Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Жұмсақ тiндердiң шел қаптап қабынуы (жұмсақ тiндер флегмонасы)



бет146/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Жұмсақ тiндердiң шел қаптап қабынуы (жұмсақ тiндер флегмонасы). Бұл ауруға көбiнесе жұмсақ тiндердiң iшiнде жарақаттан кейiн ұйып қалған қандардың iрiңдеп қабынуы немесе терең жатқан бездердiң қабынуы себепші болады. Iрiңнiң белгiлi шекарасы болмайды, ол етаралық кеңiстiктер арқылы жан жаққа тарала бередi. Аурудың клиникалық белгілері, жұмсақ тiндердiң флегмонасының орналасқан жерi мен тереңдiгiне тiкелей байланысты. Етаралық флегмонаның басты белгiсi қабынған жердiң көлемiнiң үлкейiп, бiлеуленiп, iсiнуiмен, аздап жергiлiктi ауданның ыстығының көтерiлуiмен бiлiнедi. Егер флегмона жамбас қуысына орналасса, онда қасаға тұсы бiлеуленiп iсiнедi, үлкен жамбастың ауруға шалдыққан тұсы үлкейiп, терiсi жылтырайды. Шат арасы да iсуi мүмкiн. Осы жергiлiктi өзгерiстермен қатар баланың ыстығы көтерiледi, тамаққа тәбетi нашарлайды, денесi бозарып, анемияның белгiлерi байқалады.
Объективтi тексеру кезiнде флегмонаға шалдыққан ауданның функциясы аса қатты бүлiнбейдi. Егер iсiк санда немесе жiлiншiктiң тұсында болса, ол аяғымен еркiн басып қимылдай алады, т.б. Сүйектi бойлай салған күш ауру синдромын қатты қоздырмайды. Iсiктi басып көргенде оның iшi былқылдап, iрiңнiң қозғалысы анықталады.
Диагнозды анықтау үшiн түсiрiлген рентген суретiнде сүйектiң сынықтың белгiсi байқалмайды. Шел басқан ауданды жуан инемен шаншығанда одан қою ақ немесе сұрғылт түстi iрiң шығады.
Емдеу - жалпы наркоз беру арқылы шелге шалдыққан ауданды тiлiп, ашуға негiзделген. Кейде 2-3 тілік салуға тура келедi. Iрiңдi антисептик дәрiлермен жуып, iшiне резеңке салып, сыртына жоғары концентрациялы ас тұзының ерiтiндiсiн қойып, байлап тастайды. Iрiңдi ыдыратып, бөліп шығару үшiн - трипсин, химотрипсин, химопсин, рибонуклеаза т.б. ферменттердi де пайдалануға болады. Таңып болған соң, сыртына қайықша түрiндегi гипспен қозғалтпайтын етіп бекiтеді. Екi-үш күннен кейiн, жарада iрiң азая бастаған кезде, әртүрлi терең қыздыратын физиоем (УВЧ, УФО) қолданылады, майлармен таңылады. Антибиотиктер, витаминдер, иммуностимулятор дәрiлерi де кеңiнен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет