Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет92/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Өт-тас ауруы
Бұл ауру балалар жасында сирек кездеседі. Өт тастарының түзілу патогенезінде басты рольді, туа біткен гемолитикалық анемиядағы анық гемолизде, резус конфликтте, сепсисте, т.б. артық мөлшерде бөлінетін өт пигменттері алады. Сонымен қатар өт-тас ауруының себебі - өт жолдарының деструкциясы мен қабынуының болуы. Тас көбінесе жалпы өт өзегінде не өт қабында орналасады (микроцитарлы анемиямен 146 науқасқа операция жүргізілгенде, науқастардың 4-нің өт қабында тас анықталды). Тастар аралас (билирубин-кальций-холестеринді).
Аурудың клиникалық көрінісінде ересектердегіден айырмашылығы жоқ.. Науқастарды шартты 2 топқа бөлуге болады: өт шығару жолдарының қабыну үрдісі фонындағы өт-тас ауруы және қабынусыз. Қабыну басым болғанда өт-тас ауруының клиникалық көрінісі жедел холециститке ұқсас. Ұстама бірнеше рет қайталануы мүмкін. Баланың өт өзектері таспен жартылай және толық бітелгенде балаларда механикалық сарғаюдың клиникалық көрінісі ерекше байқалады (тез ауырсыну, сарғаю, нәжістің түссізденуі). Қабыну болмағанда аурудың жедел симптомдары болмайды және клиникасы созылмалы холецистопатияны еске түсіреді. Диагнозды дұрыс қоюға дуоденальды зондтау көмектеседі. Микроскопиялық тексеру кезінде өт порцияларында ұсақ құмдар, холестерин тастары, ұсақ тастар анықталады. Жалпы өт өзегі толық бітелгенде зондтау арқылы өт қабынан өт алынбайды. Венаішілік холангиография арқылы және көрсеткіш бойынша жүргізілген операциялық холангиографияда (топикалық диагностика үшін) толық диагноз қоюға мүмкіндік болады. Механикалық сарғаюмен жүретін қабыну үрдісі басым болғанда жедел оперативті ем – тасты алу, ал өт қабының қабырғасындағы флегмонозды және гангренозды қабыну жағдайында – холецистоэктомия қажет. Қабаттасқан аурулар кезінде (гемолитикалық анемия мен өт-тас ауруында) оперативті ем екі сатыдан: бірінші саты – спленоэктомия, екінші саты – тасты алудан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет