Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет95/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Эндоскопиялық зерттеу. Эндоскопиялық әдістер ішінде қазіргі кездегі негізгі зерттеу әдісі - лапароскопия. Лапароскопты енгізудің негізгі орнын, анамнезіне (жарақат механизміне, жарақаттаушы затқа) және клиникалық-зертханалық зерттеулерге қарап анықтайды. Егер паренхиматозды ағзалардың зақымдалуына күдік туса зерттеуді Кальк нүктесінен жоғары жүргізеді. Бұл - зақымданған ағзаны толық қарауға мүмкіндік береді.
Бауырдың капсула астылық жыртылуы.
Құрсақ қуысын зерттеуді лапаротомиялық қараудан бастайды. Ол патологиялық ағзаны анықтауға мүмкіндік береді. Құрсақ қуысында қанмен боялған сұйықтықты анықтауға болады. Мезентериальды лимфадениттің көрінісінде байқалады. Келесі қарауларда ағза көлеміне, конфигурациясына, түсіне, қозғалысына, консистенциясына, орналасуына мән береді. Бауыр тұсында гематома болса, оның түсі қошқыл, көгерген болады. Манипуляторды қолдану арқылы бауырдың консистенциясын толық анықтауға болады (гематома орналасқан аймақта оның көлемі және тереңдігіне байланысты флюктуация анықталады). бауырдың осылай зақымдалуы анамнез және клиникалық-зертханалық толық зерттеуді қажет етеді. Себебі ауырсыну синдромы бар науқастарда анемия мен эндоскопиялық тексеру нәтижелері арасында сәйкестік болмайды.
Бауырдың капсуласының толық зақымдалуы
Құрсақ қуысын айналдыра қарау кезінде бірден көзге түсетіні жиналған қан мөлшері, оның латеральды каналдарға таралуы (көбінесе оң жаққа, ащы құрсақектер ілмегі арасына, кқұрсақі жамбас қуысына). Егер 1 литр қан кететін болса, екі жақты латеральды каналда және тоқ құрсақектің өрлеуші бөлімін қамтиды. Егер науқас горизонтальды жатса, кқұрсақі жамбас қуысынан бос қуықты көре алмаймыз. Ағзаларды зерттеу кезінде бауырдан қан ұйындысының орналасуын анықтайды. Қан ұйындылары көбінесе бауырдың зақымдалған жерлерін жауып жатады. Бауыры зақымдалған науқастар әдетте шок жағдайында жеткізіледі және жедел түрде қан құюды қажет етеді.
Көк бауырдың зақымдануы
Құрсақ қуысын жаппай қарауда ащы ішек ілмектерінің париетальды құрсақ астарының қызғылт түске боялуы өзіне назар аударады. Көп қан кетсе қан құйылу екі жақ латеральды каналда, кіші жамбас қуысында анықталады. Көкбауыр әдетте көрінбейді, себебі ол қанның ішінде батып тұрған тәрізді көрінеді, сол аймақтан ірі қан ұйындыларын көруге болады. Науқасты горизонтальды жағдайда қарап болғаннан кейін Фовлер жағдайына ауыстырамыз, бұл кезде бос қан төмен қарай ағып жиналады, ал көк бауыр төмен жылжып, мұқият қарауға мүмкіндік туады. Сирек жарақат орнында қою және жабысқан қан ұйындылары анықталады, көкбауыр тұнған көгілдір түсте болады. Көкбауыр байламдарынан қан құйылулар анықталады. Манипуляторды қолдану жарақат аймағын тез анықтауға мүмкіндік береді.
Құрсақ астары арты гематомасы
Құрсақ қуысы ағзаларының жарақаты кезінде диагноз қою үшін лапароскопия қолданылады. Ол арқылы құрсақ астарындағы гематоманың әртүрлі көлемі анықталады. Әдетте осындай науқастардың барлығында жамбас сүйектерінің және бүйректің зақымдалуы болады. Негізгі патологияға немесе эндоскопиялық көріністер жатады. Жалпылай зерттеуде құрсақ қуысынан қанмен боялған сұйықтық анықталады.
Құрсақ астар гематосымен түскен барлық балаларға лапароскопия жасағанда қуыққа катетер арқылы метилен көгін енгізеді, ол қуықтың зақымдалуын анықтауға мүмкіндік береді.
Егер бүйрек зақымдалса, құрсақ астар гематомасы көкетдан кқұрсақі жамбасқа дейін орын алады. Бүйректің зақымдалуын нақты анықтау үшін жасалған лапаросокпиядан соң экскреторлы урография жүргізу арқылы емдеу әдісін анықтайды.
Соңғы жылдары құрсақ ағзалардың жабық зақымдалуын диагностикалауда жиі ультрадыбыстық және радиологиялық зерттеу әдістері қолданылады.
Тағы бір ерекше көрсететін жағдай - балаларды тексерудегі диагностикалық қателіктердің жиілігі. Балалардағы құрсақ қуысының жабық жарақатын диагностикалау негізі - құрсақ қуысының пункциясы (лапароскопия) және ультрадыбыстық зерттеу жатады. Ауруханаға жатқызылған науқастардың 71,9% тексеруден кейінгі консервативті ем нәтижесінен кейін ауырсыну синдромы басылған балалардан құралады. Консервативті терапияны қатаң төсек тәртібі және құрсақке 3-4 сағатқа созылған суық басу құрайды. Соңғы жылдары анестезиология және реаниматологияның қарқынды дамуына байланысты құрсақ қуысының зақымдалуы мен шок көріністері бар науқастарда хирургиялық әдіспен қайта ем жүргізіледі. Құрсақ қуысындағы қан кету және шок көрінісінің айқын клиникасы кезінде науқасты алдын-ала шок жағдайынан шығару – ең бірінші мақсат емес, себебі - операция ең негізгі шокқа қарсы шара болып табылады. Құрсақ ішілік қан кетудің анық емес клиникалық түрінде шокқа қарсы терапия 2-3 сағат аралығында жүргізілу қажет. Жүргізілетін терапия шараларынан нәтиже болмаса, операция жасалынады. Құрсақ қуысының жабық жарақаты кезіндегі операция алдындағы дайындық балалардың жүрек-қан тамыр жүйесін, тыныс алу жүйесін қалпына келтіру және балалардағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек.
Бірінші ретте орындалатын шаралар төмендегі жағдайларға бағытталады: гемодинамика бұзылыстарын азайту, гипоксияны шектеу, энергетикалық үрдестерді арттыру. Аталған бұзылыстар, бала ағзасында циркуляторлы гипоксия фонында жүреді. Премедикация барлық балаларда жансыздандыру түріне байланысты жүргізіледі. Балаларда құрсақ қуысының жабық жарақатына жүргізілетін операцияда - жансыздандырудың ең қолайлы әдісі – наркоз (маскалық, эндотрахеальдық). Операция жедел қан тоқтату, жарақат орнын шектеу бағытында жүргізілуі керек. Балаларда құрсақ қуысына жасалатын операция кезінде тек қана бір ағзаны қарамай, құрсақ қуысының ағзаларын толықтай операцияға арналған уақыт аралығында қарау керек. Жоғарыдағы талаптарды орындауға түрлі модификацияда қосымша көлденең және қиғаш, оң және сол жақтан жүргізілетін орталық операциялық кесу мүмкіндік береді. Балалардың құрсақ қуысындағы біріккен зақымданулардың клиникалық әлсіз симптомының маңыздылығын ескере отырып, құрсақ қуысына толық тексеріс жүргізілуі қажет.
Жоғарыдағы принциптерден ауытқып, асығыс жүргізілген операция ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Құрсақ қуысының қуысты ағзаларының зақымдануында операция құрсақ қуысының жергілікті инфекциялануын тежеуге, құрсақ қуысын толық құрғатуға және көрсеткқұрсақ бойынша зақымдану аймағына дренаж қоюға бағытталады.
Асқазан жыртылуы кезіндегі операция зақымдану сипатына байланысты. Баланың ауыр жағдайын ескере отырып, асқазан жыртылуында құрсақ қуысын құрғатып, тігіс салу әдісі қолданылады. науқастың қанағаттанарлық жағдайында күрделі оперативті әдістер қолданылады. Мысалы, асқазанның қалтқы(привратник) аймағындағы қабырғасы жыртылуы кезінде асқазанның пилорустық бөлімі, шолтығы (культя), 12 елі құрсақек бөлімдері кесіліп, асқазанның қалған бөлігіне артқы гастроэнтероанастомоз арқылы жалғастырылып тігіледі.
Құрсақектің жыртылуы кезінде зақымдалған аймақты тігумен шектеледі. Құрсақектегі бір-біріне жақын орналасқан зақымдалуларда және шажырқай жыртылуы кезінде құрсақек резекциясы жасалып, «соңы-соңына» анастомозы салынады. Онекі елі құрсақектің жыртылуы кезінде (біртіндеп жыртылуында) ойықтарды құрсақ арты кеңістігінде жеке тілу жасап, дренаждау арқылы тігеді. Он екі елі құрсақекке жүргізілетін оперативті емнің кез келген түрінде, ұзақ уақытқа он екі елі құрсақекке және ұйқы безіне тыныштық тудырады. Он екі елі құрсақек жарасына тігіс салынған соң, оның қуысына зонд енгізіліп, гастростома арқылы шығарылады, осы кезде науқастарға ұйқы бездің ингибитор ферменттері тағайындалады.
Балаларда көк бауырға жасалатын операциялардың барлығын екі топқа бөледі:
1) тампондау, спленография, көкбауыр резекциясы, көк бауырға тігіс салу, көкбауыр артериясын байлау және т.б.;
2) радикальді-спленэктомия.
Көптеген хирургтар спленэктомияны ең тиімді тәсілдерге жатқызады. Әдебиет мәліметтеріне және өз тәжірибемізге қарағанда, бауырдың жыртылуы кезіндегі гемостазаға спленэктомия арқылы жету тиімді әдіс. Операциядан кейінгі асқынуларды азайту мақсатында, операция құрсақ қуысын тұйық тігумен аяқталады.
Бауырдың жабық жарақаты кезіндегі оперативтік ем.
Бауырдың бүтіндігінің бұзылуына байланысты пайда болған қан кетулер мен бірқатар асқынуларды болдырмау мақсатында, операция ең қажетті де, маңызды әдіс болып табылады.
Қазіргі уақытқа дейін бауыр жыртылғанда қан тоқтату мақсатында, жараланған тамырды байлау қолданылады. Бұл әдіс М.Я. Кузнецов және Ю.Р. Пенский мен 1899 жылы ұсынылды. Зияткерлердің көрсетуі бойынша бауыр тамырлары қатпарлар арасымен кетеді, тамырлар құрамында эластикалық және дәнекер тінді талшықтар болады. Сондықтан жараланған бауыр тамырын қысқышпен (зажим) ұстап- тоқтатуға болады. Қан тоқтатылған соң және жараны тазалағаннан кейін жараланған бауырға тігіс салынады. Гепаторенальді, гемобилия, сол сияқты бауыр жарақатынан кейін болатын некробиотикалқ үрдестерді бірқатар асқынуларды болдырмау үшін, бауыр жарасына хирургиялық өңдеу жүргізілу керек. Бірақ кейде бауыр жарасына жету қиын болса, немесе қан кету қауіптілігі жоғары болғанда, хирург тек беткей, жақын жатқан бауыр бөліктерін қан ұйындысынан және детриттерден босатып, тазартады және тігіс салады. Бауыр тампонадасы тек қана, егер тігіс салу мүмкін болмаған жағдайларда, екіншілік қан кету қауіптілігі болғанда жасалады.
Тампонаданы дәкемен сонымен қатар құрсақ майы – шажырқаймен жасайды. Бірқатар теріс жағдайларға қарамастан (құрсақ қабырғасының жарасы біртіндеп немесе толық тігілмегенде, қысымның әсерінен бауыр тінінің некроздану қауіпі болғанда, тампонды алғаннан кейін болатын екіншілік қан кетулер, операциялық жараның іріңдеуі мен жыланкөздердің пайда болуы, операциядан кейінгі жарықтар, т.б.), дәкелік тампонада жиі қолданады. Дәкелік тампонаданың қарапайымдылығы, оның гемостатикалық оң нәтиже беретіндігі және жараланған өт жолдарынан өттің бөлінуін қамтамасыз етуі, өттік перитониттің дамуына жол бермейді.
Шажырқаймен тампонаданың бағалылығы, оның гемостатикалық әсері тромбокиназаның бөлінуімен түсіндіріледі. Оқшауланбаған шажырқайдың гемостатикалық қасиеті оқшауланған шажырқаймен ұқсас, бірақ биологиялық тұрғыдан қарағанда, оқшауланбаған шажырқай белсендірек (жасушалық элементтің оң әсері бауырдың купферов жасушаларына сәйкес келеді).
Бауыр жыртылуы кезінде төмендегі оперативті-техникалық әдістерге тоқталу керек:
1) Киари-Алферов операциясында бауырдың бос жиегін құрсақ астардың қабырға жағына тігеді. Жыртылу бауырдың бетінде орналасса және оның жоғарғы бөлігі көкет күмбездің астында орналасса, бұл операция жара беттерінің көкет күмбезімен және құрсақ қабырғаларымен жабысуына әкеледі. Бауырдың бұл фиксациясы, мүшенің төмен түсуінде қолданады. Бұл әдістің нәтижелігінен - көптеген зияткерлер қолдауына ие.
2) М.А. Рубанов операциясы - бауыр жарасынан кеткен қанды тоқтату үшін, үшбұрышты байламның сәйкес келмейтін әсеріне жетпей құрсақ қабырғасы бекитін жерді және көкет күмбезін бөліп тұратын орақ тәрізді байламды қолдану керектігін автор ұсынған. Босаған байламды пластырь ретінде иіп, жыртылған орынды жабады және оның жиектерін бауыр бетіне тігеді. Осы операция бауыр бетінің томпайған жарасында әртүрлі парасагитальді және басқа да жарақаттарда ұсынылады.
3) Б.В. Петровский (1952) бауырдың көкеттік беткейінің жарақатының жасау үшін айырмасы бар, көкет кесіндісін тәжірибе жүзінде қолданылып, үлкен табысқа жеткен.
4) Соңғы кездерде қан кету қауіптілігін азайту мақсатында бауыр тінінің некрозы мен өт ағуын азайту үшін, бауырдың атипиялық резекциясын жасау жөнінде мәселе қозғалған. Мұндай операция бауыр тамырларының топографиясы мен өт жолдарының сегментарлық орналасуын ескере отырып жасалады. Осыған байланысты жаңа термин пайда болды: «байқаулы» (урегулированная) бауыр резекциясы.
Бауырдың тұйық зақымдалуы кезінде хирургиялық ем қолдану тәжірибесінде бауырдың ауқымды жыртылуы және оның аса ауыр жағдайына байланысты резекция жасау мүмкін еместігіне көз жеткізіледі. Мұндайда операциялық араласу жараны өңдеумен және өлі тіндерді алумен шектеледі. Кейде болжамы жақсы кезде гемостатикалық пленкалармен және пластик заттармен резекциялық бөлікті жабу қолданылады. Бауыр резекциясының нақты техникасы Г.А.Баиров, Н.Л.Кущтың (1975) монографиясында көрсетілген.
Балалардағы үйқы бездің жарақаты консервативті ем нәтижесінде барлық жедел үрдістер басылады да, науқасханадан қанағаттанарлық жағдаймен шығарылады:

  • Консервативтік емдеу: ұйқы бездің максимальды түрде тыныштығы және секрециясын тежеу (тағамды шектеу, асқазан сөлінің қышқылдығын бейтараптау, холинолитиктер мен ганглиоблокаторларды қолдану;.

  • Дезинтоксикациялық ем, зат алмасу үрдісіндегі гемостаз бұзылысын компенсациясы, аздаған метаболитикалық және тағамдық аллергендердің элиминациясы (көктамырқұрсақіне 5-10% глюкоза, полиглюкин, гемодез, тұзды ерітінділер, витаминотерапия).

  • Ауырсынумен күрес, холедохпанкреатикалық өзектің спазмын басу, антиспазматикалық ауырсынуды басатын заттарды бұлшық ет, көктамыр, per os Губергейк, Шелагуров күрделі ұнтақтары және седативті терапия қолдану арқылы секреттің бөлінуін қалпына келтіру.

  • Гипосенсебилизациялық ем – тамырлардың қабырғасын қатайтатын препараттар, антигистаминді заттар.

  • Антиферменттік ем – протеолитикалық ферменттердің ингибиторын тағайындау, (аминокапрон қышқылы, трасилол, контрикал, т.б.)

  • Инфекцияны емдеу, инфекцияланудың алдын алу (қабынуға қарсы, антибактериалды ем).

  • Ұйқы бездің құрсақкі секреция бұзылысын қалпына келтіру (фермент алмастырушы препараттармен кешенді ем). Симптоматикалық ем, панкреатит кезінде плюровисцеральды зақымдануды жоюға бағытталған (зәр шығарудың, өт шығарудың, асқазан–құрсақек жолының моторлы функциясын, жүрек жұмысын, ұйқы бездің құрсақкі секреторлық функциясын тұзеу).

  • Мүмкін болатын қайталанудың (рецидив) және асқынулардың алдын алу (антикоагулянттар, кортикостероидтар, ұйқы бездің репаративті үрдісін жақсартатын синтетикалық, жануар, өсімдік туындыларынан алынған ферменттік ингибиторлар).

Ұйқы бездің жабық жарақаты кезінде оперативтік ем басты орын алады. Панкреатикалық сөл секреті бездің өзін–өзі қортылуына майлы жасушалардың некрозына, соңынан ауыр перитонитке әкеп соқтырады. Панкреатикалық сөлдің маңындағы тіндерге баяу әсер етуі жарақаттан кейінгі жалған торсылдақтардың түзілуіне әкеліп, операция жасалынады.
Баланы операцияға ерте алған жағдайда ошақты май некроздары болмайды.
Ұйқы бездің жыртылуы кезінде хирург тактикасында жүргізілетін іс–шаралар: құрсақ қуысын жақсылап құрғату, жұлынған тін бөліктерін алып тастау, шашақталған жараның бетін үнемдеп, қайшымен түзеп, капсуласына тігіс салынады. Егер бұл мүмкін емес болған жағдайда, жара бетіне тігіс салмай, ал жыртылған орынға тампон қою, дренажды түтік қолданылады.
Ең тиімді операция паренхиманың, өзектердің бұзылыстарын қалпына келтіру болып табылады. Алайда, езілген тіндер арасындағы өзектерді жалғау, әсіресе өзектерді табу қиынға соғады. Ұйқы бездің резекциясы, көлденең зақымдануы, құйрығының зақымдануы, кейіннен тұқыл перитонизацияға әкеледі. Егер ұйқы безі басының жұлынуы болса, шеттері 12 елі ішек немесе ащы ішекке қосымша энтероанастомозбен ішіне кіргізіледі. Операцияның негізгі мақсаты - ұйқы безі сөлін бос қуысқа бағыттап, некроз, перитонитті болдырмау.
Ол үшін ұйқы безі сөлі еркін ағып түсетін және құрсақ қуысының зақымдалған жерін еркін шектейтін дей етіп, тігіс аймағында тампонада жасау керек.
Ұйқы бездің торсылдағы аса көңіл аударуды қажет етеді. Осы патологияны емдеу кезінде операцияның келесі түрлері қолданылады: марсупиализация, құрсақкі дренаж салу (ащы құрсақекке, асқазанға). Балаларда көбінесе торсылдақ марсупиализациясы жасалады. Жабысқақ үрдестері қуыстың облитерациясына, торсылдақтың жойылуына әкеледі.
Асқынулар ерте және кеш болып бөлінеді. Ерте байқалатын асқынулар: гипертермиялық синдром, коллапс, өкпе қабынуы, плеврит, өкпе ателектазы. Кеш байқалатындар: перитонит, құрсақек өтімсіздігі, ішек эвентрациясы, операциядан кейін жараның іріңдеуі, гемобилия, бүйрек синдромы, көк ет астының абсцессі, магистральды тамырлардың тромбозы, ұйқы бездің құйрығының некрозы, плевра эмпиемасы т.б.
Балалардағы құрсақ қуысына жасалатын операциялар нәтижесіне келесі факторлар әсер етеді: а) операция сипаты, орындалу мерзімі; б) ағзаның зақымдалу түрі (бірлескен, қосарланған, бірлескен–қосарланған, жекеленген); в) шоктың дәрежесі мен қан кету көлемі. Балалардағы құрсақ қуысы жарақаты кезіндегі өлімділік көрсеткішінің төмендеуі жол апатының азаюынан, жол ережелерінің ұйымдастыруының жақсаруына, науқасты ерте госпитализациялап, қан кетуге, шокқа қарсы терапияны эффективті ұйымдастыруға, оперативтік көмекті ерте көрсетіп, операциядан кейінгі асқынуды алдын алуға байланысты.
Балалардың жабық құрсақ қуысы жарақаттарын емдеудегі кейінгі нәтижелері. Қазіргі кезге дейін көкбауыр қызметі жайлы пікір–талас басылмай отыр, соның құрсақінде спленэктомия жасалған науқастардың иммуноглобулин деңгейі төмендеу мүмкіндігі және олардың әр түрлі инфекциялық ауруларды қабылдағыштығының жоғарлауы жайында да болып отыр. Имунологиялық зерттеу кезінде мына мәліметтер анықталды: барлық зертеушілерде антистрептолизин титрі қалыпты деңгейде болды (1/165), С– реактивті белок болмаған, антигиалуронидоза титрі қалыпты деңгейдің жоғарғы шекарасында болған. (1/315) Жасушалық және гуморальдық иммунитет қалыпты көрсеткіштерден айырмашылығы жоқ (Т–РӨК, иммуноглобулиндер С, А, М). Жасалған зерттеулер нәтижелері спленэктомия жасалған науқастардың иммунологиялық фоны өзгермейтінін дәлелдейді. Көбінесе, спленэктомияның гемопоэз жүйесіне әсерін зерттеу үлкен қызығушылық тудырады. Өйткені көптеген клиникалық тәжірибелік зерттеулер нәтижелері көк бауырдың қан жасау және қан ыдырату үрдестерінде үлкен роль атқаратындығын көрсетеді. Біздің мәліметтер бойынша кейінгі уақыттарда (6 ай - 19 жас) лейкоциттердің жалпы көлемі қалыпты деңгейде болады екен. Зерттеулер нәтижесінің көбінде, лимфациттердің көлемі қалыпты деңгейдің жоғары шекарасында немесе одан сәл жоғары болды. Моноциттер көлемі орташа 9-10% болады, яғни, қалыпты деңгейдің жоғары шегінде көрінеді. Зерттеушілердің шамамен 1/3 бөлігінде эозинофелия анықталған (орташа 6% адамда), тромбоциттер саны қалыпты деңгейде. Жасалған тәжірибелерден мынадай қорытынды жасауға болады: зерттеу барысында анықталған перифериялық қан құрамында ғы лимфоцитоз, эритроциттер деңгейінің төмендеуі, эритроциттердің осмостық қысым резистенттілігінің жоғарлауы айтарлықтай болмағандықтан бала кезінде жабық жарақат әсерінен көкбауыр алынып тастаған адамдардың қалыпты өмір сүруіне спленэктомия ешқан құрамында й қиындық туғызбайды.
Балаларда болған бауырдың жабық жарақаты көптеген морфофункционалды өзгерістерге әкеледі. Бұл топтағы науқастарды тыңғылықты зерттеу қажеттілігінің маңызы бауыр қызметінің зақымдануын төмендетуде көмегін тигізеді. Кейіннен жасалған лапароскопиялық зерттеулер нәтижесінде ауырсыну синдромының негізгі себебі бауырдың зақымдалу аймағында, сонымен қатар алдыңғы құрсақ пердесі арасында және өт қабы аймағында орналасқан үлкен жабыспалы тыртықтану үрдесі болатыны анықталды.
Бауыр жарақатын алған науқастардың бауырын эхографиялық зерттеу кезінде қызықты мәлімет алынды. Аталған әдісті қолдану барысында өзгерістер тек емделген науқаста ғана бауырында емес, бұл бірінші дәрежелі зақымдалу алған науқастарда болды. Ал басқа зерттеулерде бауырдың әртүрлі эхографиялық өзгерістері анықталды. Бауыр паренхимасында қалыпты эхоқұрылым фонында әр түрлі формадағы және көлемдегі қарқынды тығыздану ошақтары анықталды. Бұл эхо-белгілердің пайда болуы жарақаттан кейін бауыр паренхимасында пайда болған тығыз тыртықты тіннен ультрадыбысты толқынның шағылысуынан болады.
Эхографиялық зерттеу кезінде, бауыр жарақатынан кейін түзілген тыртықталған тін аумағы операциялық атқарулар кезінде анықталған жара аумағынан үлкен екендігі анықталған және тыртықталған тін бауырдың басқа да жерлерінде анықталған, бірақ хирургтар жарақатты байқамаған. Кейбір науқастарда орталық тамырдың ірі артериалды бағанына хирургиялық өңдеу жасағанда, бауырдың сол жақ бөлігінің толық немесе толық емес атрофиясы түзілген. Кейбір зерттеулерде бауырдың оң жақ бөлігі тыртықты зақымдалғандарда, бауырдың сол жақ бөлігінің компенсаторлы ұлғаюы байқалған. Бұл ағзаның өте үлкен аумағы зақымдалғанымен, бауыр паренхимасының регенерациясы – заңды биологиялық үрдес болғандықтан, бауырдың функциясы сақталады. Бауырды сцинтилляционды камерада зерттеу және радиологиялық әдістер қызықты мәліметтер береді. Мектеп жасына сәйкес балаларда бауырдың ауыр зақымдалуына қарамастан, сцинтиграфиялық мәліметтер катамнезінде анықталған беткей жарақаттарды дәлелдейді. Ол жастағы балаларда бауыр паренхимасының жоғарғы репаративті мүмкіншіліктеріне байланысты. Жарақат орнында регенерат көрінеді және ол өзінің құрылымы бойынша зақымдалмаған бауыр тінінен ешқан құрамында й ерекшеленбейді. Ересек жастағы топқа сцинтиграфия жасалған кездегі мәліметтерге қарағанда бауыр жарақатының зақымдалу деңгейі мен алынған ақпарат арасында ешқан құрамында й пропорционалдық тәуелділік анықталған жоқ.
Кешенді зерттеу жүргізілген науқастардың катанамнезінде бауырдың жабық зақымдалуынан кейін, көбінде өт қабының морфофункционалды бұзылыстары анықталған.
Бала кезінде асқазан-құрсақек жолы жарақаты бойынша ем қабылдаған науқастарды катемнестикалық зерттеу барысында, оларда құрсақектің әр түрлі дәрежедегі дискенезиясы периодты кезеңде қайталанып тұратын құрсақ ауырсынуы, құрсақтің кебуі, құрсақ қатуы, тіпті кейде құрсақек өтімсіздігінің болуы анықталған. Зерттеулердің арасында ұйқы бездің әр түрлі бөлімдерінің жабық жарақаты бар науқастарда жарақаттан кейінгі қант диабетінің синдромдары көрініс берген жоқ. Осыған қарамастан, біздің пікіріміз бойынша, олар эндокринологтың және хирургтың тұрақты диспансерлік динамикалық бақылауында болуы керек.
Ұйқы бездің зақымдалуы болғанда тағамның қорытылуының және сіңірілуінің бұзылыстары жайында мәселелер шешілуі тиіс. Ол үшін нәжісті микроскопиялық қорытылмаған бұлшық ет талшығына және майларға зерттеледі.бірақ осы науқастардың ешқайсысында копрограммада нәжістен көп көлемде бұлшық еттік талшықтар мен қорытылмаған майлар анықталмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет