Байланысты: Balalar khirurgiasy kaz medical students
Iш пердесiнiң жалпы қабынуы (кең жайылған перитонит ауруы). Iш пердесiнiң қабынуы көптеген аурулардың нәтижесiнде байқалады. Перитониттi қоздырушы ауруларының ең көп тараған түрi - аппендицит. Перитониттi қоздырушы аурулар қатарына, сонымен қатар iшкі ағзалардың туа жетiмсiздiктерi, өт жолдарының, ұйқы безiнiң қабынулары. Iш ағзаларының зақымдануы нәтижесiнде болатын перитониттер, түрлi жүқпалы аурулар (iш сүзегi, туберкулез, актиномикоз) салдарынан болатын iш пердесiнiң спецификалық қабынулары, жыныс ағзаларының қабынулары жатады.
Перитониттің клиникасы. Перитониттің реактивті сатысына оның жергілікті белгілеры тән: іш ауырсынуының артуы, іштің бұлшық еттерінің қатаюы. Жалпы белгілердан бұл стадияда құсу, мазасыздану, тахикардия (1 минутта 100-120 жүрек соғысы), қан қысымының біраз артуы, тахиапноэ (1 минутта 24-28 дем алу), дене қызуының 380С дейін көтерілуі, лейкоцитоз, қан формуласының солға жылжуы.
Уыттану (токсикалық) сатысында – перитониттің жалпы белгілері бірінші орында болады. Аурудың бет-әлпеті солады, терісі бозарады, тахикардия (1 минутта 120-дан жоғары), қан қысымы төмендейді, құсу жиіленеді, оның құрамында ішек сұйықтығы анықталады, дене қызуы 39-400С, лейкоцитоздың жоғарлауы, лейкоцитарлық формуланың солға ығысуы жоғары деңгейде. Ауруда әлсіздік, тілінде құрғақтық, іштің кебуі, іш ауырсынуы барлық аймақта анықталады, іштің бұлшық етінің қатаюы азаяды.
Терминалдық сатысында эндотоксикоз ерте анықталады және ішкі ағзалардың және жүйелердің қызметінің бұзылуы арта түседі: жүрек-тамыр және тыныс алу жетіспеушілігі анықталады. Энцефалопатияның күшеюі науқас адамға адинамия белгілерін береді. Тері және шырышты қабаты бозарып, сарғая бастайды. Бұл белгі бауыр жұмысының жетімсіздігін байқатады. Ішектің парезі іштің кебуіне және ішек перистальтикасының анықталмауына әсерін тигізеді. Іштің бұлшық еттерінің қатаюы және ауырсыну байқалмайды. Дене қызуы төмендейді. Қанда іріңді-токсикалық өзгерістер анықталады.
Диагностикасы:
Іш қуысының рентгеноскопиясы және рентгенографиясы