Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


ОРТОПЕДИЯ САН СҮЙЕГІНІҢ ҰРШЫҚ БАСЫНЫҢ ТУА БІТКЕН ШЫҒУЫ



бет221/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

ОРТОПЕДИЯ


САН СҮЙЕГІНІҢ ҰРШЫҚ БАСЫНЫҢ ТУА БІТКЕН ШЫҒУЫ


Сан сүйегінің ұршық басының туа біткен шығуы деп сан сүйегінің буын басының, ұршық ойығынан, жамбас-сан буынын құрайтын тіндердің жетілмеуінің, немесе дұрыс дамымауының салдарынан шығуы айтылады.
Статистика деректері бойынша туа біткен сан сүйегінің шығуы 1000 нәрестенің 5-7-де кездеседі. Қыз балаларда ұл балаларға қарағанда, бір жақ буынның шығуы екі жақтыға қарағанда жиі туындайды.
Жамбас-сан буынының дисплазиясы - жамбас-сан буынын құрайтын барлық тіндердің дұрыс дамымауы, немесе жетілмегендігі. Дисплазия, туа біткен сан сүйегінің шығуына қарағанда өте жиі кездеседі. Егер 1000 нәрестенің 16-да дисплазия анықталса, ал туа біткен сан сүйегі ұршығының шығуы - тек 5-7-сінде ғана болады.
Этиологиясы мен патогенезі. Ғылыми деректер бойынша туа біткен сан сүйегі ұршығының шығуы туындауына көптеген факторлар (жағдай) тұқым қуалаушылық, улы заттар, радиация, аяғы ауыр аналардың анемиясы, токсикозы, авитаминозы, грипп және басқа да инфекциялық аурулар әсерін тигізуі мүмкін, сондықтан бұл туа біткен ақауды полиэтиологиялық деп атайды.
Аталған зиянды әсердің салдарынан жамбас-сан буыны тіндерінің жатыр ішіндегі дамуы бұзылып, ұршық ойығы кішірейіп, таязданып, сан сүйегінің жоғарғы бөлігі алдыға қарай бұрылып (антеторсия), буын басы кішірейіп, ұршық ойығы мен сан буын басының сүйектенуі кешірейіп, буын капшығы, бұлшық ет, байламдар жетілмейді. Аталған тіндердің дұрыс дамымауының салдарынан ұршық ойығымен сан сүйегінің буын басы тиісті түрде бір-біріне сәйкес келмей, одан әрі барлық буын тіндерінің дамуына кері әсерін тигізеді де, жамбас-сан буынының шығуына алып келеді.
Жамбас-сан буынының даму жеткіліксіздігінің деңгейіне байланысты: шығу алды, жартылай шығу, толық шығу түрлерін ажыратады.
Жамбас-сан буынының шығу алды деңгейі - жұмсақ тіндердің тым созылғыштығынан сан сүйегінің буын басының ұршық ойығынан оңай шығып, қайта орнына түсуі (дисплазия).
Жартылай шығу кезінде сан сүйегінің буын басы жоғары және сыртқа қарай жылжиды, бірақ ұршық ойығынан шығып кетпейді.
Жамбас-сан буынының толық шығуы кезінде барлық тіндерінің дамуының жеткіліксіздігінен сан сүйегінің буын басы ұршық ойығынан тыс орналасады.
Клиникалық деректерге қарағанда, уақытында шығу алды (дисплазия) анықталмай, жеткілікті ем қолданылмаған жағдайда, ол, 15-20 шамасында жартылай немесе жамбас-сан буынының толық шығуына алып келеді. Бұған себеп, баланың аяқтарының жеткіліксіз сыртқа қарай әкетілуінің салдарынан, санды ішке қарай тартатын бұлшық еттер қысқарып (контрактура), ұршық ойығымен сан сүйегінің буын басының бір-біріне сәйкестігі бұзылып, сондықтан ұршық ойындысы кішірейіп, сопақтанып, таязданады, сан сүйегінің буын басы кішірейіп, сүйектену нүктесі дұрыс дамымайды, мойын-диафиз бұрышы ұлғайып, сан сүйегінің жоғарғы бөлімі алдыға қарай бұрылады (антеторсия). Бала аяғына тұрып жүрген кезде сан сүйегінің басы буыннан шығып, одан әрі артқы-жоғары, мықын сүйегі қалқанының ортасына дейін жылжиды. Буын қапшығы созылып, «құм сағат» тәріздес болып, құрсаумен қоса сан сүйегінің буын басының ұршық ойығына қайта түсуіне кедергі жасайды. Жамбас-сан буынының шығуы бел омыртқаларының алдыға қарай иілуін (лордоз) ұлғайтады.
Клиникасы. Бала аяғына тұрып, жүргенге дейін туа біткен сан сүйегінің буын басының шығуының бар-жоғын анықтау қиынға түседі. Дегенмен кейбір клиникалық көріністер бұл ақаудың бар болуы мүмкіндігін көрсетеді. Осындай клиникалық көріністерге:
а) жамбас-сан буынында 900-қа бүгілген санды сыртқа қарай әкеткенде сан сүйегінің буын басы ұршық ойығына түсіп ішке қарай алып келгенде орнынан шығуы салдарынан сықыр естіледі. Бұл көрініс - «сырт ету» симптомы, немесе Маркс-Ортолани белгісі деп аталып, нәрестелерде 7-10 күнге дейін анықталады.
б) санның бір-бірінен алшақтауының азаюы. Арқасында жатқан нәрестенің саны мен балтырын бүгіп, санын сыртқа қарай талтайтсақ, жазылу бұрышы сау нәрестеде 80-900 шамасында болуы тиіс. Егерде жазылу бұрышы 50-600-тан аз болса, ол туа біткен сан сүйегінің шығуына тән көріністердің бірі болып есептеледі.
в) сан-бөксе тері қатпарларының асимметриясы. Арқасында жатқан баланың аяқтарын жазғанда, екі санындағы тері қатпарларының саны, орналасуы әр түрлі болады. Шыққан буын жағында тері қатпарларының саны көбірек болып, олар жоғары орналасады.
г) шыққан аяқтың қысқаруы. Арқасында жатқан баланың аяқтары жамбас-сан және тізе буындарында бүгіліп, табандары төсекке тиіп тұрған сәтте салыстырса, сау аяғының тізесінің жоғары тұратындығы анықталады.
д) шыққан аяқтың сыртқа қарай айналуы. Баланың аяқтарын созып салыстырғанда, ақауы бар жақтағы аяғының сыртқа қарай бұралып жатқандығы көрінеді.
е) «жоғары-төмен жылжу» - Дюпюитрен белгісі. Арқасында жатқан баланың ақауы бар аяғын тізе буынынан ұстап төмен тартса немесе жоғары қарай итерсе, сан сүйегінің жоғары немесе төмен жылжуы байқалады.
Аталған клиникалық көріністер нақтылы диагноз қоюға мүмкіндік бермейді, сондықтан да міндетті түрде жамбас-сан буынының рентгенографиясы, немесе УЗИ жасалуы тиіс. Рентгенография жасау үшін баланы арқасына жатқызып, жазылған аяқтарын бір-біріне жақындатып ішке қарай аздар бұрады да, тәндерін үшбұрышты қорғасын жабумен жабады. Рентген сәулесі сан буынынан өтуі қажет.
Нәрестелердің және 3-4 айдағы омырау жасындағы балалардың кейбір сүйек бөліктері шеміршектен тұрғандықтан, олар рентген сәулесін толық өткізіп рентгенограммада көрінбейді. Сондықтан бұл жастағы балаларда туа біткен сан сүйегінің шығуын рентгенграммада анықтау үшін Хилгенрайнер-Эрлахер тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл бойынша туа біткен сан сүйегінің шығуының бар-жоқтығын анықтау үшін келесі сипаттамалар анықталуы қажет:
1) ұршық ойығының (ацетабулярный) бұрышы α0 - екі ұршық ойығының орталарын қосатын көлденең сызық пен (Келер) ұршық ойығының қақпасын оның ортасындағы нүктемен қосатын сызықтар арасындағы бұрыш. Нәрестелерде α0 бұрышы 300, ал 1 жастан асқан балаларда 200 аспауы керек.
2) h биіктігі – Келер сызығына сан сүйегінің мойын ортасынан өтетін нүктеден түсірілген тік сызықтың ұзындығы. Дисплазия және жартылай сан буынының шығуы кезінде h сызығының ұзындығы қысқарады. Сау нәрестеде, омырау жасындағы балаларда ол сызық 10 мм-ден кем болмауы керек.
3) d – Эрлахер сызығы- сан сүйегінің мойнының ең жоғарғы ішкі нүктесінен қарсы жатқан отырғыш сүйекке дейін жүргізілген сызық. Сау нәрестелерде, омырау жасындағы балаларда ол 5 мм-ден артық болмайды.
4) с ұзындығы – Келер сызығы бойындағы ұршық ойығының ортасымен һ биіктігінің Келер сызығымен қиылысатын нүкте аралығы. Сау нәрестелерде, кеуде жасындағы балаларда С 13-14мм-ден артық болмауы қажет.
5) сан сүйегінің буын басының сүйектенуі нүктесі баланың жасы 3-6 айға толғанда пайда болады, одан 1,5-2 айға кешіксе оны туа біткен сан сүйегінің шығуының рентгенографиялық көріністерінің бірі деп есептеу қажет.
Келтірілген рентгенографиялық көріністер туа біткен сан сүйегінің шығуының клиникалық сипаттамаларымен қатар анықталса, онда туа біткен сан сүйегінің шығуы деген диагноз қойылады.
Туа біткен сан сүйегінің шығуы диагнозын 1 жастан асқан балаларда қою онша қиынға түспейді. Бала, 1,3-1,5 жасқа келгеннен кейін, аяғына тұрғанда, егер бір жақ буыны шыққанда ақсаңдап, ал екі жақ буыны шыққанда - «үйрек» тәріздес жүріспен жүреді. Бел омыртқасы иіліп (лордоз), қарны төмен түсіп, шыққан аяғы сыртқа қарай бұрылып, салыстырмалы ұзындығы қысқарып, үлкен ұршық Розер-Нелатон сызығынан жоғары орналасады. Сонымен қатар, ақауы бар жақта санның сыртқа қарай талтайуының шектелуі, жамбас-сан буынында санның ішке қарай айналу көлемінің ұлғаюы – Шосеняк белгісі, аяқты тартқанда оның төмен жылжуы, Тренделенбург белгісі анықталады.
Сау баланы бір аяққа тұрғызып, екіншісін көтерген кезде бөксе қыртыстары екі жақта да бір деңгейде орналасып, денесі қисаймай тік тұрады, Тренделенбург белгісі теріс болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет