Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет223/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

ТУА БІТКЕН ҚИСЫҚ МОЙЫН


Қисық мойын деп бастың бір жағына қисайып, қарама-қарсы жаққа бұрылғанын айтамыз. Статистикалық деректер бойынша туа біткен қисық мойын туа болған сан сүйегінің шығуы және қотан аяқтан кейін қимыл-тірек аппаратының туа біткен ақауларының 8-12 құрайды. Басты түзу ұстамай, мойынның қисық болуына жұмсақ тіндер мен мойын бұлшық еттерінің, мойын омыртқаларының ақаулары әсер етеді. Сондықтан туа біткен қисық мойынды туындау себептеріне байланысты: бұлшық етті, сүйектік, неврогендік, тері-еттік, компенсаторлық деп ажыратады.
Этиологиясы мен патогенезі. Қазіргі кезде бұл аурудың пайда болу себебі мен дамуы толық анықталмаған. Туа біткен қисық мойынның пайда болу себебін түсіндіру үшін әр түрлі көзқарастар: баланың жатыр ішінде дұрыс жатпауы, туғанда мойын еттерінің жарақаттануы, бұлшық етінің қабынуынан туындайтын контрактураның немесе мойын еттерінің ишемиясы – ұсынылған. Қазіргі көзқарас бойынша туа біткен қисық мойынның негізгі себебі - басты шұлғытатын мойын етінің ақауы немесе мойын еттерінің бала туу кезіндегі жарақаттануы болып есептеледі (С.Т.Зацепин, 1960).
Клиникасы және диагностикасы. Туа біткен қисық мойынның клиникалық көрінісі басты шұлғытушы мойын етінің қысқару мөлшеріне және баланың жасына тікелей байланысты. Нәресте туғанда мойын бұлшық етінің кемістігін анықтау өте қиынға соғады, бірақ 2-3 аптадан соң ақауы бар, жарақаттанған бұлшық еттің орта тұсы қатайып, ені ұлғайып, қысқарғандықтан баланың


Сурет VI.30. Қисық мойын

басы қисайып, сол жағында мойынында ісік байқалады. Өсе келе жарақаттанған мойын бұлшық етінің орнына дәнекер тін пайда болады, ол қысқарып, өзінің созылмалылық, серпімділік қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан бала басын бір жаққа қарай қисайтып, бетін қарама қарсы жаққа қарай бұрып ұстайды. Тексергенде бастың ақауы бар жаққа қарай қисайтылуы, беттің қарама-қарсы жаққа қарай бұрылуы шектелгендігін, тері астында тартылып тұрған басты шұлғытатын бұлшық етті байқауға болады. Жүре келе беттің, бас қанқасының асимметриясы, әсіресе 3-5 жастағы балаларда өте жақсы байқалады.


Тексеру кезінде баланың басын ақауы бар жаққа қарай қисайтып, бетін қарама қарсы жаққа бұрып ұстайтындығы, беті мен басының қисаюы анықталады. Ақауы бар жақта көзі мен қасы төмен, көзі кішірейген, ауыз бұрышы төмендеп, жағы, мұрыны қисайып, құлақ қалқаны иығына біраз тиместей болып тұратындығы, басты шұлғытатын бұлшық ет тартылып тері астынан көрінетіндігі байқалады. Артынан қарағанда мойын асимметриясы, жауырын мен иық көтеріліп, мойын омыртқаларының сколиозы көрінеді.
Кеуде-бұғана емізік (басты шұлғытатын) бұлшық еттің екі жақты қысқаруы өте сирек кездеседі. Бұл жағдайда баланың басы артқа шалқайып, беті алдыға, немесе жоғары қарап орналасады, себебі аталған бұлшық еттердің ұзындығы омыртқа мойын бөлігінің ұзындығынан кем болғандығында.
Бұлшық еттік қисық мойынды, мойын қосымша қабырғасынан, сынап тәріздес қосымша омыртқадан, Гризель ауруынан, неврогендік, десмогендік қисық мойындардан ажырата білу қажет.
Клиппель-Фейль синдромында мойыннның қысқалығы мойын шашының төмен өсуі, мойын қимылының көлемінің шектелуі, ал рентгенограммада мойын омыртқаларының аздығы, бір-бірімен бірігіп өсіп кеткендігі анықталады. Сынап тәріздес қосымша мойын омыртқасында мойын қысқалығы, бет-ми қаңқасы мен бет асимметриясы, мойын қозғалысының шектелуі анықталады.
Емдеу. Туа біткен қисық мойынды емдеу, нәресте 7-10 күнге келгеннен бастап жүргізіледі. Емнің негізі - ақауы бар мойын бұлшық етін созып, оның өсуіне жақсы жағдай тудыру. Ол үшін арқасында жатқан баланың басын сау жаққа қарай қисайтып, бетін ақауы бар жаққа қарай бұру қажет. Мұндай қимыл-қозғалыс күніне 10-15 минуттан 3-4 рет жасалып, УВЧ, калий йодиді, ранидазамен электрофорез тағайындалады. Баланы 1,5-2 айға келгенде сау жақ бүйірімен жатқызып, ақауы бар жаққа ойыншықтарды іліп, мойыны мен бетіне массаж жасалуы қажет. Консервативтік ем бала толық сауыққанша, 3 жасқа дейін жүргізіледі. Жүргізілген емге қарамай қисық мойынның клиникалық көрінісі сақталатын болса, 3 жастан бастап операция жасалып, басты шұлғытушы мойын етін 1,5 см шамасында кесіп алынып немесе ұзартылады. Операциядан кейін 3-4 аптаға мойнын сау жаққа қисайтып, бетін ақауы бар жаққа қаратып, гипстен таңғыш салынады. Гипс таңғышы алынғаннан кейін ЕДШ, массаж, физиоемшаралар тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет