Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет143/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Тiлме қабынуы (рожа).
Терiнiң тiлме түрiнде қабынуы сирек байқалатын аурулардың қатарына жатады. Қабынуды стрептококк микробы қоздырады. Терiнiң барлық қабаты қан аралас сарысумен жалқақтанады. Өте жұқпалы ауру болғандықтан басқа аурулардан жеке жатуын қамтамасыз ету қажет.
Аурудың клиникасы: эритематоздық стадиясында - терiнiң қызарып iсiнуiмен, буллездiк стадиясында - торсықтанып су жиналуымен, шел түрiнде iрiп-шiруiмен басталады. Тiлме ауруын бұлай үш түрге бөлу - шартты түрде келiсiлген ұғым. Бұл үрдістердi бiрiнен кейiн бiрi пайда болатын фазалы саты деп түсiну қажет. Ауру өте жылдам дамиды. Шат арасы, бетi, бас терiсi және аяқ-қол терiлерi ауданында жиi кездеседi. Нәресте балаларда кiндiк жарасының маңында, көтенiшек айналасында байқалады.
Тiлме кенеттен басталып, баланың ыстығы өте жоғары деңгейге көтерiлiп, лоқсу, құсу, бас ауру белгiлерiмен бiлiнедi. Эритематозды түрiнде қабынған терi ауданы қатты шоғырланып қызарады. Ол кейде географиялық карта секiлденiп көрiнедi. қабынған аудан қатты қызынып, ауру сезiмi күшейедi.
Аурудың буллездiк түрiнде терiнiң шоғырланып қызарған ауданында iшiнде жалқақ жиналған торсықшалар пайда болады. Олар өздiгiнен жарылады, егер торсылдақшалар өздiгiнен жарыла қоймаса, терiнiң қабынған ауданы, терiнi некрозға шалдықтырады. Терi бiрнеше күннiң iшiнде шiрiп, орнында жара пайда болады.
Емдеу консервативтiк тәсiлдермен басталады. Уыттануды азайту үшiн уыттануға қарсы қолданылатын ерiтiндiлердi қанға құяды, антибиотиктер де көптеп енгiзiледi. Бұл ретте жоғары дозадағы пенициллиннiң көмегi өте зор. Қабынған аудан кварц сәулесiмен қыздырылады, эритематоздық түрiнде - құрғақ, буллездiк түрiнде - антибиотикті майларымен таңылады. Шелденiп немесе шiрiген кезде тіні тездетiп кесiлiп алынып, жараны хирургиялық жалпы заңдалыққа сәйкестендiрiп емдейдi.
Мастит
Мастит - нәрестенiң емшек безiнiң қабынуы. Нәрестенiң емшек безi туғанынан 8-10 күннiң iшiнде үлкейiп кетедi. Бұл физиологиялық қалыпты үрдіс. Емшек безiнiң осылайша үлкейiп iсiнуiне емген кезiнде анасының сүтiмен бiрге берiлетiн әйелдердiң эстерогендiк гормондары әсер етедi деп есептелiнедi. Iсiнiп тұрған емшек безiн сығуға болмайды, ол өздiгiнен кiшiрейiп 28-30 күнде өзiнiң қалыпты деңгейiне келедi. Сыққан жағдайда одан сүт секiлдi секрет шығады, емшек арналары арқылы емшек безiне микробтар түсiп қабынады.
Аурудың клиникасы - баланың дене қызуының жоғарылауымен, емшек емуден тартынуымен, емшек тұсының қызарып iсiнуiмен, кейде қызарған ауданда флюктуацияның пайда болуымен байқалады.
Қан талдамасында лейкоцитоздың көбейiп, формуланың солға қарай ауысқаны көрiнедi, ЭТЖ жоғарылайды.
Емдеу емшек тұсындағы жараға негiзделген. Егер инфильтрат үлкен болса, онда iрiңдiктi жару үшiн жалпы наркоз пайдаланылады, ал инфильтрат шамалы болған жағдайда антибиотик араластырылған 1/4% новокаин дәрiсiмен жансыздандырылып барып жарылады. Тiлу жарасы емшек тұсындағы пигменттi ауданнан (розеоладан) шеткері жасалынады, емшек безiнiң бөлiкшелерiнiң орналасуын еске алып, инфильтрат радиальды түрде бiрнеше жерден тiлiнедi. Әр жараның үлкендiгi 1,5-2,0 см аспайды. Iрiңдi микробтық құрамы анықталу үшін, көректік ортаға алғаннан соң, 3% сутегi тотығымен жуып, жараға резинадан дренаж қойып, гипертониялық ерiтiндiмен байлап тастайды. Ертеңiне резина дренажды алып тастап, антисептиктермен таңуды жалғастырады. УВЧ, электрофорезбен антибиотик енгiзу қажет болғанда iске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет