Реферат Жоспар: ms dos және norton commander ms dos операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі



бет2/5
Дата07.09.2020
өлшемі54,05 Kb.
#77576
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
MS DOS операциялық жүйесі туралы
AutoCAD графикалық редакторы
MS DOS-та каталогтармен жұмыс.

Дискiдегi файлдар саны көп болған жағдайда олармен жұмысты жеңiлдету үшiн ерекшелiктерiне қарай топтарға бiрiктiруге болады. Әрбiр топтың өз аты болады және ол каталог деп аталады.

Мысалы:

Каталогтың қосымша бөлiгi болмайды. Каталогтың iшiндегi файлдың жазылуы: Basic \ kin 1. Bas

Басқа каталогтың iшiнде орналасқан каталог iшкi каталог деп аталады.

MS DOS операциялық жүйесiнда каталогтармен жұмыс істеу командалары:

1.MD (Make Directory – каталог құру) – жаңа каталог ашу командасы. Мысалы,

1)MDVSTUD – STUD атты жаңа каталог ашу.

2)Md XXX – ХХХ ішкі каталогын ағымдағы каталогта құру;

3)md A:\ Tekst –A: дискісінің негізгі каталогында  Tekst ішкі каталогын құру.

2.CD (Change directory – каталогты өзгерту) – каталогтың iшiне кiру командасы. CD.. – түрінде берілсе  ағымдағы каталогтан шығу командасы.

Мысалы:


1)CDVSTUD – STUD атты каталогтың iшiне кiру;

2)CD \ — ағымдағы дискінің негізгі каталогына көшу.

3.RD (Remove directory – каталогты жою) – каталогтi жадыдан өшiру командасы.

Мысалы, RDV STUD – STUD атты каталогты жадыдан өшiру.

4.DIR – каталогтың мазмұнын экранға шығару командасы.

Мысалы:


1)dir – ағымдағы каталогтың тарауларын көрсету;

2)dir *.exe —  кеңейтілмесі .EXE болатын ағымдағы каталогтағы файлдар туралы мәліметтер беру;

3)dir a: — ағымдағы A: дисководындағы каталог тарауларын көрсету ;

4)dir / P – ағымдағы каталог туралы мәліметтерді экранның толуына байланысты үзіліспен беру;

5)dir /W – ағымдағы каталогтағы мәліметтерді кең форматта беру;

6)dir /o /p – ағымдағы каталогтың мәліметтерін сорттау арқылы беру (ең алдымен ішкі каталогтар, сонан соң файл аттары және кеңейтілмесі).

3.3.MS DOS-та файлдармен жұмыс iстеу командалары.

 4.COPY CON – мәтіндік файл құру командасы.

Мысалы, Copy con Kniga1.txt – Kniga1.txt мәтіндіік файлын құру командасы. Бұл команданы енгізгеннен соң файл текстін қатарларға жазуға болады. Әр қатар біткен соң Enter пернесін басу қажет. Соңғы қатарды теріп болғаннан соң F6 пернесін, сонан соң  Enter пернесін қайта басу керек. Copy командасы

1 file(s) copied

(Бір файл көшірілді)

деген хабарлама шығарады және дискіңізде осы атпен файл пайда болады.

2. REN – файлдың атын өзгерту командасы.

Мысалы, REN_ kin 1. bas _ Saule. Bas – kin 1.bas файлдың атын Saule.bas деп өзгерту.

 3.COPY – файлдың көшiрмесiн алукомандасы.

Мысалы, COPYV kin 1.bas V tab 1.bas – kin 1.bas файлының көшiрмесi tab 1.bas файлында шығады.

4.DEL – файлды жадыдан өшiру командасы.

Мысалы, DEL V  kin 1. bas – kin 1.bas атты файлды жадыдан өшiредi. Del *.bas – қосымшасы  bas  болған барлық файлдарды жадыдан өшiредi.

5.MOVE – файлдарды екінші бір каталогқа көшіру командасы. Команда форматы:

MOVE (/Y) файл – аты    каталог – аты

Бір файлды екінші бір каталогқа көшіру барысында файл атын өзгертуге болады. Команда форматы:

MOVE (/Y) файл-аты  (дисководJ (жол) файлдың жаңа аты

Егер ауысатын каталогтың ішінде осы аттас файл бар болатын болса, оны автоматты түрде соңғы файл атына өзгертеді.

Мысалы:


1) MOVE *.doc d: — кеңейтілмесі  .doc  болатын барлық  файлдарды негізгі дискіден D: дискісіне көшіру.

2) move  /y */.doc ARC – негізгі каталогтан кеңейтілмесі .doc файлдарды  ARC  ішкі каталогына көшіру. ARC – каталогы бұрыннан бар болуы керек және аттас файлдар автоматты түрде ауыстырылады.

3)move thesis.bak  a:\thesis.old – thesis.bak файлын  A: дискісіне thesis.old деген атпен көшіру.

4)move .bak a:\.old – бұл команда жалған, өйткені файлдар жиынтығының кеңейтілмесі тек біртіндеп ғана ауыстырылады.

6.FILEFIND  — файлдағы символдар қатары немесе файл аты бойынша дискідегі файлды іздеу командасы. Команда форматы:

filefind  файл-аты (символдар қатары) (универсальды режимі)

Іздеу барысында * және ? символдарын қолдануға болады.

Егер файлды іздеу барысында қандай да бір каталог немесе диск көрсетілмесе дискідегі барлық  каталогтарда іздеу жұмыстары жүргізіледі.

Мысалы:

1)filefind  digger.* — кеңейтілмесі әртүрлі digger атты барлық файлдарды іздестіру;

2)filefind :t.doc – t әрпінен басталатын және кеңейтілмесі .doc болатын барлық файлдарды барлық дискілерден іздестіру;

3)filefind *.doc “Иванов” /c – негізгі С каталогындағы кеңейтілмесі .doc болатын, “Иванов” символдар қатарынан тұратын барлық файлдарды іздестіру;

4)filefind *.doc  “Иванов” /s /c /sc – кеңейтілмесі  .doc  болатын “Иванов” символдар қатарынан тұратын барлық файлдарды барлық каталогтардан іздеу.

7.Файлдарды біріктіру (файлдар конкатенациясы) — COPY командасы тек қана көшіру командасы ғана емес, сонымен бірге бірнеше файлдарды бір файлға біріктіретін команда.Команда форматы:

Copy файл-аты  (+файл-аты) …  файл-аты

Біріктірілетін файлдар қосу (+) таңбасы арқылы көрсетіледі, сонан соң барып соңғы файл аты жазылады.

Мысалы:

Copy *.lst + *.ref *.prn – ағымдағы каталогтағы кеңейтілмесі .lst  болатын әрбір файлға нақ осындай атпен, бірақ кеңейтілмесі .ref болатын екінші бір файл қосылады, ал нәтижесі аты өзгерссіз қалатын, бірақ кеңейтілмесі .prn болатын файлға ауыстырылады;

Copy file1.dat + file2.dat all.dat – file1.dat және file2.dat файлдарының конкатенациясы.  Соңғы файл  all.dat деген файл атымен ауыстырылады.

5. MS DOS-та дискілермен жұмыс.

Файлды немесе буманы дискетке көшiру үшiн, ол алдын ала ақпарат жазуға дайындалған, яғни форматталған болуы керек. Пайдаланып жүрген дискеттi қайта форматтау кезiнде онда бұрын сақталған ақпараттар жойылып кететiнiн есте ұстаған жөн.

Дискжетекке дискеттi орналастырамыз да, мына командалардың бiрiн орындаймыз:

1.Format  a: — A: — дискісін форматтау.

2. Format  a: /s – А: дискісін форматтап, жүйелі дискета жасау.

Жүйелiк дискет жасау үшiн: жүйелiк файлдарды  дискiге  көшiру қатарын белгiлеу қажет. Жүйелiк дискет – операциялық жүйе жүктелетiн, жүйелiк файлдар жазылған дискет. Жүйелік файлдар құрамына —  COMMAND.COM, IO.SYS, MSDOS.SYS, AUTOEXEC.BAT және CONFIG.SYS файлдары кіреді.

Дискетті көшіру үшін MS DOS ОЖ-де  DISKCOPY командасы қолданылады. Команда форматы:

diskcopy  (дискжетекJ  (дискжетекJ  (/V) (/M)

Командадағы бірінші параметрде көшірілетін дискжетек көрсетіледі. Екінші параметрде материал көшірілетін дискжетек көрсетіледі.

Көшірілу режимдері:

/V – көшірілудің дұрыстығын көрсетеді;

/M – қатты дисктің көшірілу кезінде қолданылмауын қадағалайды.

Мысалы:


diskcopy  a:  b:  /v –A: дискжетегін  B:  дискжетегіне көшірілудің дұрыстығын тексере отырып көшіреді;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет