Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет134/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Зәр - тас ауруы.
Көптеген ғылыми зерттеулер мен клиникалық бақылауларға қарамастан бұл патологиялық жағдайда тастың пайда болуы туралы белгілі бір теория жоқ. Көбіне тастың пайда болуын коллоидтар мен кристаллоидтардың арақатынасының бұзылуымен түсіндіретін физика-химиялық теория қолданылады. Зәр – бұл әр түрлі зарядтағы тұздар (кристаллоидтар) мен органикалық қосындылардың (коллоидтар) өте қаныққан ерітіндісі. Коллоидтық тепе-теңдік бұзылғанда тұздар тұнбаға түсіп, коллоидтардың немесе басқа органикалық заттың (лейкоцит, эритроцит, шырыш, эпителий т.б.) маңында кристалл түзеді.
Коллоидтық-кристаллоидтық тепе-теңдіктің бұзылуына көпте-ген факторлар әсер етеді (климат, тамақтану, витаминдер жетіс-пеушілігі, белок алмасудың бұзылуы, зәрдің рН өзгерісі т.б.). Тас-тың жиналуына зәр жолдарындағы әр түрлі патологиялық, әсіресе қабыну үрдістерінің, органикалық және функциялық кедергілер әсерінен зәр пассажының бұзылуының белгілі бір әсері бар.
Клиникасы, тастың орналасу орнына, баланың жасына және зәр жолдарының инфекциясына байланысты анықталады: жалпы симптомдары: лейкоцитурия, гематурия және кейде ұсақ конкременттердің зәрмен шығуы.
Зәр жолдарына тас жиналу ауруының белгісі баланың қатты қимылдап, ауыр жұмыс істегенінен кейін байқалады.
Ауырсыну - зәр тас ауруының негізгі симптомдарының бірі. Ауырсыну баланың жасына, тастың орналасқан орнына және оның көлеміне байланысты. Ересек балаларда , астаушадағы зәрдің ағуына кедергі келтірмейтін үлкен тастар, бел аймағындағы ауырлық сезімімен, сыздап ауырсынумен білінеді. Мұндай ауырсыну тұрақты емес, белгілі бір иррадициясыз, Пастернацкий сынамасы - оң.
Бүйрек тұсының ұстамалы шаншып ауруы күтпеген жерде пайда болады. Ауыру сезімі бүйрек тұсының бүріп, қатты қысып батуы арқылы және ол сезімнің қасаға тұсына, шат арасына, үрпі тұсына берілуі арқылы білінеді. Мұндай ауырсыну, астауша мен несепағардың қозғалмалы ұсақ тастарында білінеді. Ауырсынудың пайда болуы, таспен зәр жолдарының бітеліп, астауша ішіндігі қысымның жоғарылауы және бүйрек капсуласы рецепторларының тітіркенуі салдарынынан деп түсіндіріледі.
Жергілікті белгілерден басқа, жалпы белгілер де (температураның көтерілуі, құсу, метеоризм, интоксикация, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы) анықталады.
Кішкентай балаларда, бүйрек шаншымасы белгілі бір жағымсыз қозғалыс, мазасыздығымен білінеді. Бұған диспепсиялық бұзылыстардың қосылуы, бүйрек тасы ауруымен құрсақ қуысы ағзаларының жедел хирургиялық ауруларымен ажырату диагнозын жүргізуде қиындық тудырады.
Қанның зәр жолдарынан шығу көлемі әр түрлі, эритроциттерден бастап көзге көрінетін макрогематурияға дейін. Пиурия, яғни зәрдің ірің араласып шығуы – зәр жолдарына микробтар түсіп, пиелонефрит ауруы қозғанда анықталады.
Баланың кіші дәретке отыруы кезінде де дизуриялық өзгерістер байқалуы мүмкін, қуық тастары шырышты қабатын жарақаттау салдарынан бала қайта-қайта кіші дәретке барғысы келіп күшенеді. Ол кезде зәр каналының тұсы сыздап немесе «пышақ кескендей» қатты ауырады. Зәр үрпіден үзіліп-үзіліп шығады. Рентгенография арқылы тексергенде зәр жолдары тұсынан тастың контуры табылады. Уретра тастары зәрдің жедел тоқтауын тудырады және пальпация жасағанда уретра бойында тығыз ауырсыну тудыратын түйіндер анықталады.
Диагнозды анықтау үшін баланың ауру тарихын толық анықтау: бұдан бұрын бүйрек тұсында ауырсынудың болғаны, зәрінің түсі өзгеріп, зәрмен қан шығу тәрізді белгілердің болғаны, зәр шығару актісінің бұзылуы, үрпіден тас шығу секілді белгілердің болуы көмектеседі. Диагноз қоюда рентгенологиялық тексеру әдістері негізгі орын алады.


Сурет IV.9. Бүйрекке тас жиналу ауруы


Жедел жағдайда бүйрек тұсына жалпылай рентгенография, ал көрсеткіш болса - экскреторлық урография жасалады.Арнайы контрастты заттар жіберу арқылы диагнозды анықтауға болады. Бұл тәсіл тастың контуры анық болмағанда іске асырылады. Қазіргі кезде ондай тастарды ультрадыбыстық тексеру аппаратымен де анықтауға мүмкіндік бар.
Хромоцистоскопия кезінде, бояудың тас жиналған бүйректен баяулап шығатыны немесе тіпті шықпайтыны анықталады. Цистоскопия кезінде несепағардың қуыққа келген сағасының ісінгенін және онда тұрған тасты да көруге болады.
Емдеу. Уролитиазда ем жүргізу негізгі үш мақсатты қамтиды:

  1. Шұғыл жағдайда (бүйрек шаншымасы, пионефроз, анурия) көмек көрсету

  2. Тастарды алу

  3. Тастың қайтадан пайда болуының алдын алу.

Бүйрек шаншуын азайту үшін кең көлемде консервативтік емдеу тәсілдері (спазмға қарсы, ауыруды басатын дәрілер, зәрдің шығуына жағдай жасау – промедол, атропин, спазмолитиктер, жалпы жылы ванна, ұрық бауының немесе жатырдың жұмыр байламына Лоренц-Эпштейн бойынша блокада) қолданылады. Жасалған ем нәтиже бермесе, несепағарға, астаушаішілік қысымды төмендету үшін, катетер енгізеді.
Зәр шығарудың бұзылуы пионефрозға және уросепсиске әкелуі мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайда дереу нефростомия жасалады.
Несепағарда өздігінен шығуы мүмкін тастар анықталғанда консервативтік ем жүргізіледі (көп көлемді су берумен қатар спазмолитиктер, қимыл-қозғалысты көп қажет ететін ойындар, жүгіру т.б.). нәтиже болғанда несепағарға катетер енгізіліп, тас тұрған деңгейден жоғары глицерин жіберіледі.
Қазіргі кезде балалардың несеп жолдарында пайда болған тастарды шығару үшін консервативтік емдеу тәсілінен хирургиялық тәсілдер көбірек қолданылып жүр. Тастың көлемі ұсақ болса, консервативтік ем жалғастырылады, ал зәраққыштан өте алмайтын болса, уролитотомия операциясы жасалады.
Тасты алғаннан кейін, ұзақ уақыт, антибиотиктермен пиелонефрит емделеді.Алайда, соңғы кезде ультрадыбысты пайдаланып тас бұзатын аппараттармен зәр жолдарының тастарын ұнтақтап шығару әдісі іске асырылуда.




Сурет IV.10. Бүйрек тастары


Сурет IV.11. Қуық тасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет