ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ҚАТЕРСІЗ ІСІКТЕРІ
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамының анықтамасы бойынша жұмсақ тіндерге барлық эпителиальды емес, ретикулоэндотелиальдық жүйе мен ішкі ағзалардың тірек тіндерінен басқа қаңқалық емес тіндер жатады. Гистологиялық сипаты бойынша жұмсақ тіндердің ісіктері әрқилы болады. Бұл ісіктердің 33% жіктелменген бластомаларға жатады, өйткені олардың гистогенезін анықтау мүмкін емес.
Клиникалық ағымы мен морфологиялық сипатына байланысты жұмсақ тіндердің барлық ісіктері 3 топқа бөлінеді:
қатерсіз ісіктер: гемангиома, лимфангиома, фиброма, липома, невринома, лейомиома, рабдомиома;
жартылай қатерлі ісіктер
анық қатерлі ісіктер
Күнделікті жұмыс барысында тамыр ісіктері мен дисплазиялардың төмендегідей жіктелуі қолданылады (кесте VII.1).
Кесте VII.1.
Тамыр ісіктері мен дисплазиялардың жіктелуі
Ісіктер
|
Гемангиомалар
|
Капиллярлық
Каверноздық
тармақталған
|
Лимфангиомалар
|
Капиллярлық
Каверноздық
Кистоздық
|
Аралас
|
Гемлимфангиомалар
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |