Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет233/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Терминальдық және клиникалық өлім кезіндегі бала реанимациясы. Қан айналымының тапшылығы, немесе тоқтаған кезде, ең бірінші ми жасушалары тіршілік ете алмай, қайтымсыз өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Егер, дер кезінде қан айналымы мен тыныс алу тапшылығын емдемесе, ми жасушалары оттегінсіз 4-5 минуттан кейін тіршілігінен, әртүрлі дәрежеде, айырылуы мүмкін. Сондықтан, уақытында жедел және реанимациялық көмек қолдану өз нәтижесін, жемісін береді.
Клиникалық өлім ұзақтығы, адамның жасына, сол кезге дейінгі денсаулығына, әр адамның өзіндік табиғатына, қоршаған ортасының температурасына байланысты. Жас балаларда, үлкен адамдарға қарағанда түрлі ауруларға онша қатысы болмаған, мықты келеді де, өлім кезеңінде, қалыптағыдан ұзағырақ өлім мерзімі болуы мүмкін. Ауырған кезде бұл жағдай едәуір қысқарады. Төменгі температура жағдайларында (арнайы гипотермия, аяз, суық ауа, су) клиникалық өлім әдеттегіден едәуір ұзарады. Керісінше жоғары температура кезінде, зат алмасуы құбылысының қарқынды артуына байланысты жасушалардың бұзылуы тездеп, клиникалық өлім мерзімі қысқарады, ми жасушаларының қайта қалыпқа келу өзгерісіне кедергі жасайды.
Сондықтан, бірден қолдан дем алдырып, газ алмасуы мен қан айналысының бұзылуына жол бермеу керек. Клиникалық өлім кезінде, кімде-кім жанынан табылса, сол реанимациялық әрекеттердің «медииналық мамандығына қарамастан, шамасы келгенше жүргізуі тиіс». Қалай болғанда да, адам өмірін сақтап қалу әрбір азаматтың борышы деп түсіну керек. Ең басты көмек, бұл жағдайда, оттегімен қамтамасыз ету болып табылады.
Ең алдымен тыныс жолдарының ашықтығына көз жеткізіп, егер ішінде бөгде зат, ауыз қуысының, асқазанның сұйықтықтары болса тазалау керек.
Баланы шалқасынан тегіс-қатты жерге жатқызып, басын артқа қарай шалқайтып, жақ иегін алдыға қарай жылжытады. Ауыз бен жұтқыншақ қуысын резина баллонымен немесе электросорғышпен сорып тазартады. Тіл мен кеңірдек қуысын бітемеу үшін, ауыз қуысы мен кеңірдек аралығына түтік қойылады. Нәрестелер мен сәбилер тұншыққанда аяқтарын көтеріп, тыныс жолдарындағы бөгде заттарды арқасынан қағу арқылы шығарады. Ересек балаларды, сумен тұншыққанда басы мен кеудесін тізесінен төмен қаратып тыныс жолдарын тазартады. Реанимация кезеңінде, басын төмен немесе бір бүйірінен жатқызса, тыныс жолдарындағы сұйық заттардан тез арылуына жағдай жасалады. Егер, тыныс жолдары ашылып, дем алысы дұрысталмаса, қолдан демалдыруды бастау керек. Иығы мен жауырын астына кішкене жастық қойып, басын артына қаратып, тыныс жолдарын ашып, қолдан дем алдыру, «ауыз бен ауыз» арқылы, немесе арнайы қол дем алдыру аспаптарымен, электронды-жүйелі күрделенген аппараттармен жүйелі режимде дем алдыруға мүмкіндік береді. Ол аппараттар қатарына: «РО5 РО6», «Бэбилог-2» (Германия), Fasa – «Sechrist» (Япония), «Бэр» (АҚШ) жатады. Күрделігіне байланысты бұл аппараттармен жұмыс істеу үшін арнайы білім керек.
Қолдан дем алдыру оттегімен үрлеудің негізгі мақсаты - өкпе үлпершектерін (альвеолы) желдендіру арқылы, газ алмасуын қамтамасыз ету.
«Ауызбен ауызға» немесе «ауызбен мұрынға» үрлеу арқылы дем алдыру. Бұл тәсілдің қарапайымдылығы сол, медициналық білімі жоқ адамдар да, ешқандай құрал жабдықсыз, өкпені желдендіру әрекетін жасай алады. Бұл тәсілді экспираторлық деп те атайды. Баланың басын шалқайтады да, кеудесін кере 2-3 рет ауаны жұтып, өкпедегі газды таза ауаға алмастыру мақсатында, өкпеге үрлейді. Егер үрлеген кезде кеудесі көтеріліп, ал тоқтағанда төмен түссе, тыныс жолдарынан жел шыққан дыбыс байқалады. Демек, газ алмасу құбылысы дұрыс бағытта деп ойлау керек. Егер де үрлеген кезде кіндіктен жоғары іш бөлігі көтерілсе, өкпені желдендіру әрекеті дұрыс емес. Сондықтан ауаның асқазанға кетпеуі үшін, басты барынша шалқайтып, немесе тыныс түтікшесін қою арқылы ауаның асқазанға кету мүмкіншілігін азайту керек. «Ауызбен ауызға» немесе «ауызбен мұрынға» үрлегенде кездейсоқ ауру жұқтырудан сақтанған жөн. Ауызбен үрлеу кезінде, ауызға немесе мұрынға бірнеше қабат дәкелі салфеткамен үрлеу керек. Үрлеу кезінде, әр баланың минутына жас шамасына қарай жиілігін білу керек, 40- 24-18 ден кем болмау керек
Арнайы қол аспаптарымен өкпені желдендіру. Бұл тәсілде қол, маска аппараттарымен, дем беру аппараттарымен (Пол -- -2-4. СССР) жүзеге асырылады. Масканы ауыз бен мұрынды қоса бетке жауып, өкпені дем алдыру үшін, резина қапшығы арқылы, қолмен, ретімен сығымдайды. Қолмен дем алдыру кезінде, кеуденің көтеріліп басылуын қадағалау керек. Ауаның өкпеге тегіс өтуі үшін маска мен беттің арасы саңылаусыз тығыз болғаны жөн. Амбу қол дем алдыру аппаратымен таза ауа және оттегімен түтік арқылы дем алдыру мүмкіндігі толығымен бар. Ең қауіпсіз және қолайлы өкпені желдендіру тәсілі - кеңірдекті интубациялау арқылы бірнеше тәулік ағзаға қажетті газ алмасу деңгейін қамтамасыз етіп жүргізу. Мұндай дем алдыру тәсілінің аппараттары жоғарыда көрсетілген.
Қан айналысын қолмен сүйемелдеу, қолдан немесе жасанды түрде, қан айналымын сүйемелдеу, жүрек-тамыр соғысының бұзылу кезеңінде, немесе жүрек соғысының тоқтаған кезінде атқарылатын тәсілдер болып есептеледі.
Бұл жағдайда қан жүруін жандандырудың ең қолайлы тәсілдерінің бірі – тікелей жүрекке әсер ету үшін – сығымдау тәсілі деп аталады. Сығымдау тәсілі екі түрде жасалады. Сырттан (кеуде сыртынан) немесе тікелей іштен сығымдау (кеуде ішінен). Тікелей іштен сығымдау тәсілінде, хирургтың көмегі керек. Бұл тәсіл сондықтан, ірі хирургиялық құралы бар дәрігерлік ауруханаларда жасалады. Балаларда, сырттан сығымдау тәсілінің тиімділігі зор. Сондықтан балаларға, әсіресе нәрестелер мен сәбилерге тікелей іштен сығымдау тәсілі көп қолданыла бермейді. Егер кеуде тұсы жарақаттанып, төс сүйегі немесе бірнеше қабырғасы сынған болса, онда жас шамасына қарамай кеудені хирургиялық әдіспен ашу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет