Реферат Жоспар: ms dos және norton commander ms dos операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі



бет5/5
Дата07.09.2020
өлшемі54,05 Kb.
#77576
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
MS DOS операциялық жүйесі туралы
AutoCAD графикалық редакторы
Қорытынды.

MS-DOS операциялық жүйесі.

Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б.. Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды.

Процессордің типіне қарай, DOS – тың түрлі-түрлі версиясы бар. Әдетте оларға арнайы атаулар беріліп қойылған.

Басқа операциялық жүйелер сияқты, MS DOS жүйесі мынадай бөлімдерден тұрады : BIOS, BIO, COM (IBMBIO.COM), DOS COM (IBMDOS.COM) және COMMAND.COM.

BIOS (Basic Input/output System – негіздік ендіру/шығару жүйесі) – операциялық жүйенің ТЕСҚ-ға жазылып қойылған бөлімі. Оның орындайтын іс-әрекеттері :

 Компьютер элетр жүйесіне қосылған соң автоматты түрде оның ішкі құрылғыларының жұмыс істеуге дайындығын тексеру.

 Одан әрі, жүйелік болатын иілгіш не қатты магниттік дискібен опеациялық жүйенің тиуші деп аталатын программасын жадқа ендіру.

 Жүйелік үзілісті ұйымдастыру. Мысалы, программаны орындау кезінде нөлге бөлу кездессе, ол оның мүмкін емес екенің хабарлап, машина жұмысын тоқтатады ; клавиатурадан символ терілсе, ол процессордың осының алдаңдағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды.

BIOS – тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару драйверлері де бар.

BIO.COM (IBMIO.COM) – BIOS жүйесінің жұмысын ьолықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.

DOS.COM (IBMDOS.COM) – ның жұмысы – пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау құрылғысына ендіру, дискіде тиулі программаны жою және т.б.. Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады.

COMMAND.COM – ның негізгі жұмысы – пайдаланушының программаларымен берілгендерді жадқа ендіру және өндеу. COMMAND.COM – ды командалық процессор деп те атайды. Ол ішкі не реззиденттікдеп аталатын түрлі командаларды да орындайды (DIR, COPY, REN, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER т.б..)

Norton Commander-ді іске қосу.

NC. EXE файлының толық жолынан тұратын келесі команданы теру керек:
C:\NC\NC
бұндағы C: - NC. EXE файлы жазылған диск аты, ал NC – каталог аты.
NC - Norton Commander деген сөздің басқы әріптерінен құралған қысқартылуы, командадағы бірінші NC-каталог атын, екінші NC-программа атын (nc.exe) көрсетеді.

Norton Commander-ден шығу



Norton Commander жұмысын аяқтау үшін: F10 пернесін

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет