б) сипаты; Аутолиз өлім пайда болғаннан кейінде кейбір мүшелер мен тіндерде ферменттердің бөлінуі жүреді. Ферменттердің белсенділігі (пепсин, трипсин и т.б.) бірден тоқтамайды, сонымен қатар жасушалар ыдырап ферменттер шығарады. Алдымен аутолиз протеолитикалық ферменттері жоғары деңгейде жинақталған мүшелерде (ұйқы безі, бүйрек үсті безі, талақ, бауыр) басталады. Тіндер мен мүшелер жұмсарып, олардың құрылысының бұзылуы болады.
в) сот медициналық маңызы: Ферменттердің әсер ету белгілері негізінен мәйітті ашу кезінде анықталады. Олар бойынша, сондай-ақ басқа да мәйіт құбылыстары бойынша өлімнің уақытын анықтайды.