Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет151/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Жалпы қуаттандыратын терапия. С және В топтарының витаминдерінің максимальды дозасының тағайындалуына негізелген. Кейінгі жылдары жалпы қуаттандыратын заттар ретінде ГБО-терапия және қанды әртүрлі модификациялау әдістері сәтті қолданылады: ультра күлгін сәулелендіру жиі қантамыр ішілік лазерлі сәулелендіру.
Жедел гематогендік остеомиелиттің кешенді терапиясында физиотерапия кең қолданылады. Алғашқы аптасында күніне 2 процедурадан тағайындалады: УВЧ немесе микротолқынды терапия, кейін жараға антибиотиктер электрофорезі. 3-ші аптадан бастап сүйектің қалыптасуын тездету үшін қальций және фосфор электрофорезі курсы тағайындалады.
Балалардың алғашқы айларында остеомиелит эпифизарлы деп аталады. Үлкен балаларға қарағанда эпифиз бен метафиз нәрестелерде бөлінген және өсу ошағы бар эпифизден тұрады. Ол шеміршек тіннен тұрады және рентгенограммада көрінбейді. Эпифиздің шеміршек тінінде қабыну үрдісі болады (осыдан атауы – эпифизарлы). Мұнда сүйек миы болмайды, сондықтан «остеомиелит» термині онша сәйкес келмейді, оны «остеохондрит», ал сүйектену ядросы бар эпифиздерге «остеоядрит» термин ұсынылған. Ақыры эпифизарлық остеомиелит термині қалтырылды. Ол ересек балалардағы остеомиелитпен салыстырғанда ағымы, клиникасы, диагностика, емі жағынан ерекшеленеді. Эпифизде түзілген іріңдік, 3 жасқа дейінгі балаларда ересек балалармен салыстырғанда, сүйек үстіне емес, буынға ашылады және іріңді артрит дамиды: буын онда ірің жиналғаннан шар тәрізді болады. Артриттің рентгенологиялық белгілері – жұмсақ тіндердің көлеңкесінің үлкеюі және сау аяқпен салыстырғанда буын саңылауы кеңейеді. Олар ауру басталғаннан 5-7 күні пайда болады. Аурудың 3-ші аптасында сүйек тінінде жедел гематогенді остеомиелиттің ерте белгілері пайда болады: периостальдық реакция және ұсақ ұялы остеопороз.
Эпифиз іріңдігі буынға ашылатындықтан хирургиялық емдеу тілуден емес, экссудат аспирациясымен және антибиотик ерітіндісімен қуысты жуудан тұрады. Бұл жерде артротомия керек емес, өйткені ол буынға зиян келтіреді. Антибиотиктерді буын ішіне енгізудің қажеті жоқ, өйткені шеміршекке оларды тамшылатып құю мүмкін емес.
Қолдың иммобилизациясы Дезо таңуымен іске асырылады, аяқты Шеде тартуы бойынша 2 аяқты талтайту жағдайында жасау керек. Мұндай иммобилизация гипсті лонгетаға қарағанда әлдеқайда тиімдірек.
Шеміршекте секвестр пайда болмағандықтан (шеміршек ериді де іріңмен бірге буынға кетеді) эпифизарлы остеомиелит ешқашан созылмалыға ауыспайды. Бірақ эпифиздің іріңді еруі өте жиі буынның деформациясына әкеледі. Ол ортопедиялық коррекцияны қажет етеді.
Жалпақ сүйектер остеомиелиті (жауырын, қабырға, қаңқа сүйегі, мықын сүйек қанаттары) және кеуекті сүйек остеомиелитінің өзіндік диагностикалық және емдеу ерекшеліктері бар. Олардың диагностикасындағы ерекшелік, рентгеннегативтік фазасы 1 айға және одан көп уақытқа созылады. Хирургиялық емдеудің негізі, тек жұмсақ тіндердің флегмонасын ашуда. Оларда остеопер-форация жүргізілмейді, антибиотиктерді сүйек ішіне енгізбейді.
Дер кезінде хирургиялық ем жүргізбесе және сүйекте жедел гематогендік остеомиелиттің үлкен некроздары болса, онда ол міндетті түрде созылмалы остеомиелитке ауысады. Созылмалыға ауысу белгілері: клиникалық – іріңді бөліністері бар жыланкөздердің болуы және рентгенологиялық – рентгенограммада секвестрлық «корапта» орналасқан секвестрлердің болуы.




Сурет V.1. Үлкен жіліншік сүйегінің созылмалы остеомиелиті

Бұл белгілер бір уақытта болмауы мүмкін. Жыланкөздер уақытша жабылып қалуы мүмкін, бірақ олар міндетті түрде ашылады.


Секвестрлар сүйек тінінің склероздық өзгерісі нәтижесінде көрінбей қалуы мүмкін. Ондай жағдайда фистулография жасалады: жыланкөздерде суда еритін рентгенконтрастты зат жібереді. Олар, секвестральды қорапқа кіріп, склерозданған сүйек фонында көрінетін болады.
Емі тек хирургиялық. Санаторлық-курорттық ем содан кейін көрсетілген. Хирургиялық ем – радикальды, секвестрэктомия болады. Әдетте операция сүйектің астау тәрізді резекциясымен сипатталады. Сондай-ақ бұл кезде қабаттарын ашып, сүйек үсті қабатын сақтап қояды, ал резекциядан кейін олардың шетін жақындатады. Нәтижесінде пайда болған қуысты жабу қажетттілігі туындамайды. Оған антибиотиктер себеді. Балалардың сақталған сүйек үсті қабаты, резекциядан кейінгі қуысты өз сүйек тінімен жабады. Операциядан кейін баланың аяғын бірнеше айға иммобилизациялайды. Жүргізілген радикальдық операция созылмалы остеомиелиттің толық жазылуына әкеледі.
Бірақ емдеу үшін дұрыс уақыт таңдап алу қажет. Ол анық құрылған секвестрді және айналасында склероз болғанда жасалу керек.
Ерте жасалған операцияларда қалыптасқан сүйекті ауру сүйектен ажырату қиын. Нәтижесінде, ондай операциялар нәтижесінде толық қалыптаспаған склероз сүйектің патологиялық сынуына әкеледі.
Остеомиелитің ұзақ емінен кейін балаларға емханалық бақылау мен қалыптастыру емі белгіленеді. Остеопороз ошағының остеосклерозбен ауысып, периостальдық реакция жоғалғанға дейін аяқтары иммобилизацияланып, жүктеме түсіруге тыйым салынады. Жедел қабыну көріністері, яғни клиникасында және қан талдамаларындағы өшкеннен кейін иммобилизация режимін әлсіретуге болады. Түнге қарай лонгетті шешуге болады. 1 жыл ішінде сүйек тінінің қалыптасу үрдісін тездету үшін 3-4 рет 10 күндік кальций және фосформен электрофорез жасау ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет