Дене аймағы
|
Баланың жасы (жылмен)
|
1-ге
дейін
|
1
жас
|
5
жас
|
10
жас
|
15
жас
|
15-тен жоғары
|
А - басының жартысы
|
9,5
|
8,5
|
6,5
|
5,5
|
4,5
|
3,5
|
Б - бір санының жартысы
|
2,75
|
3,25
|
4,0
|
4,25
|
4,5
|
4,75
|
В - бір жіліншігінің жартысы
|
2,5
|
2,5
|
2,75
|
3,0
|
3,25
|
3,5
|
Емі: негізі жарақаттаушы заттың әсерін тоқтату, күйіктен болған жараны емдеу, оның іріңдеуіне жол бермеу болып табылады. Ең бірінші шокқа қарсы әрекет жүргізілуі қажет. Шоктың туындауына көптеген жағдайлар әсер етеді. Солардың ішінде баланың жасы, күйіктің аумағының әсері зор. Үш жасқа дейінгі балаларда күйік аумағы 5 , ал 3 жастан үлкен балаларда 10% артса немесе тыныс жолдарының күйігі болса (15) шок туындайды.
Шокқа қарсы қолданылатын шаралар:
күйдіретін заттардың әсерін тоқтату;
ауырсынуды басу үшін анальгетиктерді қолдану:
промедол 1 мг/кг (бірақ 1,0 мл аспау керек);
дроперидол 3 мг/кг;
анальгин;
супрастин.
ауыр жағдайда реанимациялық көмек көрсету:
жүрекке массаж, өкпені жасанды желдету, қан айналысын, тыныс алу жүйесінің жағдайын жақсартатын дәрілер беру; реополиглюкин немесе полиглюкин (10-15 мл/кг) құю;
оттегін беру;
жараға таза таңғыш салу.
1
2
3
4
5 Сурет VI. 26. Уоллес бойынша күйіктің
ауданын анықтау тәсілі:
1) бас-9%;
6 2) арқасы-18%;
3)кеуде-18%;
4) іші-18%;
5) қол-9%;
7 6) жыныс мүшесі-1%;
7) аяқ-18%.
Шоктың негізгі емі – инфузиялық терапия, ол баланың жасына, күйіктің аумағына байланысты өткізіледі. Инфузиялық терапия глюкозоновокаин, полиглюкин немесе реополиглюкин құюдан басталады. Олар тіндердің микроциркуляциясын, қан қысымын және жүрек жұмысын жақсартып, гиповолемияны болдырмайды. Ауыр жағдайда, инфузиялық емге қосымша - промедол, анальгин, дропериодол, натрий оксибутираты, эуфиллин, протеаза ингибиторлары, антигисстаминдер, кальций глюконаты, С, В, Е витаминдері, гепарин тағайындалады.
Инфузиялық ем, қышқыл-сілтілік (кислотно-щелочное) және су-электролиттік (водно-солевой) көрсеткіштерге байланысты өткізіледі. Гипопротеинемияны, гипохлоремияны және гипогликемияны дер кезінде анықтау үшін биохимиялық тексерулер жүргізілуі қажет.
Ауру, шоктан шыққаннан кейін, күйік жарасын емдеу басталады. Күйік жарасын емдеу тәсілдерін 3 топқа бөледі:
- жабық;
Жабық емдеу тәсілі балаларда қолданылатын негізгі ем. Оның негізі жараны тазалап, антисептиктермен жуып, өлі эпидермис қабатынан босатып, жарылмаған үлбіректерді түбінен кесіп, ішіндегі сұйықты шығарып, таза (стерильный) фурациллинмен, синтомицин эмульсиясымен, солкосерилмен таңғыш салу болып табылады.
Таңғышты 4-5 күнде бір ауыстырған жөн. Алайда, таңғышта ірің пайда болып, жаман иіс шықса, дене қызуы көтерілсе, оны ертерек ауыстырады.
Бірінші-екінші дәрежедегі күйіктер іріңдеусіз 2-3 аптада жазылады. Қайталап таңғыш салған кезде, өсіп келе жатқан нәзік эпителия қабатын жарақаттамауға тырысу керек. Жараның жазылу уақыты-өлі тіндерден тазалануына байланысты.
Жара тазаланғаннан кейін, оның беті жасанды, немесе ауто-, гомо-, гетеротерілермен жабылса жараның жазылу уақыты қысқарады.
Ашық Павлоцкий әдісі (күйік бетін таңғышсыз емдеу) балаларда сирек қолданылады. Бұл әдісте таңу салдарынан болатын ауырсыну, таңғыштан бөлінетін сасық иіс болмағанымен жазылу уақыты ұзаққа созылады. Себебі, жараның жазылу үрдісіне қотыр қабыршығының астында жиналанатын іріңдер кері әсер етеді.
Жара тезірек жазылу үшін гнотобиологиялық, микробсыз ламинарлы ауа ағымы бар камераларда қолданылады.
Коагуляциялық Никольский-Бетман әдісі бет, мойын, шат аралықтарының II дәрежелі күйіктерінде қолданылады. Ол үшін күйік беті өлі эпидермис қалдықтарынан тазалағаннан кейін жараны, 0,25-0,5% аммиакпен жуып, 5% танинмен, одан кейін 10% күміс нитратымен сүртеді, сөйтіп күйік беті аз уақыт ішінде қабыршықпен жабылады.
Никольский-Бетман әдісі қолданылғаннан кейін науқасты каркас астына жатқызып, оның ішіндегі температураны 240-250 шамасына жеткізеді.
Никольский-Бетман әдісінің ерекшілігі: пайда болған жара қабыршығы микробтардың тінге енуінен, ағзаны ақуыз және тін сұйықтарын жоғалтуынан сақтайды. Тағы да бір ерекшелігі, ауырсыну сезімін болдырмайды.
Күйік көлемі өте үлкен болғанда, токсемия, септикотоксемия фазаларында кешенді ем қолданылады. Қан және оның компоненттерін, ақуызды препараттарды құйып, гипопротеинемияны, анемияны болдырмау, инфекцияның алдын алу және онымен күресу шаралары жүргізілуі қажет.
Терең күйіктерде, өлі тіндерден тазалану бірнеше сатыдан өтеді. Таңу кезінде, өздігімен босаған өлі тіндер алынып отырады, ал егер өлі тін мен сау тін арасында айқын шекара пайда болса онда өлі тін кесіліп алынады (некрэктомия).
Ерте жасалған некрэктомия радикалды тәсіл болып табылады. Ол үшін науқас шоктан шыққаннан кейін өлі тіндерді толық кесіп алып тастап, жара бетін ауто-, гомо-, ксенотерілермен жабу қажет. Бұл тәсіл интоксикацияны азайтып, токсемия мен септикопиемияны болдырмайды. Сондықтан да шетінеу жиілігі бұл тәсілді қолданғанда 2 есе төмендеп, емдеу уақыты 2-3 аптаға қысқартылады. Күйіктің тереңдігін қарапайым әдіспен де анықтауға болады.
Егер күйік бетін басқан кезде өзгеріс болмаса, ол күйіктің терең екендігін көрсетеді. Некрэктомияны, тереңдігіне байланысты: жартылай, тері асты майына дейін, фасцияға дейін деп ажыратады. Жартылай (тангенциалдық) некрэктомия кезінде, өлі тін біртіндеп алынады. Фасцияға дейінгі некрэктомия, көбіне IV дәрежелі күйік кезінде қолданылады. Некрэктомиядан кейін аутодермопластика жасалады. Ерте жасалатын некрэктомияның ең тиімді уақыты жарақаттанудан соң 3-5 күн болып табылып ол аутопластикамен аяқталады.
Аутопластика IIIБ, ІУ дәрежелі күйіктерде жасалады. Аутопластика жасау үшін, жараның грануляциясы жақсы жағдайда болуы тиіс, ал гемоглобин көлемі 110 г/л, ақуыз 60 г/л төмен болмауы керек. Аутопластикаға қажетті теріні дерматомамен алып, шахмат кестесіндей тесіп жара бетін жабады.
Сурет VI. 27. Тері пластикасынан кейінгі күйік жарасының көрінісі
Ем шарты бұзылған жағдайда терең күйіктерде, аутопластика қолданылмаса күйік орнында келлоидті беріш пайда болады. Олар аяқ-қол буындарына жақын орналасса буын қимылы шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |