Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет230/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Шектелген невус эпидермистің төменгі қабатында қосылған түрде және дермоэпидермальды қабат шекарасында диффузды орналасқан невус жасушаларының түзілуімен сипатталады.Бұл жасушаларда меланин бар.
Араласқан Невус - дермада таралған невус жасушаларының ұяларынан тұрады. Невуста, шектелген және дермаішілік невустарға тән өзгерістер табылады. Эпидермисте, дерманың жоғары қабатында меланин дағы анықталады. Аралас невус қатерліге ауысуға бейім.
Дермаішілік невус алып жасушалы болады. Май бездері және шашты фолликулар анықталады, невус қатерлі емес.
Бозбалалық невус балаларда және жасөспірімдерде кездеседі, алып жасушалардан тұрады. Олардың көлемділігі және түрі жағынан дермаішілік невустардың және қатерлі меланомалардың алып жасушаларынан айырмашылығы бар. Бозбалалық меланоманы, жасуша белсенділігімен анықталатын, аралас невус ретінде қарастыруға болады.
Көгілдір невус – жалғыз, жұмсақ, үлкен емес, домалақ немесе сопақ пішінді, көгілдір немесе көк түсті түйін. Ол дермада, тері беткейінен сәл көтеріліп орналасады. Гистологиялық зерттеуде, құрамында меланин анықталатын меленоциттер табылады.
Лентиго - жалпақ немесе тері беткейінен аздап көтерілген қоңыр немесе қоп-қоңыр түсті домалақ пішінді, диаметрі аса үлкен емес құрылым. Микроскоп астында зерттеген кезде ұзарған эпидермальды өсінділер, базальды қабатында меланин мөлшерінің көбеюі анықталады.
Клиникасы және диагностикасы. Пигменттік дақтардың орналасуы әр түрлі. Көлемі - нүктедейден дене терісінің жартына дейінгі көлемде болады. Шектелген және аралас невус жалпақ немесе тері беткейінен сәл көтерілген. Майда, шашсыз түзіліс, кейде сүйелді немесе папилломатозды беткейлі, қоңыр түсті түрлерге ие болады.
Дермаішілік невус тығыз, күмбез тәрізді, түктермен табылған, майда немесе папилломатозды беткейлі түзіліс невус әлсіз пигменттелген немесе қоңыр түсті болуы мүмкін.
Бозбалалық меланома тығыз, жиі шар тәрізді, әлсіз пигменттелген, түксіз, сарғыш-сұрғылт түсті түзіліс. Түзіліс айналасында кейде гиперемияланған аймақ болуы мүмкін. Бетінде, қатерлілерден айырмашылығы, телеангиоэктазиялар және әлсіз пигментация болады, қатерсіз өтеді, метастазы сирек болады.
Туа пайда болған «монғол» дақтары - пигментті дақтардың бір түрі болып табылады. Ол жиі бел аймағында бір немесе бірнеше дақтар түрінде орналасады. Бала өсе келе бұл дақтар өздігінен кетуі мүмкін. Емді қажет етпейді.
Ажырату диагнозын, бірінші кезекте меланомамен жүргізіледі. Біріншілік меланома балаларда өте сирек кездеседі. Пигментті дақтардың қатерліге айналуы да жиі анықталмайды. Малигнизация белгілері: пигментті дақтың көлемінің үлкеюі, пигменттелудің күшеюі, негізгі дақ айналасында жаңа пигментті аймақтардың пайда болуы, ісіктің инфильтрациясы немесе оның тығыздалуы, невустың жараға айналуы, қышудың болуы, аймақтық лимфа бездерінің реакциясы. Қосымша зерттеулер (биопсия, цитологиялық зерттеулер, термография) диагнозды анықтауға мүмкіндік береді.
«Сүтті кофе» түсті пигментті дақтардың көбеюі, жүйке тарамдары бойымен ісіктердің түзілуі, кейде ауырсыну сонымен қатар ешқандай жылдам өсу көрінісінсіз болса Реклингхаузен ауруы (туа болған нейрофиброматоз) туралы ойлауға болады.
Невустардың емі, негізінен хирургиялық және дақты сау тінге дейін толық кесіп алып, гистологиялық зерттеуге бағытталған. Өте үлкен пигментті дақтарда, терілік пластикамен немесе пластикасыз операция жасалады. Пигментті невус бетте, косметикалық тұрғыдан ыңғайсыз аймақтарда орналасса, криодеструкция әдісі қолданылады. Оның нәтижелілігі жоғары, әсіресе 1,5 жасқа дейінгі балаларда 60%-ке дейін.
Қатерлі емес невустарда айналу жылдамдығы жоғары алмазбен немесе корундпен қапталған диск – Шуман-Шреус аппараты көмегімен жасалатын дермабразия әдісі қолданылады (шлифование кожи). Бірақ бұл әдіс 12-13 жаста асқан балаларда қолданылады. Дермабразия арқасында пигментті жасуша қабаты алынады, реактивті қабыну нәтижесінде пигментті жасуша өліп, косметикалық эффект оң нәтиже береді.
Фиброма - дәнекер тіндердің қатерлі емес түзілімдеріне жатады. Бірен-саран немесе көптеген ісіктер (фиброматоз) кездеседі. Фиброманың этиологиясы әлі толық зерттелмеген, бірақ та көп жағдайда, әсіресе фиброматоздың әртүрлерінде тұқымқуа-лаушылыққа бейімділігі байқалады. Фиброма әр түрлі жаста, бірақ 5 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Түзілістің орналасуы әртүрлі. Көп жағдайда кеуденің және аяқ-қолдың жұмсақ тіндерін зақымдайды. Сонымен қоса фиброма теріні (дермато-фиброма), ішкі ағзаларды, қуыстарды да зақымдануы кездеседі.
Шеткері орналасқан фиброманың клиникалық көрінісі: шеттері анық, тығыз, ауырмайтын түзіліс, көлденең бағытта қозғалмалы. Ісік үстіндегі тері өзгермеген, жергілікті гиперемия анықталмайды. Ісік жай өседі, үлкен көлемге жеткен кезде жақын жатқан ағзалардың қызметі бұзылуы мүмкін.
Фиброманы ең бірінші кезекте қатерлі ісіктерден - саркомалардан ажырату қажет. Саркомаға айналасындағы тіндерді бұза инфильтративтік өсуі, жергілікті гипертермия, метастаз беру тән. Қорытынды диагноз қою үшін биопсия жүргізу қажет.
Жалғыз фибромаларды радикальды кесіп алып тастауға болады және сирек қайталанады.
Фиброматоздар, әсіресе десмоидтар және нейро-, нефрофиброматоздар едәуір қиыншылықтар туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет