Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет123/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Ісінген ұма синдромы
Қызарып ісінген ұма синдромы – жарақаттар, аталық бездің немесе қосымша тінінің (придаток) бұралуы, Морганьи гидатиды-ның некрозы, орхоэпидидимит нәтижесінде пайда болатын жағдай.
Клиникалық көрінісі. Синдромның жетекші белгілері ұманың жарты бөлігінің ауырсынуы, ісінуі және қызаруы болып табылады. Клиникалық көріністердің жалпылығына қарамастан, айтылған әрбір аурудың ағымында өзінің ерекшелігі бар.Аталық бездің жабық жарақаты жарақаттаушы агенттің әсерінен кейін пайда болған белгілермен сипатталады. Жарақаттың дәрежесіне байланысты (соққы, аталық бездің жыртылуы, езілуі) ауырсынудың айқындылығы аздаған мөлшерден жарақаттық шоққа дейінгі аралықта болуы мүмкін. Аталық бездің соққысы кезінде жарақат байқалмай қалуы мүмкін және дамып келе жатқан жарақаттық орхит белгілері сезілмей өршиді.
Ұманың ісінуі, әдетте ішкі патоморфологиялық бұзылыстардың тереңдігін көрсетеді, және аталық бездің, немесе оның қосалқысының (придаток) қабынуы кезінде, терінің қызаруымен, температураның көтерілуімен жүреді.
Диагностика. Ұманың ісіну синдромы кезінде операцияға дейінгі нақты диагностика әрқашан мүмкін бола бермейді. Ауырсыну, басымырақ және ұрық бауының бойымен орналасс, аталық бездің немесе қосалқының бұралуы туралы ойлауға болады. Аталық бездің бұралуы кезінде ол әдетте жоғарыға тартылған, айқын үлкейген және ауырсынады. Лимфаның іркілуіне байланысты екіншілік гидроцеле байқалады. Морганьи гидатидының некрозы да аталық без қабықтарында сұйықтықтың пайда болуымен сипатталады, бірақ кейде ең қатты ауырсынатын нүктені табуға немесе гидатидтің өзін пальпациялауға болады. Аталық бездің паренхимасының жыртылуы кезінде - ауырсыну жайылмалы, ұманың жартысы айқын үлкейген, көкшіл түсті, ісінуі әдетте барлық ұмаға таралады. Аталық бездің қабықтарындағы сұйықтықтың сипатын (қан, экссудат) анықтау мақсатында диафоноскопия мен диагностикалық пункцияға жүгінеді.
Ажыратулық диагноз. Инфекциялық паротиттің асқынуы болатын орхитпен, Квинке ісінуімен жүргізеді. Квинке ісінуі кезінде әдетте, барлық ұма ісінген, тегіс және жұқарған терінің астында сулы көпіршік түзіп, сұйықтық оның барлық қабығына сіңеді. Осыған қарамастан ұманың пальпациясында ауырсыну аз.
Емі. Ұманың ісіну синдромы кезіндегі ем - белсенді хирургиялық. Өйткені, аталық без ишемияға өте сезімтал және тез өлуі мүмкін. Аталық бездің қабықтарын тіліп ашқаннан кейін диагнозды нақтылайды. Аталық бездің нәтижесінде пайда болған гематоманы шығарады, қан ағуды тоқтатады, ақ қабығына дейін капрон тігістерін салады. Аталық бездің бұралуы анықталғанда оны қалпына келтіреді және ақ қабығы арқылы үш капрон тігіспен жалпы қынаптық қабыққа бекітеді. Некрозданған гидатидті аталық безден шыққан жерінен байлайды да кесіп алып тастайды. Іріңді орхоэпидимит кезінде аталық бездің өзіндік қабығының қуысын жуғаннан кейін жараны резиналы шығарғыш қалдырумен тігеді. Аталық безді, тек некроз белгілері болғанда ғана (бұралуы қалпына келтіруден, жылытудан, ұрық бауының новокаиндік блокадасынан кейінгі өзгермейтін қою түс) алып тастайды. Ағзаны сақтауға бағытталған операциядан кейін, аутоиммунды реакцияны төмендету үшін, ацетилсалицил қышқылын бала жасына сәйкес дозада күніне, 3 рет 1 ай бойы тағайындайды.
Ұманың айқын ісіну синдромы кезінде операциялық араласуды дер кезінде жасамау аталық бездің атрофиясының дамуымен қауіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет