Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ІРІҢДІ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ



бет141/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ІРІҢДІ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ


Нәрестелердiң некрозды флегмонасы
Некрозды флегмона - терi астындағы майдың некроз түрiндегi шiрiген қабынуы. Ол көбiнесе құйымшақ тұсында, арқада, мойында жиi кездеседi. Ауру баланың терiсiнiң кiшкене iсiнiп, қызғылт түстес (бiрақ шекарасы айқын емес) түске боялып көрiнуiмен басталады. Алғашында кiшкене инфильтрат, бара-бара (5-6 сағаттың iшiнде) екi-үш есе ұлғаяды. Терiнiң түсi оның ортасында қою қызыл болғанымен, шет жағында қатты iсiнiп, бiлiнбейдi. Терiнi саусақпен басып қысып-жиыруға мүмкiндiк сақталады. Бала мазасызданып, қызуы көтерiліп, емшек емуден бас тартады. Қанда анемия үрдісi байқалады.
Емдеу, тек ауруханаға жатқызылып жүргiзiлуi тиiс. Аурудың алғашқы фазасында - жылдамдатып операция жасалуы керек. Ол үшiн 1/4% новокаин дәрiсiмен қабынған ауданның шетiнен, қатты инфильтрат жасамай, терiні жансыздандырады (А.В.Вишневскийдiң қысқа блокада тәсiлi). Негізі операцияны жалпы наркоз қолданып жүргізген жөн.
Егер қабыну ауданы тым үлкен болса, жалпы наркоз берiлуi керек. Қабынған ауданның терiсiне шахмат клеткасы сияқты тiлу жарасы салынады. Жараның ұзындығы 1,5-2,0 см, тереңдiгi терi қабаттарын түгелдей қамтиды, бiр-бiрiнен ара қашықтығы 1,5-2,0 см аралығында болады. Тiлу жарасы, қабынған ауданнан ары сау терiні де қамтуы керек. Жараларды кеңейтiп, оған резинадан дренаж қоюдың қажетi жоқ, ол терi некрозын одан әрi үдетуi мүмкiн. Жараға гипертониялық сұйықтар қойылып (10% натрий хлоридi, 25% күкiрт қышқыл магнезия) 6-8 сағатқа байланады. 6-8 сағаттан кейiн жараны қайта ашып, үрдіс барысын (жайылып бара ма жоқ па) анықтайды. Қажет болса терiнi тағы тiледi де, гипертониялық ерiтiндiлер қойып, қайта байлайды. Алғашқы күндерi жараны 3-4 рет қайта таңу қажет. Тiлу операциясынан кейiн балаға қан, плазма құйылады, антибиотиктер егiледi, витаминдер, сенсибилизацияға қарсы дәрiлер берiледi. Магистральдық веналарға түтiкшелер қойылып, қанға уыттануға (интоксикацияға) қарсы сұйықтар енгiзiлiп, қарқынды түрде ем жүргiзiледi. Баланың емшек емуге шамасы келмесе, 3-4 күн зондпен тамақтандырады. Қанға ақуызды заттарды, глюкоза ерiтiндiсiн құяды. Гамма-глобулиндер, стафилококке қарсы анатоксиндер пайдаланылады. Жараға, таңу кезiнде 2-ші күннен бастап УФО және ванна (бұлау) жасалынады. Жарадағы экссудация үрдісi тоқтаған кезде оны анилин бояуларымен немесе марганцовкамен бояп тастайды.
Егер науқас терiсiнде некроз болғаннан кейiн ауруханаға жеткізілсе, жараны некроздан тазалап, плацентамен немесе өзiнен бөлiнiп алынған терiмен жамайды.
Омфалит
Омфалит ауруы -кiндiк жарасының iрiңдеуi. Нәрестелерде жиi кездеседi. Жай қабынған омфалитте кiндiк жарасы суланып, одан қан араласқан сарысу шығады. Жара қызарып, фибрин тәрiздес (пленкамен) қабыршықпен жабылады. Айналасындағы терiсi өзгермейдi, кiндiктен шығатын қан тамырлары iсiнбейдi. Баланың жалпы жағдайында да өзгерiс байқалмайды.
Кiндiк жараның шел түрiнде (флегмонозды) қабыну байқалып, жарадан қою iрiң шығады, оның айналасындағы терiсi бiлеуленiп, қан тамырларының тұсы iсiнедi. Қан тамырларының осы тұсын басқанда, қан аралас iрiң шығады. Баланың жалпы жағдайы өзгередi: қызуы көтерiледi, емшек емуi нашарлайды.
Егер кiндiк жара iрiп-шiрiген некрозды iрiңдiкке шалдықса, жара қарақошқыл түстенедi, оның айналасы қатты iсiнiп, қан та-мырлары адырайып кетедi. Кiндiктен жоғары кететiн қан тамырла-рының тұсы қызыл түстенедi, кiндiктен қатты iрiң шығады. Қанның талдамасында лейкоцитоз, анемия байқалады, СОЭ жоғарылайды.
Емдеу. Жай қабынған омфалитте кiндiк жарасын 3% сутегi тотығымен, марганцовка ерiтiндiсiмен жараны тазалап жуып, сульфаниламидтiң ұнтағын себедi. Немесе кiндiк жарасын спирт араласқан бриллиант жасылымен, немесе метилен көгiмен жуып тазалап, кебiңкi мата салып байлайды.
Шел түрiнде қабынған омфалитті емдеудi антибиотиктер, сенсибилизацияға қарсы дәрiлер, витаминдер беруімен, гаммаглобулиндер егуден бастау қажет. Жараның айналасына 1/4% новокаинға антибиотик араластырып блокада жасайды - антибиотиктiң көлемi баланың бiр күнгi алатын дозасының көлемiне сәйкестенедi.
Егер кiндiктен кететiн қан тамырларында iрiң болса, оның тұсы тiлiнiп ашылып, антисептиктермен жуылып тазартылады. Ал кiндiк жарасына фурациллин, гипертониялық ерiтiндiлермен мата қойылып таңылады. Жарадан iрiң азайса, УВЧ жасалып, Вишневский майы таңылады.
Некрозды түрде пайда болған омфалитте, жоғарыда айтылған-дай антибиотиктермен кiндiктi айналдыра блокада жасалады, содан соң терiнi терең бойлай, бiрнеше жерден тiлiп жара салады. Тiлу, құрсақ қуысының сыртқы терiсiнiң қабынбаған қабатына дейiн жасалынады. Қанға көп көлемде қарқынды түрде түрде улануға қарсы ерiтiндi дәрiлер құйылады. Некрозды түрде қабынған омфалит дер мезгiлiнде емделiнбесе перитонитке әкелiп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет