Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет153/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Остеомиелиттiң сепсис түрiнде байқалатын түрi (қан iрiңдiгi, септико-пиемиялық түрi). Аурудың бұл түрi остеомиелит ауруының көп кездесетiн ауыр түрлерiнiң бiрiне саналады. Алғашқы күндерден бастап қанға iрiңдi қоздыратын микроорганизмдер түсiп - организмде сепсис үрдісi бiлiнедi. Аурудың клиникасы, баланың организмiнiң қатты уланғанын көрсететiн, қызуының өте жоғары көтерiлуiмен, денесiнiң бозарып, сарғайыңқырауымен, құсқысы келiп лоқсуымен, тамаққа деген тәбетiнiң жойылуы, қан қысымы төмендеп, тамыр соғысы жиiлеп, iшi өтiп, зәрдiң азаюымен байқалады. Сонымен бiрге бала денесiнiң ауыратын жерiн де анық көрсетедi. Ауруға шалдыққан бала аяқ-қолын ауру сезiмiнiң өткiрлiгiне байланысты өз қажетiнше қозғалта алмайды. Ауруға дер кезiнде ем қолданылмаса, гипоксия мен уланудың әсерiнен әр түрлi неврологиялық симптомдар пайда болуы мүмкiн.
Объективтi тексеру кезiнде - ауырған сүйек тұсының аздап iсiнгенi, оны басып көргенде ол жанға батып, қатты ауыратыны, сонымен бiрге бала ауырған сүйегiн толық көлемде қозғалта алмайтындығын көруге болады. Мұнымен бiрге iсiнiп тұрған сүйек терiсiнiң түсi аздап мәрмәр түске көмкерiледi. Көк қантамырлары бiлеуленiп iсiнедi. Салыстырып сипап қарағанда баланың ауруға шалдыққан ауданы терiсiнiң қызуының жоғарлағаны сезiледi. Мұнымен бiрге өкпе тұсында дымқыл сырыл естiледi. Жүрек дыбысы баяулайды, оның ұшында әр түрлi шулар байқалады. Бауыры iсiнiп, оң жақ қабырға тұсынан 3-4 см төмен түсiп кетедi. Қанға түскен iрiңдi ауруларының микробы басқа сүйектерде остеомиелит ауруын қоздыруы мүмкiн. Олай болғанда басқа, бiр сүйектiң тұсы iсiнедi, аурудың алғышқы белгiсi байқалады.
Емдеу - Т.П.Краснобаевтың үш принципiн сақтауға негiзделген. Улану мен сепсистiң ауыр байқалуына сәйкес экстракорпоральдық емдеу тәсiлдерiн мол пайдалану қажет. Организмдегi қан және сұйықтар көлемiн толтыру үшiн және уытты денеден тездетіп шығару үшiн - үстемелеп зәр шығару әдісін, қан тамырларына төменгi молекулалы сұйықтар құя отырып атқару керек. Негiзгi ауруға шалдыққан сүйектен басқа, жаңа пайда болған ауру ауданын жуып тазалау негiзгi ауруға шалдыққан ошақпен бiрдей болуы керек. Сүйектiң iшiне операция жасау, жуу тәсiлi жоғарыда өзiмiз жазғандай болып атқарылады.
Остеомиелиттiң токсико-адинамикалық түрi. Остеомиелиттiң бұл түрi сирек кездеседi. Ауру жойқын ауыр "соққы" секiлдi байқалады. Алғашында клиникасында остеомиелит ауруына сәйкес белгiлерi бiлiнбейдi, керiсiнше организмнiң жалпы ауыр уланған симптомдары көрiнедi, дене қызуы бiрден 40-41 С дейiн көтерiледi, үздiксiз құсады, денесi сұрғылттанып, мәрмәр түстес болып өзгереді. Қан қысымы төмендеп, тахикардия байқалады. Сонымен бiрге бас мидың сыртқы қабы қабынып iсiнгенiне сәйкес, байқалатын менингиальдi белгiлерi бiлiнедi, ал баланың дене терiсiне әртүрлi бөртпелер пайда болады. Көп ұзамай бала ес түссiз қалуы мүмкiн. Аурудың өрт секiлдi тез қаулап өрбуi остеомиелитке шалдыққан сүйектегi қабынуға сәйкес келмейдi. Синдромдармен күресу арқылы жүргiзген емнiң нәтижесiнде остеомиелитке тән белгiлерi баланың 3-4 күн өткеннен кейiн ғана байқалады.
Диагнозды анықтауға ауруды аса үлкен ыждағаттылықпен тексеру, күнде денесiн ұстап көру, болатын реакцияны аңғару көмектеседi. Синдромдарын басуға негiзделген емдеу жолдары, қазiргi кезде мүндай аурулардың көбiнiң өмiрiн сақтап қалуға пайдасын тигiзiп жүр. Қан талдамасында байқалатын өзгерiстердiң өзi де ауырғанына 1-2 күн өткеннен кейiн ғана анықталады. Бұл кезде диагностиканы анықтауға қолданылатын сүйек арнасын инемен тесу, оның қысымын анықтау, остеомедуллография жасау тәсiлдерi де кеңiнен пайдаланылады.
Емдеу алғашында балалар хирургиясы бөлiмшесiнде жүргiзiлмейдi, бала жұқпалы аурулар бөлiмiн немесе ауруханалардың реанимация бөлiмiне түседi. Осы жерде диагнозды анықтағанша синдромдарға қарсы ем қолданылады. Диагноз анықтала салысымен iрiң пайда болған сүйек қуысы операция жасау тәсiлiмен жуып тазаланады. Басқа ем жасау тәсiлдерi жоғарыда остеомиелиттiң басқа түрлерiндегiдей деңгейде жүргiзiледi.
Жалпақ сүйектегi остеомиелит ауруы. Жалпақ, iшiнде қуысы қаналы жоқ сүйектердiң iшiнде остеомиелит үрдісi көбiне жамбас сүйгiнде, қабырға сүйектерде, бас сүйектерiнде жиiрек, ол омыртқа сүйегiнде сирек кездеседi. Сирек кездесуiне қарамастан омыртқада болатын остеомиелит ауруы, егер тез көмек көрсетiлмесе, сепсиске әкелiп соғады, жұлынға жайылады. Аурудың клиникасы баланың дене қызуының жоғарылап, сүйек тұсында өткiр ауыр сезiмiнiң пайда болуымен басталады. Сүйек тұсындағы ауырсыну сезiмi алғашында аса қатты жанға батпағанымен келе-келе өзiнiң функциялық қызметiн атқарудан қалады. Мысалы жамбас буыны ашылмай, баланың аяғы iшiне қарай бүрiседi. Жамбасты ашып, аяқты көру мүмкiн болмайды, өйткенi бұл кезде ауру қатты қозғандықтан бала қатты мазасызданады, жылайды. Сүйек тұсы iсiнiп, ептеп қызуланады. Баланың терiсi мәрмәр түстес болып өзгередi, дем алысы, тамыр соғысы жиiлейдi, қан қысымы төмендейдi, бездерi iсiнедi, бауыры үлкейедi. Қан анализiнде iрiңдеген қабынуға сәйкес белгiлер байқалады.
Диагнозды анықтауға қатты ауырып тұрған сүйектi жуан инемен тесiп тексеру көмектеседi. Остеомиелитке шалдыққан ауданнан көбiне iрiң алынады. Алғашқы күндері сүйектi рентгенмен тексеру, диагнозды анықтауға көмектеспейдi.
Емдеу: Т.П.Краснобаевтың 3 принципiн сақтау негiзiнде жүргiзiледi. Сүйектiң қабынған ауданына ине қалдырып, iсiнген ауданның терiсi тiлiнедi. Сүйектiң сыртқы жұмсақ қабы осы аудан деңгейiнен тiлiнiп, негiзгi сыртқы сүйек пластинкасы үш жерден 2,0 мм кемiк сүйекке дейiн тесiк жасалынады. Сүйек iшiне 8-10 күнге дейiн күнiне 3 рет антибиотик енгiзiледi. Бiр айдан кейiн рентгенге түсіріліп, сүйектiң остеомиелитпен қабынған ауданын баға берiледi. Остеомиелиттiң жамбас сүйектi қамтыған түрi баланы мүгедекке әкелiп соғуы мүмкiн, осыны алдын-ала ескерiп, ортан жiлiктiң басы кiретiн жамбас шұңқыры қабынғанда аяқты жабысқақ лентамен немесе Унна пастасымен бекiтiлген дәкемен созып, оған арнайы салмақ байлап қою керек, ал шатты керiп бекiтедi. Осылайша бекiтудiң әсерiнен жамбас шұңқырынан ортан жiлiктiң басы шақпайтын болады, кейiннен баланы мүгедек болудан сақтайды. Жамбас сүйегінің мықын остеомиелитінде сүйек асты қабына резекция жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет