Реферат Жоспар: ms dos және norton commander ms dos операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі


NORTON COMMANDER бағдарламасы жайлы жалпы түсінік



бет3/5
Дата07.09.2020
өлшемі54,05 Kb.
#77576
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
MS DOS операциялық жүйесі туралы
AutoCAD графикалық редакторы
NORTON COMMANDER бағдарламасы жайлы жалпы түсінік.

MS DOS жүйесiнiң командаларымен жұмыс iстеудi жеңiлдетуге арналған түрлi жүйелiк программалар бар. Олардың iшiнде жиi пайдаланылатын NC пакетi. NC (сыртқы қабықша) жетекшi программа.



Бұл программаның негізін 1992 жылы П. Нортон құрған. Бұл программа жүктелгенде экранға көк түстi екi терезе шығады

(3.5.1-сурет).

Оның орындайтын iс–әрекеттерi файлдармен және каталогтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету.

Norton Commander – қолданушының операциялық жүйемен жұмысын жеңілдетуге арналған программа, онда командаларды пернетақтада термей-ақ тек пернелерді басу арқылы орындауға болады. Ондай операциялық жүйемен жұмысты жеңілдетуге арналған программаларды «операциялық қабыршық» деп атайды.
Norton Commander қолданушыға келесі мүмкіндіктер береді:
• Экранда әрдайым каталог мазмұнын көрсетеді;
• Диск, каталог, файл және жедел жады мөлшері туралы информация алуға;
• Бір каталогтан екіншісіне көшуге;
• Каталогтар құруға, атын өзгертуге, көшіруге және өшіруге;
• Каталогтардан файлдарды (тобымен немесе жалғыздан) көшіруге, ауыстыруға, атын өзгертуге және өшіруге;
• Кез-келген файлды көруге және мәтіндік файлдарды түзетуге;
• Командалық жолдарды түзетіп, DOS-тың кез-келген командасын орындауға болады.

Терезелерде файлдардың және каталогтардың аттары орналасады. Олардың қажеттiсiн курсор немесе тышқан бағыттаушысы арқылы таңдап алу мүмкiн. Бiр терезеден екiншi терезеге пернесi арқылы өтуге болады.

Экранға шыққан терезелердің бiрiнде не каталог немесе файл аты сұр түстi тiк төртбұрыш iшiнде орналастырылып қойылады. Ол NC-тiң осы каталогты немесе файлды ағымдық етуге дайындалған белгiсi, әдетте оның NC-тің панель белгiлемесi немесе курсор деп атайды. Курсорды басқару пернелерiн (¬, , ®, ¯) пайдаланып курсорды сол панельде жоғары-төмен жылжытуға болады. Терезеде көрiнген каталогтың мазмұнын экранға шығару үшiн курсорды осы каталогтың үстiне әкелiп пернесiн басса болғаны. Ішкi каталогтан 1-шi деңгейлiк каталогқа шығу үшiн курсормен оның сол жақ жоғары бұрыштарында көрiнiп тұрған (..) белгiлемесiн белгілеп  пернесiн басу қажет.

Қандай да бір файлды немесе каталогты таңдау үшін “INS” пернесі басылады, INS пернесін қайта басу тапсырмадан бас тарту. Белгілі бір кеңейтілмеден тұратын файлдар тобын белгілеу үшін оң жақ клавиатурадағы “+” таңбасымен бірге қажетті кеңейтілме көрсетіледі. Мысалы, .doc кеңейтілмелі файлдар тобын белгілеу үшін сандық пернетақтадан «+» — ті басамыз және шыққан сұхбаттық  терезеде төмендегідей тапсырыс береміз:  +.doc ¿  .  Белгілемеден бас тарту үшін оң жақ клавиатурадан – «-» (минус) пернесін бассақ болғаны.

Ішкi каталогтардан көрiнген .com, .exe, .bat типтi файлдарды iске қосу үшiн курсорды осы файлдардың үстiне әкелiп  -дi басамыз. Мысалы: C:\nc.exe

NC үшiн функционалды  пернелердiң орындайтын iс-әрекеттерi зор. Атап айтқанда:

F1 – NC туралы мәлiметтер;

F2 – пайдаланушы мәзiрiн iске қосу;

F3 – файлды оқу;

F4 – файлды редакциялау;

F5 – файлды не каталогты көшiру;

F6 – файлдың не каталогтың атын өзгерту;

F7 – жаңа каталог құру;

F8 – файлды не каталогты жою;

F9 – жұмыс тәртiбiн өзгертетiн мәзiрдi шақыру;

F10 – NC  программасынан шығу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет