Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет152/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Метафиз бен эпифиздi қамтыған остеомиелит ауруы. Ауру 5-14 жастағы балалар арасында кездеседi. Негiзгi белгiсi аурудың көбiне жарақаттан кейiн, денесiнiң қызуы 38-390С-қа дейiн көтерiлiп, сүйек бойында қатты шаншып бiлiнетiн ауру сезiмi пайда болуы арқылы басталады. Ауру сезiмi бала қозғалғанда, орнынан тұрғанда қатты қозатындықтан өзiнiң атқаратын функциясын атқара алмайды.
Тамыр соғысы жиiлеп, ентiгу көбейiп, бауыры iсiнедi. Тамаққа тәбетi тартпайды.
Объективтi тексеруде ауруға шалдыққан сүйек бойындағы тiндер iсiнiп көрiнедi, алайда ол аудан тек бiлеуленiп iсiнедi, қызармайды. Ұстағанда жылу сезiмi басқа аудандардан жоғары екендiгi сезiледi. Бұл ретте бала қатты мазасызданып, әбiгерленедi, жылайды, сүйек тұсының қатты ауырғанын айтады.
Рентгендi пайдаланып суретке түсiргенде сүйекте ешқандай да жарақаттың iзi жоқ екенi анықталады.
Егерде бұл үшiн электрорентгенография тәсiлiн пайдаланатын болсақ, сүйекті қоршаған бұлшық еттердiң контурының бұлдырап көрiнгенiн аңғаруға болады. Сүйектiң жәй көзге көрiнетiн алғашқы өзгерiстерiн 14-21 күннен кейiн түсiрген суреттерден байқалады. Суреттiң өн бойында тұманданып тұрған көлеңкенi сүйектiң ауруға шалдыққан бөлiгiнің бұлдырап - сүйек таяқшаларының контурының дараланбай жайыла басталуымен байқалады.


Сурет V.2. Метаэпифизарлық остеомиелит

Диагнозды жедел жағдайды анықтауға сүйек қуысындағы қысымды өлшеу басты роль атқарады. Осы үшiн сүйек метафизiнiң тұсынан сол кеңiстiкке сүйек инесi қойылады. Осы ине арқылы - алдыменен сүйек майының түсi байқалады - қалыпты жағдайда қою қоңыр түстi, онда басқа бiр қосылыстар көрiнбейдi. Егер сүйек майы iрiңдесе, онда қою қоңыр қызыл қанмен бiрге ине арқылы iрiң шығуы мүмкiн. Немесе ыдыраған сүйек майы шығады. Түсiнiксiз жағдай болғанда сүйек қуысының қысымы анықталады. Оны Вальдман аппаратымен анықтау қажет.


Метафизге енгiзiлген инемен сүйек арнасына суда жақсы еритін верографин, кардиотраст, уротраст, уротраст контраст дәрiлерiнің бiрі 5-10 мл көлемде енгiзiледi. Рентген суретiн түсiрудi контраст затты инеге енгiзiп жатқан кезде, содан соң он минуттан кейiн қайталайды. Егер контраст заттар 10 минуттан кейiн түсiрiлген рентген суретiнде байқалынса, онда сүйек майы қабынуға ұшыраған, яғни ауруда остеомиелит үрдісi бар деген сөз.
Қан талдамасынан ақ қан түйiршiктерiнiң 15-20 мыңға дейiн көбейгенi, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылағаны, анемия анық аңғарылады.
Остеомиелиттi емдеу кезiнде iрiңдi ауруларды емдеуде қолданылатын 3 принцип толығымен сақталады. Ол принциптiң негiзгi қалаған Т.П.Краснобаев (1925). Остеомиелиттi емдеу кезiнде бiрiншiден микробтарға яғни микроорганизмдерге қарсы қолданылатын дәрiлердi, екiншiден, микроорганизмнiң өзгерiстерiн қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiледi, үшiншiден дененiң бүлiнген, қабынған жерiнен iрiңдi тездетiп шығарады. Микробтарға қарсы қолданылатын дәрiлер қатарына нитрофуран дәрiлерiнiң қосындылары да жатады. Ол антибиотиктер мен сульфаниламид дәрiлерiнiң көмегi болмаған кезде қолданылады. Кейде антибиотиктермен қосып пайдаланған да тиiмдi.
Сүйектiң бүлiнiп-қабынған бөлiгiн емдеу (остеоперфорация). Остеомиелиттiң салдарынан сүйектердiң белгiлi бiр бөлiгiнде iрiң пайда болады. Сол сүйектердiң iшiнде орта жiлiк пен кәрi жiлiкте остеомиелит жиi кездеседi. Остеомиелитi бар сүйекке, оның екi ұшына операция жасар алдында диагнозды анықтау үшiн ине қойылатыны айтылған. Сол инелер операция кезiнде және операциядан кейiн де қалдырылады. Операция жасайтын ағзаны жоғарғы жағынан қатты тартып, қан жүрмейтiндей етiп бұрау салынады, содан соң қабынған жердiң терiсiн сүйек бойымен тiледi, бұлшық еттер бiр-бiрiнен жайлап ажыратылады да ең соңында сүйек қабына жетедi. Егер остеомиелиттiң алғашқы сатысы болса, онда сыртқы сүйек қабы қызарып, iсiнiп тұрады, кескен кезде астынан фибрин пленкалары ғана шығады. Ал остеомиелиттiң асқынған сатысы болса, сүйек қабына жеткен кезде, оның тырсылдап астынан iрiң кернеп тұрғаны байқалады. Сүйек қабын жарғанда қан аралас iрiң шығады.
Сүйектiң өзгерiске, ұшырған жерiн анықтаған соң оның ортасынан диаметрi 0,4-0,5 мм шамасында, бiр-бiрiнен 2 см-дей қашықтықта үш тесiк теседi. Жiлiншiк тесiлгеннен кейiн, жоғарғы және төменгi ине арқылы көп мөлшерде антибиотик араласқан новокаиндi, қалыпты тұздың ерiтiндiсiн, фурациллиннiң әлсiз ерiтiндiсiмен жуады. Жууға қажеттi сұйықтықтың көлемi 1-5 литрге дейiн болуы ықтимал. Жараның ортасына, резинадан, арнайы iрiң шығарғыш қалдырған жөн, өйткенi алғашқы 2-3 күн iшiнде жарадан қан аралас iрiң бөлiнiп тұрады. Операция соңында бұрауды аздап босатады да, балаға жүректiң жұмысын жақсартатын дәрiлер егедi.
Бұл айтылған операция жiлiншiк сүйектердегi остеомиелиттi емдеуде қолданылады. Ал қабырға сүйектегi остеомиелиттi емдеу үшiн остеомиелит болған ағзаны қан тамырыларының жүрiсiне қарай тiледi. Тiндердi ысыра отырып, сүйектiң сыртқы қабатын теседi. Сонан соң сүйекке жарасы жоқ жерден ине енгiзедi. Бұл операция жараны тiлудi қажет етпейді. Кейде оған жақын-дастырушы тiгiс салады. Егер остеомиелит сүйектiң кемiк жерiн бүлдiрсе, сөйтiп буынға iрiң жиналса, онда буынды инемен тесiп iрiңiн сорып алады, бұл ең тиiмдi емдеу жолы болып табылады.
Операциядан соң микробтарға қарсы әр түрлi дәрiлер берiледi, қан құйылып, өкпе, жүрек жұмысын жақсартатын емдер қолданылады. Сүйекке қалдырылған инелер арқылы күнiне екi мезгiл антибиотик дәрiлерiн енгiзедi. Сүйекке антибиотик дәрiлерiн 7-8 күнге дейiн салады. Содан соң иненi алып, сүйектiң ауруға шалдыққан жерiне ионофорез тәсiлiмен әр түрлi дәрiлер берiледi.
Остеомиелит асқынбай бiрқалыпты өтетiн болса, онда баланы емдеу ұзақтығы бiр жарым айдан аспайды. Кейiн баланы емханада дәрiгерлерге көрсетiп, үнемi кеңесiп отыру керек. Аяғындағы гипсi ауруханадан шыққан соң бiр айдан кейiн алынады. Гипстi алған соң аяғын басуға рұқсат етiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет