Реферат Жоспар: ms dos және norton commander ms dos операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі



бет1/5
Дата07.09.2020
өлшемі54,05 Kb.
#77576
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
MS DOS операциялық жүйесі туралы
AutoCAD графикалық редакторы

MS DOS операциялық жүйесі туралы қазақша реферат

Жоспар:

1. MS DOS ЖӘНЕ NORTON COMMANDER

MS DOS операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі.

2. MS DOS-та каталогтармен жұмыс.

3. COPY – файлдың көшiрмесiн алу командасы.

4. COPY CON – мәтіндік файл құру командасы.

5. MSDOS-та дискілермен жұмыс.

6. NCпрограммасына жалпы түсінік.

7. Norton Commander: каталогтармен , файлдармен және файлдармен жұмыс

MS DOS операциялық жүйесін  1981 ж. Microsoft  фирмасы IBM PC компьютерлері үшін  IBM фирмасының тапсырысымен дүниеге әкелді. DOS – дискiлiк операциялық жүйе.

MS DOS операциялық жүйесi пайдаланушылармен компьютер арасындағы байланысты орнатуға, компьютердiң құрылғысынан өнiмдi пайдалануға жағдай жасайды. MS DOS операциялық жүйесi келесі бөлiмдерден тұрады:

1.Енгiзiп шығарудың базалық жүйесi (BIOS) – енгiзiп-шығару құрылғыларының жұмысын тексеретiн программаларды қамтиды. Бұл программалар компьютердiң тұрақты жадында сақталады.

2.Жүйелiк файлдар (ВIO.SYS, IO.SYS, MSDOS.SYS) – BIOS жүйесінің жұмысын толықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.

3.COMMAND.COM – қолданушының программалары мен берілгендерді жадқа енгізу және оларды өңдеу.

4. CONFIG.SYS – үйлестіруші программа. Оның қызметі – жаңадан қосылатын сыртқы құрылғылардың драйверлерін MS DOS-қа қосу, орыс, қазақ әріптерін пайдалану, пернетақтаның функционалды пернелерімен және виртуалды жадпен жұмыс істеуін ұйымдастыру.

5.AUTOEXEC.BAT – шақыру символын экранға шығару, қажетті программаны каталогтан іздеу, ағымдық ай, күн және уақытты көрсету.

Анықтама: Дискiнiң информациялар жазылған бөлiгi файл деп аталады.

Әрбiр файлдың өз аты болады. Ол негiзгi және қосымша бөлiктерден құралады.

 

Мысалы,     COMMAND.COM



Файлдардың қосымша бөлiгi оның түрiн (типін) анықтайды.

 

Мысалы:



.exe, .com – бiрден орындалатын файлдар;

.Вак – файлдың көшiрмесi;

.Bat – командалық файл;

. sys – жүйелiк файл;

.рas – Паскаль тiлiнде жазылған файл;

.вas – Бейсик тiлiнде жазылған файл;

.txt  — текстік редакторда жазылған файл;

.arj – архивтiк файл.

Файл аты мен кеңейтілмесі нүкте арқылы ажыратылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет