Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Жедел аппендициттің диагностикасындағы қателіктер



бет162/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Жедел аппендициттің диагностикасындағы қателіктер
Жедел аппендицит – бала жасындағы хирургияда ең жиі және ең қатерлі дерт. Жедел аппендициттің клиникалық көріністерінің ең көп болуы және құрсақ қуысының хирургиялық ауруларының клиникасын жиі беретіндіктен, оны келесі аурулармен ажырату диагностикасын жасайды: оң жақтық базальды плевропневмония, баспа кезіндегі абдоминальдық синдром, Шенлейн-Генох ауруы, құртты инвазия, гастрит, колит, холецистит, мезаденит, цистит, тұмау кезіндегі абдоминальды синдром, ревматизм.
Жедел аппендицит кезінде диагностикалық қателіктердің себебі - баланы толық зерттемеу, бастапқы мәліметтерді дұрыс бағаламау және аппендициттің қалыпты ағымынан өзгеше өтуі, қызылшаның бастапқы кезеңінде, инфекциялық гепатит кезінде эпидемиологиялық анамнезге көңіл бөлінбеуі. Аппендициттің маңызды көріністеріне: жоғары температураға, құсуға, іш өтуіне көңіл аудармау, құрсақ қуысының пальпациясын жасамау, тік ішекті саусақпен тексермеу, жедел аппендицит диагнозы қойылмау салдарынан, баланы соматикалық бөлімдерге бағыттап, динамикада бақылау жүргізілмеу асқынуларға әкеледі.
Көптеген дәрігерлердің осы қарапайым және ақпаратты зерттеу әдісін неге жүргізбейтіндіге таң қалуға болады. Жедел аппендицит кезіндегі типті клиникалық көрініс болған жағдайдың өзінде саусақпен ректальдық зерттеу мәліметтерін бағалай білу керек.
Екінші жиі кездесетін қателік - дәрігерлердің кішкентай балалардағы жедел аппендициттің клиникалық көріністерін жетік білмеуі. Алғаш қараған кезде, балалар жасындағы аппендициттің атипті түрі жиі кездесетіні парадокс ретінде көрінуі мүмкін, бірақ бұл расында да жиі кездеседі. Дене қызуының 400С-қа көтерілуі, іш өту, көп рет құсу, әлсіздік, апатия, прогресті сусыздану, менингиальдық симптомдар аппендициттің типті клиникасы. Балалар жасындағы аппендицит диагнозының қателіктері, асқынулары жиі кездесетіні соған байланысты.
Құрт тәрізді өсіндінің анатомиялық орналасу ерекшелігіне байланысты қателіктер көп жіберіледі. Олар: ретроцекальдық, жамбас ішілік, бауыр астылық жедел аппендициттер. Бұл түріндегі аппендициттерді атипті деп айтуға болмайды - себебі олар жиі кездеседі. Жедел аппендициттің түрлерінің өту ерекшеліктерін айтып кетсек – ретроцекальдық жамбас ішілік аппендицит кезінде оң жақ қабырға астында ауырсыну болмайды және бұлшық етінің қатаюы анықталмайды. Осы мәліметтерге қанағаттанған және құрсақ қуысының жедел хирургиялық патологиясының жоқ екеніне сенген дәрігер үлкен қателік жібереді.
Басқа бір аурумен зардап шегіп жүрген балаларда жедел аппендициттің клиникалық көрінісі диагностикалық қиыншылықтар тудырады. Г.А.Баиров және Н.В.Потанин (1970) Шенлейн-Генох ауруының абдоминальдық түрі бар балалардағы жасалынған 20 аппендэктомия операциясын толық зерттеді. Авторлар көрсеткендей бұл жағдайда диагноз қоюға теріде геморрагиялық диатездің болмауы әсер еткен.
Кейінгі жылдары жедел аппендицитпен жедел аденовирусты инфекция арасындағы ажыратулық диагностикалық қателіктер көп кетуде. Аденовирустық аурулардың маусымдық өршуі кезінде хирургиялық бөлімшеге «жедел аппендицит» деген диагнозбен науқас балалар көп түседі, сонымен қатар қателіктер саны да өсіп, қажет емес аппендэктомия операциялары жасалады және жедел аппендицит диагнозының кеш қойылу жағдайлары да өседі. Аденовирустық инфекцияның эпидемиясы кезінде іші ауыратын әрбір баланы балалар хирургиясына бағыттау қажет. Вирусты илеоцекальдық мезоденит кезінде инфекциялық токсикалық фактор әсерінен, бірнеше сағат ішінде, құрт тәрізді өсіндінің шажырқай тамырларының тромбозы пайда болуы себепті, құрт тәрізді өсінді некрозға ұшырайды. Бұл жағдайда жіберіп алған немесе уақытында анықталмаған аппендицит туралы айту ерте, себебі аденовирустық инфекция кезінде құрт тәрізді өсіндіде деструктивтік өзгерістер бірнеше сағат ішінде пайда болады.
Жедел аппендицит кезінде емдік-тактикалық қателіктер негізінен операция алды және операциядан кейінгі кезеңдерде қарқынды терапияны дұрыс жүргізбеу және аппендикулярлық перитонитті дұрыс емдемеу салдарынан болады. Бұл қателіктерді көбінесе жалпы профильді хирургтар жібереді және бұл қателіктер кейінгі кезде өте сирек кездеседі. Балалар жасындағы аппендикулярлық перитонит кезінде операцияны аяқтау жөнінде бірнеше пікірлер бар. Кейбір клиникаларда, құрсақ қуысын дренаждамай, перидуральды анестезия қолданып, жеделдетілген диурез жасайды. Басқа клиникаларда интраоперациялық және операциядан кейінгі лаваждар қолданылады. Ал кейбір клиникалар, ішек интубациясын жасауға басты көңіл аударады. Бірақ, барлық клиникаларда бос құрсақ қуысын тампондау әдісінің өзін-өзі ақтамайтынын мойындайды, «құрсақ қуысына тампондарды тек қана өсіндіні жартылай алған кезде, немесе болбыр жабысқақтан аққан қанды тоқтату мүмкін болмаған кезде ғана салады».
Аппендэктомия жасау кезінде техникалық қателіктер, көбінесе кисеттік тігіс салған кезде жуан инелерді қолданғанда болады, бұл әсіресе кіші балаларда өте қауіпті. Осы қателіктерді болдырмау үшін лигатуралық әдіс қолданады. Жіңішке және атравматикалық инелер жоғарыда көрсетілген қатерді болдырмауға және құрт тәрізді өсіндінің тұқылын жақсылап жасыруға көмектеседі. Соңғы 5-10 жыл арасындағы өлімділік динамикасының өзгеруін зерттеу және соңғы 15 жыл арасындағы балалардағы жедел аппендицитті емдеудің қолайсыз нәтижесін зерттеу келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:

  1. Бала жасындағы жедел аппендициттің қолайсыз аяқталуына кеш диагностикалау, негізгі үрдістің асқынуы, ауыр асқынулардың қосылуы әсер етеді.

  2. Диагностикалық қателіктерге және диагноздың кеш қойылуына: саусақпен ректальдық тексеру жүргізбеу, 3 жасқа дейінгі іші ауырған балалардың барлығын ауруханаға жатқызу туралы заңды дөрекі бұзу әсер етеді.

  3. жедел аппендицитпен науқастану салдарынан қайтыс болған балалар негізінен 3 жасқа дейінгі балалар. Оның себебі - ол балаларда деструктивті үрдістер және жайылмалы перитонит жиі кездеседі және 3 жасқа дейінгі балаларда аппендицитті диагностикалау өте қиын.

  4. Аденовирустық инфекцияның эпидемиясы кезінде абдоминальдық синдромы бар балаларға ерекше көңіл аудару керек.

  5. Басқа аурулары бар (баспа, тұмау, ревматизм, ішек инфекциясы) балалардағы абдоминальдық синдромның болуы жедел консилиум шақыруды қажет етеді және оған міндетті түрде балалар хирургы қатысуы керек.

  6. Әрбір қателікті талдау, аппендицитті барлық мамандармен бірігіп емдеу, алғашқы буын дәрігерлерінің үнемі біліктілігін жоғарлату балалардағы жедел аппендицит салдарынан болатын өлімділікті төмендетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет