Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет161/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Аппендикуллярлық инфильтраттың түзілуі бала организмінің қабыну ошағын «қоршау» мүмкіншілігін көрсетеді, бірақ бұндай үрдіс балаларда әдетте өте сирек кездеседі. Бұл асқыну үлкен балаларда жиі (10-14 жас) болады. Себебі, оларда шаршы майдың жеткілікті ұзаруы (2 см кіндіктен төмен) 3 жастан бастап болады. Балалардағы аппендикуллярлық инфильтрат түзілуі кеш диагностикаға, немесе басқа себептерге байланысты. Көбінесе аурудың басталуынан 3-5 күннен кейін түзіледі. Аппендикуллярлық инфильтраттың клиникалық симптомы екі кезеңнен тұрады.
Қабыну ошағының шектелуі және инфильтраттың түзілуі (I кезеңі). Баланың жағдайы орташа ауырлықта. Инфекцияның түзілуі кезінде іштегі ауырсыну аз болады, бірақ біртіндеп көтеріліп (ішектің перистальтикасы күшейгенде) уыттану (интоксикация) көрінісі болады. Дене қызуы 38-390С, айқын тахикардия байқалады. Ішті қарағанда: желденген, тыныс алуда оң жақ бүйірі қалыс қалып отырады. Пальпация кезінде: бірінші күндері құрсақ қабырғасының қатаюы, Щеткин-Блюмберг симптомы болуы, оң жақ мықын аймағында тығыз, ауыратын, жылжымайтын, бұдылау ісік анықталады. Ісік көлемі әр түрлі, кейде ол құрсақ қуысының оң жағын толық алады, тіпті ортаңғы сызықтан асуы мүмкін. Тік ішекті тексергенде (міндетті түрде) оның оң жақ қабырғасының ауырсынуы, тіпті қатаюы анықталады. Құрт тәрізді өсіндінің атипті орналасуы кезінде инфильтраттың анықталу орны өзгереді: оң жақ бел аумағы, кіші жамбас қуысында, құрсақ қуысының сол жағында.
Аппендикуллярлық инфильтраттың I сатысында дизуриялық өзгеріс, сұйық нәжіс болады (әсіресе кіші жамбаста болғанда). Қан талдамасында лейкоциттердің көбеюі, лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы, ЭТЖ жылдамдауы анықталады.
I дәрежені аппендикуллярлық инфильтраттың өту ұзақтығы баланың жасына, реактивтілігіне, қабыну үрдістің даму дәрежесіне, емдеу қарқындылығына байланысты. Орташа алғанда ол 12-14 күнге созылады.
Аппендикуллярлық инфильтраттың кері дамуы (II кезеңі). Үрдістің II кезеңге ауысуы кезінде бала жағдайы жақсарады, іштегі ауырсыну азаяды, қызуы түседі, дизуриялық көріністер жоғалады, уттану белгілері біртіндеп азаяды, жүрек айнуы, құсуы тоқтайды, тәбеті жақсарады. Бала белсенділеніп, қоршаған ортамен жақсы қатынасқа түседі. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, дем алуға қатысады. Оң жақ қабырға астында аз ауырсынатын айқын шекаралары бар, қозғалмалы тығыз түзіліс анықталады. Көлемі баланың ауруханаға түскен кездегі көлеміне қарағанда азаяды. Қан талдамасында лейкоциттер мен нейтрофилдер саны қалыпқа келеді. Эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарлауы (30-50 мм/сағ.) ұзақ уақыт бойы сақталады.
Инфильтраттың еруі, жоғары қызумен, гектикалық сипаттағы, іштегі ауырсынудың пайда болуымен, құсу, ішастардың тітіркенуі синдромымен көрініс береді. Қарағанда іші кепкен, оң жақ көлемі үлкендіктен асимметриялы, кейде оң жақ теріде гиперемия пайда болады. Пальпаторлы инфильтрация маңайыда ауырсыну, флюктуация анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы өте айқын, ішек өтімсіздігі жиі пайда болады.
Аппендикуллярлық инфильтратта ең қатерлі асқынуы іріңнің құрсақ қуысына өтіп жайылмалы перитонит тудыруы. Ірің кейде тік ішекке ашылып, тазарып, бала жағдайы жақсаруы мүмкін.
Аппендикулярлық инфильтраттың балалардағы емі әдетте консервативті болады.
I кезеңде балаға қатаң төсектік режим, аяқ жағына жоғары қалып береді. Тамақ - жеткілікті қорытылатын, ішек перистальтикасына күш түсірмейтін және ашу үрдісін болдырмайтын болуы керек. Кең спекторлы антибиотиктерді тағайындайды. Инфильтраттың шектелуіне ұзақ уақытты эпидуральдық анестезия және физиопроцедуралар жүргізеді. Инфильтрат аймағына мұзды басады. Сонымен қатар, жалпы организмді күшейтетін және стимуляциялайтын белсенді ем қабылданады (қан трансфузиясы, плазма, альбумин, витаминді ем, инсулин- глюкозатерапия және т.б.).
II кезеңде баланы төсектік режимде қалдырады. Диетада котлеттер, қатық, ірімшік береді. Антибиотиктерді қабылдау, эпидуральді анестезия, физиоемді жалғастырады, жергілікті жылы компресстер қолданады.
Науқас бала барлық клиникалық көріністер жоғалған соң және қан талдамасы дұрысталғаннан кейін ғана тұрады. Осы кезде антибактериалды емді алып тастайды және 1 аптадан соң науқасты стационардан шығарады. Аппендикулярлы инфильтрат болған баланы 2 айдан кейін ауруханаға жатқызылып аппендэктомия жасайды.
Іріңдеген аппендикулярлық инфильтраттың емі.Абсцеске жету жолы оның орналасуына байланысты. Оң жақ мықын аймағында орналасса, Волкович-Дьяконов тәсілі, ретроцекальдық абсцессте – тілуді бел аймағына дейін созады, немесе мықын сүйегінің қырқасында жасайды. Дуглас абсцессін тік ішек арқылы тіледі. Оперативтік көмектің түрі іріңдіктің құрсақ қуысындағы орналасу орнына байланысты болады.
Құрсақтың алдыңғы қабырғасына жабысқан абсцестің операциялық техникасы. Флюктуация орнында тері мен тері асты шел майын тіледі. Тұйық әдіспен инфильтрацияланған бұлшық етпен ішастарды ашып, абсцесс қуысына түседі. Іріңді сорып, антибиотикпен шайып, абсцесс қуысын суда еритін майлар жағылған дәкелік жолақтармен тампондайды да, 3-4 күнде антибиотикпен қуысты шаю үшін ішіне ниппельді микроирригатор енгізеді.
Егер абсцесс өздігінен жарылса, лапаротомия жасап, құрсақ қуысынан іріңді сорып, ниппельді микроирригатор қояды.
Іріңдеген аппендикулярлы инфильтраттың операциядан кейінгі емі. Деструктивтік аппендициттің еміне ұқсайды (антибактериальдық және уытсыздандырулық (дезинтоксикациялық) ем). Тампондарды біртіндеп шығарып, 7 күннен кейін алып тастап, жаңасын салады, таңғышты наркозбен жасайды. Стационардан шығару баланың жағдайына, жараның жазылуына байланысты. Ата-анасына өсіндіні алынбағанын және 2-3 айдан кейін жоспарлы аппендэктомияға келу керектігін айту керек.
Операция кезіндегі хирургтың аппендикулярлық инфильтратты кездейсоқ табуындағы тактика. Бұл кезде тактика әр түрлі болады. Егер өсінді жабысқақтармен қоршалған және жанындағы мүшелерден оңай ажыратылса - қарапайым аппендэктомия жасайды. Егер инфильтрат тығыз, қозғалмайтын, жақсы шектелген болса, өсіндіні алуға болмайды, себебі жайылмалы перитонит болуы мүмкін. Сондықтан, инфильтрат маңына дәкелік тампон мен микроирригатор орналастырылады. Ішастар микроирригаторға дейін тігіледі. Операциядан кейін балаға жалпы күшейтетін және антибактериалдық ем тағайындалады. Тампонды 3-5 күнде тартады, 7-ші күні алады. 2 айдан кейін жоспарлы аппендэктомия жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет