Лимфаденит, аденофлегмона ауруы
Лимфаденит, аденофлегмона ауруы - бездiң және бездiң маңындағы тіннің қабынатын аурулары. Лимфаденит - ол лимфа бездерiнiң қабынуы, ал аденофлегмона - бездiң iрiңдеп қабынуының без деңгейiнен шығып кеткендегі үрдісті айтады. Ауру, бездердiң iсiнiп, науқас адамның жалпы жағдайының нашарлап, әлсiзденiп, дене қызуының 39-40 С дейiн көтерiлiп, қан тамырлары жиi соғып, тамаққа тәбетi нашарлап, басы ауырып, ұйқысы қашуымен байқалады. Сырқаттанған балалардың 1/3-де дене қызуы көтерiл-меуi де мүмкiн. Бездердiң қабынған ауданында алғашында терiнiң түсi өзгермейдi, кейiннен ол бiлеуленiп iсiнiп, қызара бастайды, қолмен ұстағанда қызуы бiлiнедi, ауырсыну сезiмi қаттырақ қозады.
Бездiң көлемi үлкейiп, iрiң оның шеңберiнен аса шықса, үрдістің аденофлегмонаға ауысқаны. Ол кезде қызарумен қатар флюктуацияны да айқындауға болады.
Лимфадениттiң диагнозын қоюға қандағы лейкоцитоз, солға қарай жылжыған лейкоформула, көбейген эритроциттердің тұну жылдамдығының артуы көмегiн тигiзедi.
Алғашқы инфильтратты стадиясында консервативтiк тәсiлдер-мен емдеу жүргiзiледi. Ол үшiн жылу процедуралары, антибиотик араластырылған 1/4% новокаинмен блокада жасау, УВЧ, УФО қолданылады.
Егер айтылған емдеу өз көмегiн бермесе, бездiң үстi кесiлiп, iшiндегi iрiң шығарылады. Iрiң шыққан соң жараға резинадан дренаж қойылып, гипертониялық ерiтiндiлермен таңылады. Ертеңiнде УВЧ, УФО тәсiлдерi қайта жасалынады. Iрiң азайғанда майлы дәрiлермен таңуға көшуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |