Жоспары: а кіріспе бөлім



бет1/3
Дата25.01.2022
өлшемі26,67 Kb.
#114327
  1   2   3
Байланысты:
Шығармашылық жоба Әл Фараби
9 КЛ алг бак

Шығармашылық жоба.

Тақырыбы: Әл-Фараби және медицина»

Жоспары:


А)Кіріспе бөлім:
Медицина туралы жалпы түсінік.
В)Негізгі бөлім:
а)Медицина тарихы ғылым және пән ретінде
в) Медицина тарихының негізгі міндеттері
с)Медицина тарихының алдына қойған мақсаттары
д)Медицина тарихының зерттеу көздері.
С)Қорытынды бөлім:

Медицина (лат.medicina: medicus — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Медицина тарихы, ғылым ретінде адамзаттың дүниежүзілік тарихы негізде медицина мен емшіліктің пайда болу, даму және жағдайын зерттейді..

Медицина тарихы нені оқытады
Медицина тарихы ғылым және пән ретінде,дәрігер мамандарын даярлауда өте маңызды орын алады,сонымен қатар келешектегі ғылыми даму прогресіне,әлеуметтік-саяси көзқарастарын дұрыс түсуінуіне,жалпы және арнайы мамандық тәрбиесіндегі дәрежелерін жетілдіруге үйретеді.
Медицина тарихы пәні-үлкен екі бөлімнен тұрады:жалпы және жекеше медицина тарихынан.

Жалпы медицина тарихы- дүниежүзілік медицинасын оның түрлі салаларының дамуының жалпы заңдылықтарын, олардың ерекшелігін, басты мәселелерін, жетістіктерін, жаңалықтарын зерттейді, ғылымға еңбегі сіңген атақты ғалымдардың өмір жолымен таныстырады. Дүниежүзінде дәрігерлік ілімнің калай пайда болғанын, медицинаның халық мәдениеті мен тарихи дамуы мен бірегей екенін көрсетеді.

Жеке медицинада әрбір дәрігерлік салаларға байланысты. Мысалы, терапия, хирургия- арнайы өз кафедрасында зерттеледі, аурудың алдың алу жолдары, оның пайда болу себептері, кеселдің түрін анықтау және емдеу әдістері көрсетіледі.

Әл-Фараби бабамыздың медицина ғылымына үлкен мән бере қарап, зерттегені жайлы білеміз. Әсіресе теориялық тұрғыдан кеңірек қарастырған. Медицина жайында «Адам ағзалары жайлы Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге қарсы жазылған трактаттар», «Жануарлар ағзалары», «Темпераменттер туралы», т.б еңбектері бар. Бұл еңбектері медицина пәнінің негізін анықтауға мүмкіндік береді. Әл-Фараби өз заманында медицинаны «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол медицинаның тек аурулардың себептерін анықтаумен ғана емес, адам денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою шараларын да іздеген. Әл-Фараби медицинаға көп көңіл бөлгендігі соншалық, адам ағзасының әрбір мүшелерін зерттегенін кейбір еңбектерінде айшықтап көрсеткен. «Қайырымды қала» еңбегіндегі жүрек жайлы айтқан ойларын медицинамен ұштастыра отырып шебер жеткізе білген. Өз пікірлерін ғана айтып қоймай Әл-Фараби өз кезегінде ұлы ойшылдар Аристотель мен Галеннің пікірлеріне де жеке көзқарасын білдіріп отырған. Сонымен, Әл-Фараби бабамыздың дүниежүзілік медицина саласына қосқан үлесі мен алғышарттары айтарлықтай. Бүгінгі ұрпақ өз бабасының осы жетістіктерімен мақтанып қана қоймай ары қарай жалғастырып, мақтанарлық дәрежеге жетсе екен. Елімізде ең басты құндылық – адам болғандықтан, адам өмірінің мәні мықты да салауатты денсаулықта. Сол себепті бүгінде өз алдына жеке арна болуға сұранып-ақ тұрған нақ осы – медицина саласы. Бірлі-жарым медицина жайындағы бағдарламалар жыртыққа жамау болып жарытпайды. Бүгінгі ғасыр ғылым мен техниканың, цифрлық технологияның заманы болғандықтан медицина да сол көштен қалмай халыққа лайықты қызмет көрсетуі шарт. Ақпараттар ағынының көшінен қалмай, медицина арнасы ашылса ел тұрғындарының медициналық сауаты кемелденіп, дертіне шипа іздегендер өз қажетіне жарар ақпарат алатын еді.
Еліміздің баға жетпес ұлттық дербестігін тарихи тұрғыдан баянды ету үшін қолжазба мұраларының маңызы өте зор. Мұндай мұралардың мазмұны елдік идеямыздың қалыптасуының тарихи даму жолынан көрініс береді. Ертеде көне түркіден бастап қазіргі күнге дейінгі көптеген жазба мұра қалдырған қазақ ұлтының тарихи, әдеби-мәдени жәдігерлері осы уақытқа дейін ғылыми тұрғыдан жүйелі түрде жинастырылып, сипаттама берілген жоқ әрі қазақ тіліне де толықтай аударылмай келеді. Осыған орай бүгінде А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми қызметкерлері тарапынан оңтүстік өңірден шыққан бірнеше тұлғалардың қалдырған тың қолжазба еңбектеріне шолу жасау жұмыстары қолға алынды. Солардың бірі Фараб өлкесінің тумасы Шейх Мұхаммед Әбу Насыр Аднан әл-Фарабидің «Нассан Тиббиян – әл-Кәфи фи сана ат-тиб» атты қолжазбасын ғылыми тұрғыда зерттеу жүріп жатыр. Шейх Мұхаммед Әбу Насыр Аднан әл-Фараби ( — 1153) ғасыр шамасында дүниеден озған. Атының өзі қазақ жерінің тумасы екенінен хабар береді. Ол тарих сахнасында Ибн Халкан есімімен танымал. Заманында тарихты, медицинаны, астраномия ғылымдарын меңгерген. Сонымен қатар ол шариғатты бойлап білген және дүние, мал-мүлікке қызықпаған дініне берік болған екен. Ол Аббасидтер халифаттығында ғұмыр кешіп, Бағдад, Мысыр жерлерінде білімін шығдаған. Әл-Фараби жайында «Мұжам иламу тиб» кітабында былай делінеді: «Ол түріктердің жерінен шыққан дана тұлғалы дәрігер болған. Бағдатта медицина, астрономия саласы бойынша қызмет етіп кейін Мысыр еліне қоныс аударып онда Зафир Исмайл (1133-1154 ж.ж.) әмірге қызмет еткен». Бүгінде қолымызда аталмыш ғалымның «Нассан Тиббиян – әл-Кәфи фи сана ат-тиб» атты еңбегі бар. Ол Мысырда хижра жылы бойынша 510 жылы жазылған және қазіргі уақытта «Катар ұлттық кітапханасында» сақталған. Оның мазмұнында адамның күнделікті өмірде табиғатпен қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар бас, көз, тері аурулары секілді 900-ден астам аурудың түрі мен емі ұсынылған. Баса айта кететін нәрсе ұсынылған емнің барлығына дерлік табиғи дәрі-дәрмектерді қолдану керектігі ескерілген. Бұған қоса тамақ ішу әдебі мен шарттары да баяндалған. Автор «Нассан Тиббиян – әл-Кәфи фи сана ат-тиб» кітабында адамның денсаулығы табиғатпен, қоршаған ортамен тығыз байланысы барын көрсетуге тырысқан. Сондай-ақ, қандай да бір ауруға шалдыққан адам құрамында химиялық элементтері бар дәрі-дәрмекке емес керісінше дәстүрлі әрі табиғи жолмен емдеу әдістерін көрсеткен. Бұған қоса ғалым қолжазбаның алғашқы бетінде медицина екі түрге яғни, теория мен практикаға бөлінетінін тілге тиек еткен. Одан кейін осы екі бағыт бойынша жан-жақты анықтамалар берген. Жалпы, Шейх Мұхаммед Әбунаср Аднан әл-Фарабидің қолжазбасында адам ағзасына қажетті көптеген пайдалы кеңестер мен емдік жолдар жан-жақты талқыланып баяндалған. Бұл өз кезегінде ғалымның медицина саласында білімінің жоғары екеніндігін айқындайды. Бұған қоса аталмыш еңбек қазіргі экологиясы бұзылған, химиялық қоспасы бар дәрі-дәрмек пен сапасыз азықтың саны артқан қоғам үшін аса маңызды болса керек. Өйткені, бүгінгі ортада аталмыш дәрі-дәрмектен гөрі дәстүрлі емдеу жолдарын іздейтін науқастардың саны аз емес. Сондықтан алдағы уақытта бұл жұмысты жіті зерттеп, оның пайдалы тұстарын халықтың назарына ұсыну көзделіп отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет