дамиды. Мұндай кемістік кеселдерге: субүйрек (гидронефроз), несепағарлардың нерв-ет дисплазиясы, зәрдің қуықтан бүйрекке кері ағуы (қуық-бүйрек рефлюксі), қалталы қуық, несепағар торсылдағы, қақпалы үрпі және инфравезикальдық обструк- цияның басқа да ақаулары (Марион ақауы, қуық мойнының тарылуы, үрпісінің сыртқы тесігінің тарылуы) жатады. Мұндай іштен туған ке- містігі бар балалардың бүйрегі қабынып, іріңді зәр қуыққа түсіп, оны қабындырып жіберетін жағдайы жиі ұшырасады. Керісінше, алдымен қуығы қабынып, содан соң бүйрегі қабынатын сәттер де аз емес.
Бірінші және екінші кезекте жедел дамитын қуық қабынуы оның шырышты қабығындағы патологиялық өзгерістердің түріне қарай: талаурап (катаральды) қабыну, көпіршіктеніп қабыну (буллезді), қанталап қабыну (геморрагиялы) болып бөлінеді.
Клиникасы. Созылмалы қуық қабынуының белгілеріне: кіші дәретке барған кезде үрпісінің, қуығының сыздаған ауырулары жатады. Бірақ жедел қуық қабынуындағыдай жиі кіші дәретке бара бергісі келмеуі мүмкін. Созылмалы қуық қабынуының өзіне ғана тән қосымша белгілері болады: түнде төсекке кіші дәретке отырып қою, күндіз кіші дәретке барғысы келгенде дәретханаға үлгеріп жете алмағандықтан зәрді бұтына жіберіп қою, көз астының көлкілдеп ісінуі, үлкен дәреттің уақтылы болмауы, белінің ауруы, өне-бойының әлсіз тартуы, жұмыс қабілетінің нашарлауы, тамаққа тәбетінің соқпауы, бас айналуы, көзі қараю, арықтап жүдеу. Цистит кезінде қабыну үрдісіне ең көп ұшырайтын жерлер: қуықтың артқы қабырғасы, Льето үшбұрышы, мойнының айналасы. Созылмалы қуық қабынуы мынадай асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін:

  1. Жүре пайда болған несепағар сағасының жетіспеушілігі.

  2. Созылмалы бүйрек қабынуы.

  3. Бүйректің семуі.

  4. Бүйрек қызметінің созылмалы жетіспеушілігі.

  5. Жүре пайда болған нейрогендік қуық.

  6. Қуықтың жалған қалталары (дивертикул).

  7. Несепағар сағасының түбінен қуықтың Хатч қалтасының дамуы.

  8. Қуық мойнының шандырлануы (склерозы).

  9. Қыздардың үрпісінің сыртқы тесігінің тарылып қалуы (уретромеатостеноз).

  10. Зәрді ұстай алмауы.

Емдеуі. Қуығының жедел және созылмалы қабынуы бар аурулардың бәрі де дереу емдеуді және урологиялық тексеруді қажет етеді. Егер науқастың қуығының қабынуына зәр жолдарының іштен пайда болып туған кемістіктері себепті болса, дәрі-дәрмектертің көмегімен қуықтың қабынуын уақытша тоқтатып алып, дереу операция жасау керек. осылай қуық қабынуының себептерін жойған соң, науқас әбден сауығып кеткенше дәрі-дәрмектердің көмегімен емдеуді жалғастыра береді.
Кейбір кезде бактерияға қарсы қолданатын дәрі-дәрмектердің созылмалы қуық қабынуын емдеуге шамалары келмей қалатын кезі болады. Мұндай сәтте дәріні қуықтың ішіне кіргізіп, шырышты қабықты жуу арқылы емдеген жөн. Қуық қабынуының түріне байланысты әртүрлі дәрілерді пайдаланады.
Қуықтың жедел және созылмалы қабынуын емдеп жазған соң, ауру қайтадан қайталанбас үшін6 күтіну керек. Ең бірінші салқын тиюден сақтану керек, бір жылға дейін6 күндіз екі сағат сайын кіші дәретке барып тұрған дұрыс. Себебі, қуыққа зәр жиналып қалса, ол қуықты қайтадан қабындырып жіберуі мүмкін. Балалардың сыртқы жыныс мүшелерін таза ұстау керек: жатар алдында сыртқы жыныс мүшелерін, (әсіресе қыздардың), сабынмен жуып, құрғатып, терілерін, жыныс ернеулерін пастерленген күнбағыс немесе мақта майымен майлап қою. Сәбилер дәретін астына жіберіп қойған кезде дереу жаялықтарын ауыстырып, шабын сабынмен жуып, құрғатып, майлап қою керек.
Қуықтың созылмалы қабынуына байланысты пайда болған асқынуларды (ҚЗР-і, Хатч қалтасы, қуық мойнының шандырлануы т.б.) операция жасау арқылы емдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет