Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет220/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ЗАҚЫМДАЛУЫ


Жұмсақ тіндер зақымдалуы – балалар жарақаттарының ішінде ең көп кездесетін түрі. Ол ашық және жабық болуды мүмкін көбіне тұрмыстық жарақатпен байланысты болады. Бала терісінің ерекше қасиетіне, теріасты май қабатының жақсы дамуына және 3-5 жастағы балалардың салмағының төмендігіне байланысты, қаңқа сүйектірінің сынуы, жұмсақ тіндердің ауыр жарақаты сирек кездеседі.


Соғылулар
Соғылулар деп жұмсақ тіндердің немесе мүшелердің бүтінділігінің бұзылуына әкелетін жабық жарақатты айтады.
Клиникалық көрінісі. Көбінесе жарақат механизміне, жарақатталушының жасына, жарақат кезіндегі оның жағдайына байланысты болады. Соғылу кезінде жарақат орнында ісік, қанталау пайда болады. Қанталаған жер алғашқы тәулікте көк түсті, одан кейін сары-жасыл түсті болады. Тері, немесе тері асты май қабатының сыдырылуы салдарынан, аталған аймақта гематома пайда болуы мүмкін. Гематоманың негізгі белгісі – флюктуация, пальпация кезіндегі ауырсыну болып табылады. Зақымдалған аймақтың қызметі бұзылады. Ауыр жарақаттар бұлшық еттің, сіңірдің үзілуі, немесе буын қапшығының жыртылуы туындайды. Бұлшық ет, немесе сіңір талшықтарының үзілуінің клиникалық көрінісі жарақаттанған жақта қатты ауырсынумен, жарақат алған аймақтың қызметінің төмендеуімен байқалады. Кейбір жағдайда, белсенді және өздігінсіз қозғалыстар қатты ауырсыну тудыруы мүмкін, мұндай жағдайда сүйек сынуы күдігі болуы қажет. Оны анықтауға рентгенография көмектеседі.
Емі. Зақымдалған дене аймағына тыныштық беру қажет (төсек режимі немесе қысқа уақытқа иммобилизация). Ісінуді азайту және қанды тоқтату үшін алғашқы күндері суық, екінші-үшінші күннен бастап құрғақ жылу басып, ванналар, УВЧ тағайындалады.
Бұлшық еттің жыртылуы, немесе сіңірдің созылуы анықталса 7-8 күнге гипстен лонгета салынып, физиоемшаралар тағайындалады.


Жаралар
Жара (uvulus) дегеніміз – тері және шырышты қабаттардың бүтінділігінің бұзылуына әкелетін жарақаттарды айтамыз.
Жараның әртүрлі белгілеріне байланысты келесі түрлерін ажыратады:

  • операциядан болған, соғыс кезінде болған, кездейсоқ жаралар;

  • қарудың түріне байланысты: кесілген, жыртылған, соғылған, жаншылған, шаншылған, тістелген жаралар;

  • дене қуыстарына байланысты: кеуде, іш, буын; ішкі құрлыстардың зақымдалуымен және зақымдалуысыз;

  • жара арнасына байланысты тесіп өтпелі , жанап өтпелі және тұйық деп бөлінеді.

Анатомиялық белгілеріне байланысты, жұмсақ тіндердің, магистральды тамырлардың және жүйке тамырларының жаралары:

  • жара санына байланысты: жалғыз және көптеген жаралар;

  • жарадағы микрофлораға байланысты: асептикалық, инфекцияланған, іріңді деп бөлінеді.

Жаралық үрдістің кезеңін, емдеу әдісін анықтау үшін М.И. Кузин жіктемесі қолданылады:

  • I қабыну фазасы – 2 кезеңнен тұрады; қан тамырлардың өзгерістері және өлген тіннен арылуы;

  • II регенерация фазасы – грануляцияның пайда болуы және жетілуі;

  • III тыртық және эпителизация фазасы.

Клиникасы. Жараланған жер ауырсынады, жүйке талшықтары жарақатталса, сезімталдық, қимыл бұзылады. Жараның аузы ашылып, жарадан қан кетеді. Жараның айналасында ісіну, ал баса - ауырсыну байқалады. Ішкі құрлыстардың жарақатталуымен жүретін жараларда ағзалардың функциясының бұзылуы, анемия, шок, гемоторакс, немесе перитониттің клиникалық көрінісі байқалуы мүмкін.
Емі. Операциялық емдеуді «хирургиялық өңдеу» деп атайды, оның көлемі жарақаттың түріне, орналасқан жеріне, уақытына байланысты. Операцияның бірінші (первичная), екінші (вторичная), жедел (ранняя), кешелдеген (отсроченная), кешіккен (поздняя) түрлерін ажыратады.
Бірінші «хирургиялық өңдеу» кезінде антисептиктермен жараны жуу; ультрадыбыспен өңдеу, вакуумды қолдану,; жараны кеңейту, өлген тіндерді алып тастау, остеосинтез, сіңір, жүйке қан тамырларын жалғау, қан тоқтату тәсілдері жүргізіледі. Алайда жарақаттанушының жағдайына, операция жасайтын мүмкіншіліктің бар-жоғына байланысты, аталған тәсілдердің барлығы қолданылмай, тек жараны кеңейтіп, өлі тіндерді кесіп алып тастап қанды тоқтатумен шектелуі мүмкін.
Егер «хирургиялық өңдеу» алғашқы 24 сағат ішінде жасалса оны «жедел», ал 24-72 тәуліктен кейін жасалса «кешіктірілген» деп атайды.
«Кешіккен» хирургиялық өңдеу деп жара іріңдеген уақытта жасалған хирургиялық емді айтады. Егер жедел хирургиялық тазалау жеткіліксіз болса, немесе дұрыс жасалмай асқынулар пайда болса, кешіккен хирургиялық өңдеу қайтадан жүргізіледі.
Жедел хирургиялық өңдеу жараны тігумен аяқталады. Ашық жара болса сіреспеге қарсы сарысу, ал егілген балаларға анатоксин жасалады. Егер жара буын маңайында орналасса, шина немесе гипстен лангета салынады. Операциядан кейін жара іріңдемесе, тігіс 7-8 күннен кейін алынады.
Үлкен көлемді сыпырылған жараларды емдеу барысында Красовитов әдісі қолданылады. Ол үшін теріні теріасты май қабатынан босатып, шахмат тәртібінде тесіп (перфорация), онымен жараны жауып, сау теріге сиректеп тігеді.
Ақырғы жылдары, көлемі үлкен, ұзақ уақытқа дейін жазылмайтын, іріңдеген жараларды емдеу мақсатында жергілікті гнотобиологиялық әдіс қолданылып жүр. Әдістің негізі - жараны микроб түспейтін жағдайда ұстау болып табылады.
Егер білезік және саусақ сіңірлері өткір затпен жарақаттанған бала стационарға 24 сағат ішінде түссе, біріншілік сіңір тігісі, біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізіледі. Аталған сіңірге салынған біріншілік тігіс жақсы нәтиже береді. Дөрекі тігістер сіңір функциясына бөгет келтіреді. Тігілген сіңір тігісіне күш түсіп үзіліп кетпеуі үшін, сіңірдің орталық бөлігіне тігістен бірталай алыс жерден, көлденеңінен 3 аптаға тігіс салынады. Қолға гипстен лонгета салынып, ЛФК, физиемшаралар тағайындалады.
Егер біріншілік хирургиялық өңдеу кезінде сіңірлер тігілмесе, сіңірді тігуге бағытталған операция жара толық жазылғанға дейін шегеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет