Байланысты: Balalar khirurgiasy kaz medical students
Крипторхизм Крипторхизм – жұмыртқаның (аталық бездің) ұмаға түсу үрдісінің бұзылуына байланысты өз орнынан ауытқып, ұмаға түсіп келе жатқан жолында тоқтап қалуы (ретенциясы). Крипторхизм 75%-дық жиiлiкте басқа ағзалардың диспластикалық үрдістерiмен қабаттасып кезiгедi. Крипторхизм, анатомо-механикалық себептердiң немесе жұмыртқаның бiрiншiлiк дамымауынан, гормондық жетiмсiздiктiң салдарынан дамиды. Оның шаптық (ингвинальдық) және абдоминальдық түрлерi бар. Крипторхизмде, жалған крипторхизммен, жұмыртқа эктопиясымен ажыратулық диагноз жүргiзедi. Екi жақтылы абдоминальдық крипторхизмді анорхизмнен ажыратуға тура келедi. Бұл үшiн хориогониндi организмге енгiзiп, оның әсерiн байқайды. Түбегейлi диагнозды операция жасау арқылы қояды.
Крипторхизмді ауруы бар науқасты қарап, пальпация жасап қана анықтауға болады. Қоныс аударып орналасқан жұмыртқалар, пальпация жасау кезінде тері асты майына орналасқан, ісік тәрізді сәл ғана ауырсынатын, консистенциясы серіппелі жұмсақ, аз қозғалатын құрылым түрінде болады. Ұманың осы жақтағы бөлімі жиырылып дамымай қалады.
С урет IV.4. Жұмыртқаның орналасу ауытқулары: а) крипторхизм (1-жұмыртқаның қалыпты орналасуы; 2-шап крипторхизмі; 3-құрсақ қуысы крипторхизмі) б) жұмыртқаның эктопиясы (1-шаптық; 2-симфиздік; 3- сандық; 4- шат аралық; 5-қарама-қарсылық (перекрестная)
Жұмыртқалар құрсақ ішінде тоқтап қалса (абдоминальдық ретенцияда) алақанға білінбейді, ал шап арасында тоқтап қалса, баланы жатқызып тексергенде алақанға білінеді. Шап арнасынада тоқтап қалған жұмыртқа қозғалмалы болғанымен ұманың түбіне дейін түспейді. Жалған шап крипторхизмінде жұмыртқалар жоғары-төмен қозғалып тұрады.Шын шап крипторхизмін жалған шап крипторхизмінен ажырату үшін баланы жатқызып шап өзегінің үстінен қатты баса отырып, алақанға білінген жұмыртқаны төмен сығымдап итеру керек. Кремастер рефлексі өте белсенді балаларда жалған крипторхизмнің белгілері жиі ұшырасады.
Жұмыртқалардың сперматогендік функциясының бұзылуы, құрсақ қуысы температурасының ұмадағы температураға қарағанда 1,5-60 жоғары болатындығына байланысты, температура әсерінен ағза паренхимасы склерозданып семе бастайды. Бұл өзгерістер 10-11 жастан кейін қайта қалпына келмейді. Крипторхизмнiң негiзгi асқынулары: оның iсiкке айналуы, бұралып қалуы және бедеулiк.
Шын крипторхизм екі жағынан болғанда инфантилизм және дисфункция анықталады. Крипторхизм кезінде, құрсақ астарындағы қынап өсіндісінің қуысы әлі жабылып үлгермегендіктен, кей ауруларда шап жарығы қоса кездеседі.
Емдеу. Крипторхизмі бар нәрестелерде, жыныс ағзасы жетілгенге дейін жұмыртқасының орнына түсу мүмкіндігі бар екендігін ескере отырып, тым ерте операция жасау тек көрсеткіштер болғанда (орнына ауытқуына байланысты жұмыртқаның айналып кетіп өлі еттенуі, қысылуы, семуі сияқты асқынулар) ғана жасалады. Операция негізінен 1,5-2 жаста жасалады. Операцияның түрi крипторхимнiң түрiне байланысты: абдоминальдық немесе инвагиналдық.
Операция бірнеше тәсілмен жасалады (Китли-Тороко-Герцен, Джавад-Заде, Петривальский, Шумахер т.б.).
Ғылымның соңғы жылдардағы жетiстiктерiне қарағанда орнына түспеген жұмыртқаны орнына түсiру шараларын баланың 2 жасынан бастаған жөн.
Операция жасауға байланысты көрсеткiштер:
баланың жасы 2 жасқа дейiн болу керек