Қуықтың зақымдалуы. Қуық зақымдануынаі құрсақ ішілік және құрсақтан тыс түрлерін ажыратады. Құрсақ ішілік жарылу, қуықтың қатты басылуы нәтижесінде және іштің төменгі жағын соққаннан, биіктен құлағаннан болады. Бұл жағдайда, зәрдің құрсақ қуысына ағуына байланысты құрсақтың жоғарғы артқы қабырғасы тарылады. Құрсақтан тыс зақымдалу, көбінесе жамбас сүйегінің сынықтары әсерінен қуық мойынында болады. Бұл жағдайда, жамбас қуысына зәр құйылып (қуық маңы май қабатына), одан алдыңғы құрсақ қабырғасынан өтіп, құрсақтан тыс жерлерге тарайды. Сонымен қатар, мұндай зақымдалуда құрсақ алды қабырғасынан өтіп, құр-сақ арты кеңістігіне құйылып, қуық маңы кеңістігіне жиналады.
Клиникасы және диагностикасы. Құрсақ ішілік жарылулар іш пердесінің тітіркену белгілерімен сипатталады: құрғақ тіл, іштің қатаюы, ауырсынуы, төменгі бөліктерінің тұйықталуы, Щеткин-Блюмберг симптомы оң болады. Эксикоз мен токсикоз белгілері тез дамиды. Зәрдің құрсаққа кетуіне байланысты, зәр шығару жоғалады. Құрсақтан тыс жарылулар кезінде, қатты ауырсыну және қасаға үстінгі қампаю байқалады. Зәр қанмен белсенді боялады, аздаған порциялармен бөлінеді, зәр шығару ауырсынумен болады. Кей жағдайда, зәр шығуынсыз, кіші дәретке жалған шақырулар болады. Жамбастың бос алаңында, зәрлік инфильтрация нәтижесінде, шап және мықын аймағында жұмсақ консистенциялы, пальпация кезінде кенеттен қатты ауырсынуы болатын домбығу пайда болады. Диагнозды нақтылау үшін, тек операция алдында жасалатын өрлемелі цистография жасалады.
Емі. Қуықтың құрсақ ішілік жарылу кезінде шокқа қарсы терапия фонында құрғату мен құрсақ қуысының санациясы, қуықтың ақауын тігуга бағытталған оперативтік ем жасалады. Құрсақтан тыс жарылу кезінде қуық ақауын тігіп, паравезикальдық кеңістікке дренаж өткізеді. Операциядан кейінгі зәрді шығару цистотомиялық немесе уретральдық катетер арқылы жасалады.
Үрпінің үзілуі. Үрпінің үзілуі - ұлдарда, шат аралығымен қатты жерге құлағынан пайда болады. Бірақ, ең бастысы жамбастың алдыңғы жарты сақинасының медиальдық сынуы және Мальгени сынығы кезінде жиі кездеседі. Үрпі қабырғасының бүкіл қабаттары үзілуі-мен жүретін үрпінің өтпелі жарақатын және тек қана шырышты қабаттың бүтіндігінің және бұлшық ет қабатының бүтіндігінің бұзылуымен сипатталатын өтпелі емес жарақатын ажыратады.
Үрпінің өтпелі жарақатына тән триада: несептің тоқталуы, үрпіден қан кету (уретроррагия) және шатаралық гематомасы. Кіші дәретке отыру, ауырсыну мен шатаралықтың ашуы сезімін шақырады. Жамбас сүйектерінің сынуы кезінде шок көріністері дамиды. Жұмсақ тіндердегі зәрлі инфильтрация шатаралықта қалыптасып жатқан гематоманың тез ауырсынуын шақырады, әсіресе пальпацияда, және зәрлік флегмонаның дамуына ықпал етеді. Үрпінің несеп-жыныс диафрагмасынан жоғары зақымдалуы кезінде ісіну, кіші жамбас аймағына жайылады. Ол науқастың жағдайын қиындатады. Несептің жедел тоқтауы - қуықтың созылуымен және толуымен жүреді. Пальпацияда өрлемелі, (кей жағдайларда кіндік деңгейіне дейін) эластикалық құрылым түрінде сезіледі. Үрпінің өтпелі емес жарақаты кезінде: жиі зәр шығаруға шақырулар, уретроррагия, зәр шығарудағы ауырсынулар байқалады. Жамбас сүйегінің сынуы және үрпі үзілуіне күдіктенген науқастарды зерттеу кезінде жамбасты жанынан қысып (Вернейль симптом) байқау керек, себебі сүйек сынықтарын ішке жылжытып үрпінің толық емес жыртылуын толыққа айландыру мүмкін. Үрпінің зақымдалуының орналасуы мен сипатын анықтау ретроградтық урография көмегімен, тек операция алдында ғана жүргізіледі.
Емі.Шок кезінде емдік шаралар оны жоюға бағытталған. Үрпіні катетеризациялауға болмайды. Қуықты босату пункция және капиллярлық цистотомия жолымен ғана жүргізіледі. Өтпелі жарылулар кезінде жедел оперативтік ем қажет етеді. Операция цистотомды қоюға, үрпіні біріншілік тігуге, парауретральдық тінді дренаждауға бағытталады.
Үрпіге біріншілік тігіс салу, тек қана маңындағы тіндер инфекцияланбай тұрғанда, ерте уақытта ғана мүмкін.